"1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 843 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 97 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 843 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 375-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама жобасында:
      1-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Байқоңыр» кешені жалға берілген кезеңде Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасының мына мемлекеттік органдары жұмыс істейді: сот, прокуратура, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің бөлімшесі, «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бөлімшесі, Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұрын болған әскери комиссариаттың функцияларымен), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшесі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бөлімшесі, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органының өкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бөлімшесі, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр филиалы.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады