Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1003 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм)

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

"Ерлігі үшін" медалімен

Нұрлан Сәлімжан

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады