Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі жоба) қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 1009 Жарлығы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі жоба) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі жоба) қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы 21 маусымдағы
№ 1009 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН     

Жоба

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы 2010 жылғы _______________ келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы уағдаласады:

1-БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда Қарыз туралы Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдердің оларға Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда бекітілген мәндері болады.

2-БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келісімге 1-қосымшада сипатталған жобаны (Жоба) қаржыландыруды қолдау үшін осы Келісімде жазылған немесе көрсетілген мерзімге және шарттарда он жеті миллион АҚШ долларына тең ($17,000, 000), (Қарыз) соманы беруге келісті.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның 4-бөліміне сәйкес алуға құқығы бар.
      2.03. Қарыз алушы Банкке Қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасының (0,25 %) төрттен бір пайызына тең комиссия төлейді. Қарыз алушы комиссияны осы Келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
      2.04. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең ішінде Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР Базалық ставкасына оған пайызды есептеудің әр кезеңіне құбылмалы спредті қосқанға тең ставка бойынша сыйақы төлейді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер алынған қарыз қаражаты сомасының кез келген бөлігі уақтылы төленбей қалған және отыз күннің ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлеуге жататын сыйақы мөлшері Жалпы шарттардың 3.02 (d) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептелуі тиіс.
      2.05. Төлем күндері - әр жылдың 15 сәуірі және 15 қазаны.
      2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімнің 3-қосымшасында белгіленген өтеу кестесіне сәйкес төлейді.

3-БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы Жобаның мақсаттарын өзінің жақтайтынын мәлімдейді және осы мақсатта Жалпы шарттардың 5-бабының ережелеріне сәйкес осы Жобаны Салық комитеті арқылы жүзеге асырады.
      3.02. Осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелері шектелмей, және егер Банк пен Қарыз алушы арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.

4-БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; КҮШІН ЖОЮ

      4.01. Осы Келісім мынадай шарттар сақталған жағдайда күшіне енеді:
      (а) Қарыз алушының құрамында ресурстары және техникалық тапсырмасы бар Банк үшін қанағаттарлық ЖБК құруы;
      (b) Қарыз алушы Банк үшін қанағаттарлық, құрамына қаржылық басқару жөніндегі консультант және сатып алу жөніндегі консультант кіретін, құрамында ресурстары және техникалық тапсырмасы бар ЖІТ құруы;
      (с) жоба бойынша транзакцияларды есепке алуды қамтамасыз ету және есептілікке қойылатын талаптарды сақтау мақсатында Банк үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық басқаруды жүргізу жөніндегі қанағаттарлық бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту;
      (d) Қарыз алушының Банк үшін қанағаттарлык Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықты қабылдауы;
      (е) Қарыз алушының Банк үшін қанағаттарлық Жобаны іске асыру жөніндегі Жоспарды қабылдауы.
      4.02. Күшіне енудің шекті мерзімі осы Келісімге қол қойылған күннен кейін 180 (жүз сексен) күн өткен соң аяқталады.

5-БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

      5.01. Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.
      5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
      Қаржы министрлігі, Жеңіс даңғылы, 11 Астана, 010000 Қазақстан Республикасы

      Телекс:                            Факс:
      265126 (FILIN)                     7-7172-717785

      5.03. Банктің мекенжайы:
      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
      1818 Н Street, N.W.
      Washington, D.С. 20433
      United States of America

      Телеграф:          Телекс:                       Факс:
      INTBAFRAD          248423 (MCI) немесе 64145     1-202-477-6391
      Washington, D.С.   (МСІ)

      ____________, _______________, жоғарыда көрсетілген күні және жылы КЕЛІСІЛДІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

Уәкілетті өкіл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН

Уәкілетті өкіл

1-ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаты: (і) салық төлеушілердің салық заңнамасын ерікті түрде сақтау деңгейін арттыру үшін Қарыз алушының салықтық әкімшілендіруін реформалау және нығайту; (іі) салықтарды төлеуден жалтаруға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру және (ііі) әкімшілік тиімділікті арттыру және сыбайлас жемқорлық үшін әлеуетті азайту болып табылады.
      Жоба мынадай құрамдауыштардан тұрады:
      1-құрамдауыш: Ииституционалдық даму
      Тауарларды, консультациялық қызметтерді, оқыту бағдарламалары мен операциялық шығыстарды мынадай іс-шаралар үшін қаржыландыру:
(а) Салық комитетінің орталық аппаратының, облыстар мен аудандардағы салық органдарының ұйымдық құрылымын егжей-тегжейлі шолу және ұйымдық құрылымын әзірлеу; (b) штат пен жүйелерді функционалдық ұтымды ету негізінде СК-нің жергілікті жерлердегі кеңселерін қайта ұйымдастыру және шоғырландыру; (с) салықтық әкімшілендірудің басқару құрылымын және шешім қабылдау моделдерін талдау және реформасы; (d) кадр саясатын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы егжей-тегжейлі шолу және шолуы және жоспарлау жүйесі мен реформаланған штаттың даму стратегиясын әзірлеу; (е) кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін және Салық комитетінің ақпараттық технологиялар жүйесімен және оның электронды үкіметтің шлюзімен ықпалдасуын шолу; (f) кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесі үшін жабдықтарды және лицензияларды жаңартуы; (g) салықтық әкімшілендіру қызметкерлері үшін стратегиялар және оқыту бағдарламаларын әзірлеу; (h) салықтық әкімшілендіруге арналған оқыту орталығы үшін техникалық-экономикалық негіздеме дайындау (і) оқыту орталығы және қашықтықтан оқыту жүйесі үшін техникалық инфрақұрылым әзірлеу; сондай-ақ (j) басқару/кадрлар және тіл курстары мәселелері бойынша оқыту сапарын және трениингін ұйымдастыру арқылы салықтық әкімшілендіру әлеуетін өрістету.
      2-құрамдауыш: Операциялық даму
      Тауарларды, консультациялық қызметтерді, оқыту бағдарламалары мен операциялық шығыстарды мынадай іс-шараларды қаржыландыру жолымен қаржыландыру: (а) салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін шолу және жаңғырту; (b) салық төлеушілер үшін біріктірілген деректер қорын әзірлеу; (с) тиісті мемлекеттік органдармен деректер/ақпаратпен алмасу рәсімдерін жетілдіру; (d) салықтық әкімшілендіру үшін жалпыға бірдей декларациялау әдіснамасын әзірлеу; (е) тәуекелдер негізінде аудит объектілерін іріктеу әдіснамасын әзірлеу (f) нарық туралы мәліметтерді жинаудың талдамалық әдістерін әзірлеу, салық заңнамасын сақтау үрдісін айқындау және тәуекелді қабылдауды, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру үшін ағымдағы аудиторлық тексерулердің ақпаратын пайдалану; (g) камералдық бақылаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу; (h) басқа ведомстволармен ақпарат алмасу хаттамасын және үшінші тараптардың ақпаратын және жанама әдістерді пайдалану рәсімдерін әзірлеу; (і) жергілікті салық жөніндегі өкілеттікті жергілікті билік органдарына беру мүмкіндіктерінің моделдерін айқындау; (j) салықты мәжбүрлеп жинауды және берешектерді басқаруды жетілдіру; (k) Қазіргі заманғы кол-орталықтың, білімдердің деректер базасының, салық төлеушілердің шоттарына вэб-қолжетімділіктің дизайны және «бірыңғай клиент» бағдарламалық қамтамасыз ету; (l) салықтық әкімшілендіру үшін апелляциялардың ведомстволық жүйесін шолу және реформалау; (m) мамандандырылған салық соттарын құру; (n) кеден одағы шеңберінде үйлестіру хаттамасына сәйкес ҚҚС тіркеу жүйесін қайта қарау; (o) кеден одағы үшін ҚҚС бойынша ақпарат алмасу жүйесін әзірлеу; (p) ҚҚС өтеу бойынша автоматтандырылған жүйе құру; (r) акцизделетін салықтарды салу рәсімін шолу және реформалау; (q) автоматтандырылған сұрау салулар мен экономикалық мониторингті қоса алғанда, резидент еместерге Салық салу жүйесін жетілдіру; (s) салық соттарының судьяларына арналған тренингтерді қоса алғанда, жоғарыда көрсетілген іс-шаралар бойынша оқыту сапарларын және тренинг ұйымдастыру арқылы салықтық әкімшілендірудің әлеуетін өрістету; (t) салықтық әкімшілендірудегі бизнес-процестердің реинженерингі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді беру; сондай-ақ (u) көшпелі тексерулер үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді және ноутбуктер беру. 
      3-құрамдауыш: АТ-Инфрақұрылымын дамыту
      Тауарларды, консультациялық қызметтерді, оқыту бағдарламалары мен операциялық шығыстарды мынадай іс-шараларды қаржыландыру жолымен қаржыландыру: (а) АТ-жаңғыртуды ұйымдастыруды және басқарудағы әлеуетті өрістету; (b) біріктірілген салықтық ақпараттық жүйені дамыту; (с) деректер қорын дамыту; (d) деректерді өңдеу орталықтары (ДӨҚ) үшін тұжырымдамалар, сәулет пен қосымшалар әзірлеу; (е) басып шығару және тарату жүйесін қоса алғанда, орталық және облыстық ДӨҚ құру; (f) дыбыстық желілер мен деректер желілерін әзірлеу; (g) кол-орталық құру; (h) бейне-конференцияларға арналған үй-жайларды жарықтандыру; (і) тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту; сондай-ақ (j) АТ-инфрақұрылым үшін кіші жүйелерді дамыту.
      4-құрамдауыш: Жобаны басқару
      Жобаны үйлестіру, іске асыру және басқаруды қолдау үшін Салық комитетінің тауарларын, консультациялық қызметтерін, оқыту бағдарламалары мен операциялық шығыстарын қаржыландыру.

2-ҚОСЫМША Жобаның орындалуы

1-бөлім. Іске асыру тетіктері

      А. Қарыз алушы мынадай институционалдық және басқа да уағдаластықтарға сәйкес Жобаны іске асыруды жүзеге асырады:
      1. ЖІТ Жобаны, стратегиялық басшылықтың, сондай-ақ Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес жалпы үйлестіруді қадағалау үшін барлық жауапкершілікте болады.
      2. Қарыз алушы Салық комитеті арқылы Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыруды жүзеге асырады және оған алдын ала Банктің мақұлдауынсыз басқаларға беруіне, өзгерістер енгізуіне, тоқтатуына немесе Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықтың және Жобаны іске асыру жоспарының қандай да бір ережелерін бермеуге, өзгерістер енгізбеуге, тоқтатпауға немесе бас тартпауға тиіс.
      3. Жобаның бүкіл іске асырылуы ішінде Қарыз алушы Банк үшін қанағаттанарлық ЖБК мен ЖІТ құрамдарын, ресурстарын және техникалық тапсырмаларын қамтамасыз етуі тиіс.
      4. Қарыз алушы өзінің жылдық бюджетінде Жобаның бекітілген жылдық сатып алу жоспарына енгізілген келісімшарттар бойынша барлық міндеттемелерді Салық комитетінің орындауы мақсатында қоса қаржыландыру қаражатының көзделуін қамтамасыз етеді.
      5. 2011 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей Қарыз алушы Жобаны іске асыру барысында Қаржы министрлігінде Банк үшін қанағаттанарлық ақпараттық технологиялардың тұғырнамасын, сондай-ақ Салық комитеті мен Қаржы министрлігінің басқа да ведомстволары арасында деректер алмасуды қамтамасыз ету үшін ықпалдасқан салықтық басқару жүйесі мен деректерді басқару жүйесі үшін тиісті жабдықтарды орнатады және сүйемелдейді.
      В. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
Қарыз алушы Жобаны Банктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басшылықтың ережелеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етеді.

2-бөлім. Жобаның мониторингі жөніндегі есептілік және
оны бағалау

      А. Жоба бойынша есептер
      1. Қарыз алушы Жобаны іске асыру барысына мониторингті жүзеге асырады және бағалайды, сондай-ақ Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша есептерді дайындайды. Жоба бойынша әрбір есеп бір күнтізбелік тоқсан кезеңін қамтуы тиіс және осы Есепте қамтылған кезең аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.
      2. 2011 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей Қарыз алушы Банкпен бірлесіп Жобаны іске асыруда қол жеткізілген прогресті орта мерзімді шолу (бұдан әрі - Орта мерзімді шолу) өткізеді. Өзгелер арасында Орта мерзімді шолу мыналарды сипаттауы тиіс:
      (а) Жобаның мақсатына жетудегі прогресті және
      (b) Жобаны іске асыру тиімділігінің индикаторларымен салыстырғанда Жобаны іске асырудың жалпы нәтижелері.
      3. Қарыз алушы Орта мерзімді шолуға дейін кемінде ең болмағанда
      4. (төрт) апта бұрын Банкке Жобаның әрбір құрамдауышының іске асырылу барысын сипаттай отырып, жеке есепті және Жобаның жалпы іске асырылуы туралы жиынтық есеп береді.
      В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит
      1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізеді немесе жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      2. Осы Бөлімнің А-бөлігінің ережелеріне шектелмей, Қарыз алушы әр күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей Банк үшін қанағаттанарлық нысанда және мазмұнда тоқсан үшін Жоба бойынша аралық аудитор жүргізілмеген қаржылық есептерді дайындайды және Банкке тапсырады.
      3. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 (б) бөлімінің ережелеріне сәйкес өзінің Қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының 1 (бір) қаржы жылы кезеңін қамтуы тиіс. Әрбір осындай кезең үшін аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептілік әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.

3-бөлім. Сатып алу

      А. Жалпы ережелер
      1. Тауарлар. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар Сатып алу жөніндегі басшылықтың 1 бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2. Консультанттардың қызметтері. Жоба үшін қажетті Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын консультанттардың барлық қызметтері Дүниежүзілік Банкі Қарыз алушыларының консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі басшылықтың (Консультанттар жөніндегі басшылық) 1 және 4 бөлімдерінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар. Осы Бөлімде айқындалған сатып алу әдістерін немесе айқындалған келісім шарттарды Банктің қарау әдістерін сипаттау үшін төменде қолданылған бас әріппен басталатын терминдер нақты жағдайға байланысты Сатып алу жөніндегі басшылықта немесе Консультанттар жөніндегі басшылықта олар жазылған анықтамаларға сәйкес келеді.
      В. Тауарларды сатып алудың ерекше әдістері
      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тауарларды сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықты қоспағанда, тауарларға қолданылуы мүмкін сатып алу әдістері берілген. Сатып алу жоспарында осы немесе өзге әдіс қолданылуы мүмкін жағдайлар қамтылуы тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) Еркін сауда-саттықтағы сатып алу

(б) Келісім шарттарды тікелей жасасу

      С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың ерекше әдістері
      1. Сапасы мен құны негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтерді сатып алу Сапа және құн негізінде іріктеу рәсіміне сәйкес тағайындалған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде сатып алудың Сапа мен құн негізінде іріктеуді қоспағанда, Консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде қолданылуы мүмкін әдістері ұсынылған. Сатып алу жоспарында осы немесе өзге әдіс қолданылуы мүмкін жағдайлар қамтылуы тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) Сапа негізінде іріктеу

(b) Тіркелген бюджет кезіндегі іріктеу

(с) Неғұрлым аз құн бойынша іріктеу

(d) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу

(е) Бір көзден сатып алу

(f) Жеке консультанттарды іріктеу үшін Консультанттар жөніндегі басшылықтың 5.2 және 5.3-параграфтарында белгіленген рәсімдер

(g) жеке консультантарды конкурссыз негізде іріктеу

      D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерін қарау
      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар тізімі көрсетіледі. Барлық басқа келісімшарттар Банктің кейіннен қарау нысаны болып табылады.

4-бөлім. Қарыз қаражатын шоттан алу

      А. Жалпы ережелер
      1. Қарыз алушы Қарыз қаражатын Құқылы шығыстарды қаржыландыру үшін Жалпы шарттардың II бабының осы Бөлімінің ережелеріне және Қарыз алушыға Банк хабарламада көрсететін қосымша нұсқауларға сәйкес (кезеңділікпен қайта қаралатын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамырмен күні қойылған «Дүниежүзілік Банктің жобалардың қаражатын игеру жөніндегі басшылығын» қоса алғанда) төмендегі 2-тармақтың кестесіне сәйкес ала алады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуға жататын Құқылы шығыстар санаттары («Санаттар») белгіленген, әр Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомалары және әр Санат бойынша Құқылы шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі анықталады.

Санаты Қарыздан бөлінген
сома (доллар
эквивалентімен)
Қаржыландыруға
жататын
шығыстардың үлесі
(салықтарды қоса
алғанда)

Тауарлар және консультанттардың қызмет көрсетулері, операциялық қызмет көрсетулер


100%

Жалпы сомасы

$17,000,000


      В. Алу шарттары; шығару кезеңі
      1. Осы бөлімнің А бөліктің ережелеріне қарамастан, қаржы:
      (а) Банкке қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін комиссияның толық көлемде төленбейінше, Қарыз алушы шотынан; немесе
      (b) осы Келісімнің күніне дейін жасалған төлемдер бойынша алынбауға тиіс.
      2. Жабылу күні - 2014 жылғы 31 желтоқсан.

3-ҚОСЫМША Өтеу кестесі

      1. Келесі кестеде Негізгі борышты өтеу күні және Негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтелуі тиіс Қарыздың жалпы сомасының проценттердегі үлесі («Өтеу үлесі») көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты Негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінде толығымен алынатын болса, Қарыз алушы әрбір осындай негізгі борышты өтеу Күніне өтеуі тиіс Қарыздың негізгі сомасын Банк (а) негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыз сомасын және (b) негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне төлемнің өтеу Үлесін көбейту жолымен анықтайды:

Негізгі қарыз бойынша төлем күні

Өтеу үлесі (пайыздық мәнде)

2014 жылғы 15 сәуірден бастап 2024 жылғы 15 қазан аралығында, әрбір 15 сәуір және 15 қазан

5%

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінде толығымен алынбаса, негізгі борышты өтеудің осындай әрбір Күніне Қарыз алушы өтеуі тиіс Қарыздың негізгі сомасы былайша айқындалатын болады:
      (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуі тиіс.
      (б) Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез келген сома осындай алу күнінен кейін Негізгі борышты өтеудің бірінші күніне Банк әрбір осындай алу сомасын алымы осы Негізгі борышты өтеу күні үшін осы Қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген Өтеу үлесінің бастапқы сомасы («Төлемді өтеу үлесінің бастапқы сомасы») болып табылатын, ал бөлімі Негізгі борышты өтеу күніне осындай күнге немесе одан кейінгі Төлемді өтеу үлестерінің қалған барлық Бастапқы сомалары болып табылатын бөлшекке көбейту жолымен айқындайтын сомада өтелуі тиіс.
      3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне төленуі тиіс негізгі борыш сомаларын есептеу мақсаты үшін ғана Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінде алынған және өтелмеген болып есептеледі және алынған күннен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап Негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы тармақтың (а)тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті Күніне немесе одан кейін берілетін төлем мерзімдері бойынша шоттарды шығару жүйесін қабылдаса, осы тармақшаның ережесі шоттарды шығарудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған осындай алуларға қолданылмайтын болады.

ҚОСЫМША

      1-бөлім. Анықтамалар
      1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі басшылық» 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша басшылықты» білдіреді.
      2. «Санат» осы Келісімге 2-қосымшаның 4-бөлімінің кестесінде көрсетілген санатты білдіреді.
      3. «Консультанттар жөніндегі басшылық» Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған «Дүниежүзілік Банк Қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі басшылықты» білдіреді.
      4. «Жалпы шарттар» - осы Қосымшаның 2-бөлімінде ұсынылған өзгерістер ескеріле отырып, 2005 жылғы 1 шілдедегі (2008 жылғы 12 ақпанға дейінгі түзетулермен) «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыздарына арналған жалпы шарттар».
      5. «ҚМ» Қарыз алушының Қаржы министрлігін және оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
      6. «Операциялық шығыстар» Жоба бойынша ақпаратты таратуды, кеңсені жалдау мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыларды, сақтандыруды, кеңсе мен құрал-жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу, жарнаманы, көліктік шығыстарды, күзет пен байланысты қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, банктік операциялар бойынша шығыстарды және Банк үшін қолайлы кезеңдік бюджеттерге сәйкес Жобаны іске асыруға тікелей байланысты басқа да әртүрлі шығындарды қоса алғанда, Жобаны іске асыруға, басқаруға және мониторингіне байланысты Салық комитетінің операциялық шығыстарын білдіреді.
      7. «Жобаны іске асыру жөніндегі басшылық» осы Келісімнің Қарыз алушының ұлттық заңнамасы және Банк алдын-ала жазбаша бекіте отырып, кезең-кезеңмен өзгертуі және толықтырылуы мүмкін нұсқаулықтарының ережелеріне сәйкес келетін қаржылық рәсімдер жөніндегі басшылықты қоса алғанда, осы Келісімнің 4.01 (с) Бөліміне сәйкес Қарыз алушы қабылдаған болуға тиіс, Банк үшін қанағаттанарлық, операциялық және әкімшілік жауапкершілікті, Жобаны іске асыру рәсімдері мен ережелерін айқындайтын басшылықты білдіреді.
      8. «ЖІЖ» осы Келісімнің 4.01 (с) Бөліміне сәйкес Банк үшін қанағаттанарлық және Қарыз алушы қабылдауы тиіс жоба бойынша іс-шаралар жоспарын білдіретін Жобаны іске асыру жоспарын білдіреді
      9. «ЖІТ» - осы Келісімнің 4.01 (b) Бөліміне сәйкес құрылуы тиіс Салық комитетінің Салық қызметін дамыту және жаңғырту басқармасы жанындағы Жобаны іске асыру тобы.
      10. «Сатып алу жөніндегі басшылық» Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері шеңберінде сатып алу жөніндегі басшылықты» білдіреді.
      11. «Сатып алу жоспары» Сатып алу жөніндегі басшылықтың 1.16-тармағында және Консультанттар жөніндегі басшылықтың 1.24-тармағында оған сілтеме жасалған, аталған тармақтардың ережелеріне сәйкес кезеңділікпен түзетілетін Жоба үшін Қарыз алушының сатып алу жоспарын білдіреді.
      12. «ЖБК» осы Келісімнің 4.01 (а) Бөліміне сәйкес Қарыз алушы құруға тиіс және Жобаны қадағалауға, стратегиялық басшылық жүргізуге, сондай-ақ Жобаны жалпы үйлестіруге жауапты, Қарыз алушының Қаржы министрінің не ол тағайындаған өкіл төрағалық ететін, жеке сектордан және тиісті мемлекеттік органдардан негізгі мүдделі тараптардың өкілдерін қамтуы тиіс Жобаның басшылық етуші комитетін білдіреді.
      13. «Салық комитеті» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 201 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы ережеге сәйкес құрылған Қарыз алушының немесе оның кез келген құқық мирасқорының немесе құқық мирасқорларының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетін білдіреді.
      14. «Оқыту» оқу материалдарына, үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға арналған шығындарды, көлік шығыстарын, оқитындардың және нұсқаушылардың іссапар шығыстарын, нұсқаушылардың қызмет көрсетулеріне төлемдерді қоса алғанда, тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарттарға енгізілмеген Жобаға байланысты танысу сапарларын, оқыту курстарын, семинарларды, практикалық сабақтарды және басқа да оқыту іс-шараларын білдіреді.

      2-бөлім. Негізгі шарттарға түзетулер
      Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізілді:
      1. 2.07-бөлімнің (а) параграфы мынадай редакцияда жазылады:
      «2.07-бөлім. Қайта қаржыландыруға дайындау үшін аванс; Қарызды ашқаны үшін комиссияны капиталдандыру және сыйақылар
      (а) Егер Қарыз туралы келісім Банк немесе Қауымдастық берген Қарыз қаражатынан Аванс төлеуді («Дайындыққа арналған Аванс») көздейтін болса, онда Банк Қарыз туралы келісім Тарапы атынан Қарыз алушының шотынан күшіне енген Күніне немесе одан кейін Қарыз алушының шотынан бұл соманы алған күніне аванстың алынған және өтелмеген сомасын өтеу үшін қажетті соманы алуы және осы күнге есептелген және төленбеген алымдардың барлығын, егер олар қолданылатын болса, аванс сомасына төлеуі тиіс. Банк осылайша алынған бұл соманы өзінің пайдасына немесе Қауымдастық пайдасына жағдайға байланысты төлейді және аванстың алынбаған сомасын жояды».
      2. 7.02-бөлімінің (1) параграфы мынадай редакцияда жазылады:
      «7.02-бөлім. Банктің тоқтата тұруы
      (1) Қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі. Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны (Мүше мемлекет болып табылмайтын) немесе Жобаны іске асыру жөніндегі ұйымды Банктен немесе Қауымдастықтан қандай да бір қаржыландыруды алу немесе нәтижесінде Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны немесе Жобаны Орындаушы ұйымды алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа, мәжбүрлі іс-әрекеттерге немесе Банк немесе Қауымдастық берген кез келген қаржыландыруды пайдалануға байланысты ымыраласуға қатысқан деп анықтаса, Банк немесе Қауымдастық толық немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауға немесе іске асыруға қатысу үшін құқығы жоқ деп жариялайды».
      3. Қосымшада мынадай ұғымдар мен анықтамалар өзгертілді немесе алып тасталды, сондай-ақ ұғымдардың нөмірленуінің тиісті өзгерістерімен алфавиттік тәртіппен мынадай жаңа ұғымдар мен анықтамалар енгізілді.
      (b) «Конверсиялау күндері» терминінің анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конверсиялау күні» конверсияға қатысты конверсия күшіне енген кезден бастап және одан әрі оған қатысты Конверсиялау жөніндегі басшылықтың ережелері қолданылатын, Қарыз алушы сұрататын және Банк үшін қолайлы орындау күнін (құжаттағы анықтама бойынша) немесе өзге де осындай күнді білдіреді».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады