"Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 643 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 277-құжат; 2008 ж., № 16, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Арнаулы өкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясымен, "Байқоңыр" кешенінің үйлестіру кеңесімен, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен, мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен және лауазымды адамдарымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысымен, өз қызметін "Байқоңыр" кешенінде жүзеге асыратын басқа да мемлекеттердің органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.";
      9-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) "Байқоңыр" кешеніндегі қазақстандық мемлекеттік органдардың, мекемелердің және мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың "Байқоңыр" кешенінде Қазақстан Республикасы заңдық құзыретінің және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің тиімділігіне талдау жасайды, Қазақстан Республикасының Президентіне және Президент Әкімшілігіне тиісті ұсыныстар енгізеді;";
      5), 8), 9) тармақшалар алып тасталсын;
      11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) мемлекеттік бағдарламалар мен Байқоңыр қаласын, Төретам және Ақай кенттерін әлеуметтік-экономикалық дамыту жобаларының іске асырылуын жалпы үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады;
      12) орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың "Байқоңыр" кешенінде Қазақстан Республикасы заңдық құзыретінің және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталу мәселелерін қозғайтын шешімдерінің жобаларын келіседі.";
      10-тармақта:
      11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізуге;
      12) "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының және "Байқоңыр" кешенінің үйлестіру кеңесі отырыстарының құжаттарын, сондай-ақ Байқоңыр қаласының әкімшілігі басшысының қажетті нормативтік құқықтық актілерін және Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешеніне қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілерін алуға;";
      14) тармақшадағы "беруге құқығы бар." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдамағаны үшін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
      17) Қазақстан Республикасының Президентіне жекелеген адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, тиісті адамдарға құрметті және өзге де атақтар беру жөнінде ұсыныс енгізуге;
      18) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыруға құқығы бар.".
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады