"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 581 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 299-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған республикалық бюджетке 441 (төрт жүз қырық бір) миллиард 623 (алты жүз жиырма үш) миллион 946 (тоғыз жүз қырық алты) мың теңге мөлшерінде нысаналы трансферт, оның ішінде:

      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға – 143 (бір жүз қырық үш) миллиард 517 (бес жүз он жеті) миллион 339 (үш жүз отыз тоғыз) мың теңге;

      Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшу-қону жолағын реконструкциялау үшін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 3 (үш) миллиард 469 (төрт жүз алпыс тоғыз) миллион 905 (тоғыз жүз бес) мың теңге;

      Құрық портында паром кешенін салу үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 18 (он сегіз) миллиард 852 (сегіз жүз елу екі) миллион теңге;

      индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 7 (жеті) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын оператор ретінде айқындай отырып, бюджеттік субсидиялау тетіктері арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) – 51 (елу бір) миллиард 663 (алты жүз алпыс үш) миллион 602 (алты жүз екі) мың теңге;

      жаппай құрылыс салынатын аудандардағы тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 53 (елу үш) миллиард 710 (жеті жүз он) миллион 371 (үш жүз жетпіс бір) мың теңге;

      білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 68 (алпыс сегіз) миллиард 138 (бір жүз отыз сегіз) миллион 899 (сегіз жүз тоқсан тоғыз) мың теңге;

      халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға – 10 (он) миллиард 739 (жеті жүз отыз тоғыз) миллион 215 (екі жүз он бес) мың теңге;

      өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды лизингтік қаржыландырумен қамтамасыз ету үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 20 (жиырма) миллиард теңге;

      отандық автоөндірушілерді қолдау үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кейіннен кредиттей отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беруге – 10 (он) миллиард теңге;

      үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 10 (он) миллиард теңге;

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде индустриялық инфрақұрылым жүргізуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 8 (сегіз) миллиард 561 (бес жүз алпыс бір) миллион 115 (бір жүз он бес) мың теңге;

      мектептерді сейсмикалық күшейтуге – 8 (сегіз) миллиард 271 (екі жүз жетпіс бір) миллион 500 (бес жүз) мың теңге;

      "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамын қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, халыққа берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға – 1 (бір) миллиард теңге;

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға – 1 (бір) миллиард теңге;

      сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 25 (жиырма бес) миллиард теңге бөлінсін.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады