Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 325 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы 8 мамырдағы 
№ 325 Жарлығына   
ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 113-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 5 қарашадағы № 1222 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 451-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 1349 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 18, 223-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1504 Жарлығының 1-тармағының 7) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығының 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады