Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығы

Қазақстан Республикасының  
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбеде көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН     

Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.01.2016 N 182 Жарлығымен.

Р/с №

Атауы

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мерзімі

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

1.

Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2015 жылғы 2 наурызға дейін

2015 - 2019 жылдар

2015 жылғы 12 наурызға дейін

2.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

2014 жылғы 1 маусымға дейін

2015 - 2019 жылдар

2014 жылғы 1 шілдеге дейін

3.

«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

2012 жылғы 1 қарашаға дейін

2013 - 2019 жылдар

2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін

4.

Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

2013 жылғы 1 тамызға дейін

2013 - 2017 жылдар

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін

5.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

2015 жылғы 15 қарашаға дейін

2016 - 2019 жылдар

2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін

6.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

2016 жылғы 10 ақпанға дейін

2016 - 2019 жылдар

2016 жылғы 1 наурызға дейін

7.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

2010 жылғы 1 қазанға дейін

2011 - 2019 жылдар

2010 жылғы 1 қарашаға дейін

8.

Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2013 жылғы 30 қазанға дейін

2014 - 2019 жылдар

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады