Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 30, 260-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 828 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 260-құжат).

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы Жарлық қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде:

      1) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілері мен тапсырмаларын олардың орындалу мерзімдерін осы Жарлыққа сәйкес қайта қарап түгендеуді жүргізсін;

      3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 976 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар):

      1) Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру;

      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу тәртібін реттейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Осы Ереженің мақсаты:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, тапсырмалары және жолдауы жобаларын сапалы дайындауды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, тапсырмаларын және жолдауын толық және уақтылы орындауды қамтамасыз ету;

      2) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мемлекеттің лауазымды адамдарының келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына өзара жауапкершілігін белгілеу болып табылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі терминдер:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері - Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдері;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары - Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық іс-шаралардың және өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары мен Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалары;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау - мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапалы әрі уақтылы орындауын қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңмен бақылау іс-қимылдарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жиынтығы;

      3-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы - Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар - Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары мен мемлекеттік бағдарламалар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2016 № 402 Жарлықтарымен.

1-1. Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу

      Ескерту. Қағидалар 1-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3-1. Жыл сайын қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының мазмұнының негізгі тәсілдерін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.

      3-2. Қазақстан Республикасының Президентімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының негізгі тәсілдері орталық мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      3-3. Орталық мемлекеттік органдар 1 қарашадан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына ұсыныстар жібереді.

      3-4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 10 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақталған ұсыныстарды қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      3-5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 20 қарашаға дейін қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан орталық мемлекеттік органдармен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына бұрын жіберілген жинақталған ұсыныстарды түзету жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      3-6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 25 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақталған ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.

      3-7. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақтап қорытылған ұсыныстар қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.

      3-8. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасын қарайды, қажет болған жағдайда пысықтайды және Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына енгізеді.

      3-9. Қазақстан Республикасының Президенті жолдауының жобасын дайындауда өзгеше тәртіп және оны дайындау мерзімдері белгіленуі мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын
дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі

      4. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын дайындауды:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі);

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет);

      3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар;

      5) Алып тасталды – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

      6) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

      5. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар құзыретіне сәйкес өз бастамашылығы бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.

      6. Үкімет, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар дайындаған, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің тиісті бланктердегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулысымен немесе Қазақстан Республикасының Президентіне жіберілетін Премьер-Министрдің ілеспе хатымен енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

      7. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Әділет министрлігі), бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшылары, Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы міндетті түрде виза қояды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

      8. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің тиісті бланктердегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалары Президент Әкімшілігіне осы органдардың бірінші басшылары қол қойған хаттармен енгізіледі.

      9. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік органдар енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы виза қоятын судьяларды қызметке тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның басшылары және қажет болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы міндетті түрде виза қояды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 08.02.2016 N 191 Жарлығымен.

      10. Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына және оған қосымшаларға жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы, егер акт жобасы екі және одан да көп парақтан тұрса, акт жобасының бірінші парағын қоспағанда, әр парағына алдын ала қол қояды.

      11. Енгізіліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына:

      1) үш парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша - бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба қоса беріледі, онда мәселенің мәні, әлеуметтік-экономикалық және қажет болған кезде саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, актіні қабылдаудың күтіліп отырған салдарының болжамы, Қазақстан Республикасы Президентінің осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актілерінің тізбесі мен олардың орындалуы туралы ақпарат баяндалады.

      Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына түсіндірме жазбаға - Премьер-Министр, ал Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар енгізетін түсіндірме жазбаға әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды;

      2) егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы салалық мүдделері жобада тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;

      3) егер акт Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін жағдайда әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Қазақстан Республикасының Президенті актісінің қолданыстағы және ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі;

      4) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған келісу парағы;

      5) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасымен белгіленетін тікелей құзыреті болған кезде әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дәйектеген, қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің енгізілетін жобасын іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;

      6) акт жобасында мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адамның бұрыштамасы болған жағдайда, оған осы міндеттердің жүктелгені туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі:

      7) өзге қажетті материалдар қоса беріледі.

      12. Қазақстан Республикасы Президентінің Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталып енгізілетін актісінің жобасына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшыларының визалары бар, бұрын Үкіметке енгізілген Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қоса беруге жол беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

      13. Жобалар (оның ішінде электрондық түрде) Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі - БЭҚАЖ) арқылы беріледі.

      14. Алып тасталды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

      15. Қазақстан Республикасы Президентінің:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің өкілеттігін қозғайтын актілері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен келісіледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін актілерінің жобалары, сондай-ақ Үкіметтің бастамашылығымен дайындалатын актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қойған қолымен бекітіледі;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттігін қозғайтын актілері осы мемлекеттік органдардың басшыларымен келісіледі.

      16. Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкестігі;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігі;

      3) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі;

      5) ұсынылатын актіні қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларын айқындау;

      6) барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі;

      7) заң техникасы мен іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі;

      8) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі;

      9) осы Ереженің өзге де талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402 Жарлығымен.

      17. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына сараптама Президент Әкімшілігінде, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы өзге мерзім белгілемесе, олар келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына сараптама нәтижелері Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің сараптама қорытындылары түрінде ресімделеді.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы бойынша қарсылықтар болмаған жағдайда Президент Әкімшілігінің бірлесіп орындаушы болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылар дайындауы талап етілмейді, олардың сараптамаларының нәтижелері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының бұрыштама қоюы арқылы ресімделеді.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      18. Қазақстан Республикасы Президентінің стратегияларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте, дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамалар мен доктриналарды бекіту туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402 Жарлығымен.

      19. Егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында кемшіліктер анықталған жағдайда немесе олар бойынша жұмыс тәртібімен жөнделуге болатын қарсылықтар болса, онда Президент Әкімшілігі Басшысының немесе оның тиісті орынбасарының шешімі бойынша жоба Президент Әкімшілігінде әзірлеуші мемлекеттік органның қатысуымен пысықталуы мүмкін.

      Бұл ретте кемшіліктер немесе қарсылықтарды жою және қажеттілігіне қарай қайта акт жобасын қайта келісу, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе оның тиісті орынбасары өзгеше мерзім белгілемесе, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      20. Егер жоба бойынша кемшіліктер немесе қарсылықтар елеулі болса және оларды Президент Әкімшілігінде қарау барысында жою мүмкін болмаса, онда Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша актінің жобасын енгізген мемлекеттік органға пысықтау үшін қайтарылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы пысықталғаннан кейін Премьер-Министрдің ілеспе хатымен не Үкіметтің құрылымына кірмейтін әзірлеуші мемлекеттік органның хатымен Қазақстан Республикасының Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы белгілеген мерзімде қайтадан енгізіледі.

      21. Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізілетін актінің жобасына Президент Әкімшілігінің Басшысы, міндеттерінің бөлуіне сәйкес Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері бұрыштама соғады.

      Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы бұрыштама соғады.

      Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Президент Әкімшілігінің Басшысы оны Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына ұсынады.

      22. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін жариялау "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.06.2016 N 275 Жарлығымен.

      23. Президент актілері қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      24. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін ресімдеу (оның ішінде заң техникасы, деректемелер, ішкі құрылымы бөлігінде), оларды тіркеу, тарату, жариялау және сақтау тәртібін Президент Әкімшілігі айқындайды.

      25. Актілердің жобаларын дайындау кезінде Қазақстан Республикасының Президенті оларды дайындаудың, келісудің және қол қоюға ұсынудың өзгеше тәртібі мен мерзімдерін белгілеуі мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының
жобаларын дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі

      26. Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау:

      1) өңірлік сапарларды;

      2) халықаралық іс-шараларды;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шараларды және кеңестерді өткізу кезінде жүзеге асырылады.

      27. Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін өңірлік сапарларды, қоғамдық маңызды іс-шараларды және кеңестерді дайындау тәртібін Президент Әкімшілігі белгілейді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларды дайындау ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      28. Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау кезінде көтерілетін мәселелердің пысықталуы және:

      1) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін;

      2) нәтижелілігі мен тиімділігін;

      3) орындалу мерзімдерінің шынайылығын;

      4) экономикалық орындылығы мен ресурстармен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, барлық мүдделі органдармен келісілуі ескеріледі.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      29. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал халықаралық іс-шараның қорытындылары бойынша екі жұмыс күні ішінде оны қарауды және келісуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте іске асырылуы қаржыландыруды талап ететін тапсырмалардың жобалары міндетті түрде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

      30. Мемлекеттік органдар:

      1) жергілікті атқарушы органдар - өңірлік сапарлар бойынша;

      2) алып тасталды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен;

      3) орталық мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен кеңестер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткізілетін алдағы іс-шаралар шеңберінде Премьер-Министрмен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген тапсырмалардың жобаларын Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде он бес жұмыс күні қалғанда ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

      31. Егер Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмасының жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, онда Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі Әкімшілік Басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен келісім бойынша тапсырманың жобасын жұмыс тәртібімен пысықтауы мүмкін.

      Бұл ретте, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе оның тиісті орынбасары өзгеше мерзім белгілемесе, кемшіліктерді немесе қарсылықтарды жою және қажеттілігіне қарай тапсырма жобаларын қайтадан келісу бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      32. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда Президент Әкімшілігінің Басшысына ұсынады.

      33. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін өңірлік сапарлардың, қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен кеңестердің, сондай-ақ халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының әзірленген жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, Премьер-Министрмен келісуді қамтамасыз етеді және оны жеті жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне енгізеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

      34. Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасының жобасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қаралуын, оның ішінде осы Ереженің 28-тармағына сәйкестігі тұрғысынан қаралуын, сондай-ақ оның Президенттің бұрын берілген тапсырмаларымен қосарлануын болдырмауды қамтамасыз етеді және оң қорытынды болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізеді. Теріс қорытынды болған жағдайда ескертулермен қатар, қажет кезде, қойылған мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары мен тетіктері көрсетіледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      35. Тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде Қазақстан Республикасының Президенті оларды дайындаудың өзгеше тәртібі мен мерзімдерін белгілеуі мүмкін.

3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 3-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      35-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      35-2. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауынан кейін үш жұмыс күні ішінде орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде осы Жарлыққа 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      35-3. Орталық мемлекеттік органдардан жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      35-4. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан мемлекеттік органдармен келісілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын түзету бойынша ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      35-5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органнан ұсыныстарды алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      35-6. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.

      35-7. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      36. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды:

      1) Үкіметке, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қатысты - Президент Әкімшілігі;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қатысты - Үкімет;

      3) ведомстволық бағынысты ұйымдар мен лауазымды адамдарға қатысты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      37. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бақылау объектілері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілерінің тармақтары;

      2) халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары;

      5) "Бақылауға алынды" деген мөртабан болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары.

      38. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылау:

      1) қажетті ақпаратты талап ету;

      2) атқарылуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

      3) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге нысандары;

      4) жергілікті жерге барып тексеру жолымен;

      5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын субъектілер мынадай лауазымды адамдар болып табылады:

      1) мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысы жалпы басшылық пен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) жауапты хатшы, мемлекеттік орган аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      Көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.

      40. Халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау үшін жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      41. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі олар мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

      42. Атына тапсырма берілген және өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар отырыстан (кеңестен) кейін дереу, отырыс (кеңес) хаттамасы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің қол қойылған тапсырмасы өздеріне түскенін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

      43. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында көрсетілген мерзімде қамтамасыз етіледі.

      Егер "Бақылауға алынды" деген мөртабаны бар тапсырмаларда мерзімі көрсетілмесе, онда олар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігінің атына ақпарат енгізіле отырып, бір ай мерзімде орындалады. Өзге жағдайларда ақпарат Президент Әкімшілігінің қосымша сауалына сәйкес белгіленген тәртіпте ұсынылады.

      44. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.

      45. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары белгіленген орындалу мерзімі ескеріле отырып, бақылаудың мынадай түрлеріне қойылады:

      1) шұғыл - "өте шұғыл" деген белгісі барлары үш жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жылдамдатылсын" - он жұмыс күніне дейін;

      2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;

      3) орта мерзімді - бірден алты айға дейін;

      4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.

      46. Егер Президент Әкімшілігінен келіп түскен акті мен тапсырмада мәселені мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлесіп қарауы көзделетін болса, онда ақпаратты қорыту мен Президент Әкімшілігіне беру үшін акті мен тапсырмада бірінші немесе атауының жанында "(жинақтау)" белгісі тұрған мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы жауапты болып табылады.

      46-1. Қазақстан Республикасы Президентінің кешенді және ведомствоаралық сипаты бар, орындалу мерзімі алты айдан астам актілері мен тапсырмаларын орындау екі және одан да көп мемлекеттік органның құзыреті шегінде оларға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/ортадағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда:

      1) Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасын әзірлейді және қажет болған жағдайда орындаушы мемлекеттік органмен келіседі;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасының негізінде орындаушы мемлекеттік орган тұжырымдама бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Ережеге 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.

      Бұл ретте іске асырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленбейді.

      Ескерту. 4-бөлім 46-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      46-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын орындау мерзімі айқындалып, сондай-ақ орындау нәтижелерінің мақсатты және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасау тәртібі қамтылады.

      Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) оның бірінші басшысы Президент Әкімшілігімен, сондай-ақ егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттігіне қатысты болған жағдайда Премьер-Министрмен (не оның міндетін атқаратын адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін бекітеді.

      Әзірлеушісі өзге, орталық немесе жергілікті атқарушы орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) немесе ол уәкілеттік берген Премьер-Министрдің орынбасары Президент Әкімшілігімен келіскен соң бекітеді.

      Ескерту. 4-бөлім 46-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      46-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда, мемлекеттік органдардың осы Ереженің 47-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарларын бекітуі талап етілмейді.

      Ескерту. 4-бөлім 46-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      46-4. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасын және ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) жасау тәртібі мен оның мазмұнына қойылатын талаптарды Президент Әкімшілігі айқындайды.

      Ескерту. 4-бөлім 46-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      47. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітіледі.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      47-1. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар жоспарын жасау кезінде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының үйлестіруі көзделеді.

      Ескерту. 4-бөлім 47-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      47-2. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылау, сондай-ақ жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингі арқылы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жеке тармақтарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынады;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақталған ақпаратты Үкіметке жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін ұсынады;

      3) Үкімет жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақталған ақпарат қаралғаннан кейін оны Президент Әкімшілігіне жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынады.

      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат осы Жарлыққа 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;

      4) Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.

      Ескерту. 4-бөлім 47-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402 Жарлығымен.

      48. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасында "өте шұғыл", "шұғыл" және "жылдамдатылсын" деген белгілер болса, онда Президент Әкімшілігі тез арада (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органға (ұйымға) және бірлесіп атқарушы мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) хабарлайды.

      49. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар) актілер мен тапсырмаларды орындаған кезде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға):

      1) "өте шұғыл" деген белгісі бар шұғыл бақылауға қойылғандары туралы тапсырма түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жылдамдатылсын" белгісі барлары туралы - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) қысқа мерзімді бақылауға қойылғандары туралы, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) орта мерзімді бақылауға қойылғандары туралы, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;

      4) ұзақ мерзімді бақылауға қойылғандары туралы, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын енгізеді.

      49-1. Осы Ереженің 39-тармағында көрсетілген бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапасыз орындалуына және уақтылы орындалмауына дербес жауапты болады.

      Ескерту. 4-бөлім 49-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      50. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қамтуға тиіс.

      50-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігіне Үкімет жіберетін ақпаратқа, оларға Қазақстан Республикасының Президенті не Президент Әкімшілігінің Басшысы берген тапсырмалар бойынша, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қояды.

      Ескерту. 4-бөлім 50-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      50-2. Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет жіберетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу жай-күйі туралы қорытынды ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) немесе оның орынбасары қол қояды.

      Ескерту. 4-бөлім 50-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде беріледі.

      Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402 Жарлығымен.

      52. Егер Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, онда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігіне дәлел келтірілген негіздемемен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      53. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бір реттен асырмай жол беріледі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      54. Актілер және/немесе тапсырмалар тармақтарының мерзімін қайта ұзартуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша, саяси мемлекеттік қызметшілерді және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарай отырып, жол беріледі.

      54-1. Орындалу мерзімі үш айдан асатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының мерзімін қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін, Президент Әкімшілігіне орындалу мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның қорытындысы бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.

      Ескерту. 4-бөлім 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      55. Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзарту туралы екі реттен артық ұсыныс енгізілген жағдайда мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) бірінші басшыларын жазалау туралы мәселе қаралады.

      56. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалу мерзімін ұзартуды тек Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.

      57. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін:

      1) олардың толық және сапалы орындалуы;

      1-1) бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа тапсырмасы;

      2) туындаған объективті жағдайларға орай орындаудың мүмкін еместігі негіз болып табылады.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      58. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін орындауға жауапты мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы Президент Әкімшілігіне орындаудың нәтижелерін не туындаған объективті жағдайларға орай оны орындаудың мүмкін еместігін көрсетіп хат енгізеді.

      59. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның), ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының бұрымшамаларымен ресімделген оның келісімі не қол қойылған Заңның, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің қабылданған актісі негізінде Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген орынбасары жүзеге асырады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      60. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалуын бақылаудан алуды тек Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.

      61. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент Әкімшілігі Басшысының ол уәкілетті берген орынбасары бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.

      62. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу жай-күйі және бақылау нәтижелері туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы кемінде жартыжылдықта бір рет және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.

      62-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жартыжылда кемінде бір рет Үкімет отырысында, мемлекеттік органдардың алқа отырыстарында және ұйымдардың жиналыстарында қаралады.

      Ескерту. 4-бөлім 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу тәртібі

      63. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына (бұдан әрі - жарлықтар) мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылу тиімділігін бағалау мен оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін жүргізіледі.

      64. Жарлықтарға мониторингті оларды әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізеді.

      65. Әзірлеушісі Президент Әкімшілігі болып табылатын жарлықтар бойынша мониторингті оларды тікелей әзірлеген оның құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

      66. Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 08.02.2016 N 191 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 21.02.2018 № 642 Жарлығымен.

      67. Жарлықтарға мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, берілетін ақпаратқа қойылатын талаптар, сондай-ақ жарлықтарға мониторинг жүргізу мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен жарлықтардың әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін Президент Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен.

      68. Жарлықтарға мониторинг жүргізу үшін пайдаланылатын олар туралы ақпаратты жинақтау, есепке алу және сақтау мақсатында Президент Әкімшілігі жарлықтардың электрондық түрдегі тіркелімін жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының жобаларын
дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну,
Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтарына
мониторинг жүргізу ережесіне
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлығының, өкімінің жобасын келісу
ПАРАҒЫ

      Жобаның атауы: ______________________________________________________

      Жобаны кім және қашан енгізді _______________________________________

      Әзірлеуші ___________________________________________________________

      Осы мәселе бойынша Президенттің бұрын қабылданған актілері (күні және

      №): _________________________________________________________________

      Жобаны келісу нәтижелері: ___________________________________________

Алынған күні

Мемлекеттік органдар, басшылар, құрылымдық бөлімшілер

Нақты кіммен келісілді (тегі, аты, әкесінің аты)

Келісу нәтижелері (белгі немесе қолы, күні)

Қайтарылған күні

1

2

3

4

5






















      Мемлекеттік құқық бөлімінің қорытындыны табыс еткен күні: _____

      Бөлімдердің корытындыларды табыс еткен күні:

      ________________________________ Қайтарылған күні: ____________

      ________________________________ Қайтарылған күні: ____________

      ________________________________ Қайтарылған күні: ____________

      Келіп түскен күні: ____________________________________________

      редакциялық сараптама жасау үшін

      Жалпы бөлімге: _________________ Қайтарылған күні: ____________

      Жобаның өтуі туралы ерекше белгілер ___________________________

      _______________________________________________________________

      Редакциялық сараптама және шешім шығару секторына

      келіп түскен күні: _____________ қабылдаған ___________________

Жарлық (өкім) жобасына қоса берілген құжаттардың
ТІЗБЕСІ

Р/с №

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі мен күні

Парақ саны

1.

Жарлық (өкім) жобасы



2.

Жобаға түсіндірме жазба



3.

Жіберу көрсеткіші



4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері



5.

Қол қойылған Жарлықтың (өкімнің) көшірмесі



6.

Мемлекеттік орган басшысының міндетін уақытша атқару туралы



7.

бұйрықтың көшірмесі



8.




9.





      Редакциялық сараптама және шешім шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы ___________ құжат келіп түсті, оларда ___________ парақ

      ________________

      Қолы_________ күні__________

  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау, келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-1-ҚОСЫМША

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.04.08 № 295 Жарлығымен, жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орын

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.





2.





...





  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау. келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-2-ҚОСЫМША

      КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

      ______________________ ______________________

      20 _____ жылғы ___ №__ 20 _____ жылғы ___ №__

Ұйымдастыру іс-шаралары жоспары
(жол картасы)

      Ескерту. Қағидалар 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Құжаттың түрі:

      Тапсырманың мазмұны:

      Аралық бақылау мерзімі:

      Соңғы орындалу мерзімі:

      Жауапты орындаушы мемлекеттік орган:

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы)

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалу индикатарлары

Әкімшіліктің бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшесі

1-кезең. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары

1







2







2-кезең. Іс жүзіне асыру

1







  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау, келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-3-ҚОСЫМША

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының
орындалу барысы туралы
АҚПАРАТ

      Ескерту. Қағидалар 1-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402 Жарлығымен.

Р/с №

Жоспар тармағының №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қабылданған шаралар және қол жеткізілген нәтижелер

Тармақты іске асыру бойынша жақын арадағы перспективаға арналған іс-қимыл жоспары

Орындалу барысын бағалау және кейінгі бақылау бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.









2.









...









  Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының жобаларын
дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну,
Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтарына
мониторинг жүргізу ережесіне
2-ҚОСЫМША

Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу
барысы туралы ақпарат беру
НЫСАНЫ*

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.12.2016 № 402 Жарлығымен.

      1. Тапсырманың деректемелері:

      тапсырма қамтылған құжаттың атауы (хаттама, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және т.б.);

      құжаттың нөміріне, күніне және тапсырма тармағына сілтеме;

      жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;

      орындаудың бастапқы мерзімі;

      ұзартылған орындау мерзімінің күні (егер ол бар болса).

      2. Тапсырманың мазмұны:

      тапсырманың мазмұны;

      тапсырманың маңызы мен күрделілігін мемлекеттік органның (ұйымның) пайымдауы (түсінуі);

      тапсырманы іске асыруға бағытталған іс-шаралар тізбесі, олардың орындылығы мен іске асырылу мерзімдерінің (кезеңдер бойынша) негіздемесі.

      3. Есепті кезеңде тапсырманы іске асыру қорытындылары:

      тапсырманы іске асыруға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы;

      өткізілген іс-шаралардан кейін қол жеткізілген нәтиже;

      тапсырманы орындау нәтижелері бойынша нақты: "орындалды", "ішінара орындалды", "орындалған жоқ" деген тұжырымдар берілген өзіндік бағалау. Екінші және үшінші жағдайларда ақпаратта Әкімшілік Басшысына жиынтық баяндама дайындау кезінде тапсырманы ішінара орындаудың немесе орындамаудың объективтілігін растайтын ресми құжаттарға сілтемемен бірге себептері міндетті түрде көрсетіледі. Қорытынды ақпаратқа орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы қол қоюға тиіс.

      *Іс-шаралар жоспарын жасауды немесе құкықтық акт шығаруды талап етпейтін жедел сипаттағы тапсырмалардан, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан басқа

  Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының жобаларын
дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну,
Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтарына
мониторинг жүргізу ережесіне
3-ҚОСЫМША

Президент Әкімшілігіне әзірлеуші орган ұсынатын стратегиялық
және бағдарламалық құжаттың іске асырылу барысы туралы
ақпаратты беру
НЫСАНЫ*

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының жобаларын
дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну,
Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтарына
мониторинг жүргізу ережесіне
4-ҚОСЫМША

Президент Әкімшілігіне Экономикалық даму және сауда министрлігі
ұсынатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттың іске асырылу
барысы туралы ақпаратты беру
НЫСАНЫ*

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының жобаларын
дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну,
Қазақстан Республикасы Президентінің
актілері мен тапсырмаларының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтарына
мониторинг жүргізу ережесіне
5-ҚОСЫМША

Президент Әкімшілігіне Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті ұсынатын стратегиялық және
бағдарламалық құжаттың іске асырылу барысы туралы
ақпаратты беру
НЫСАНЫ*

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады