Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 1030 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:

"Құрмет" орденімен

Әлиева Эльмира Қайырқызы

"Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" КММ жаттықтырушысы – оқытушысы, Қарағанды қаласы

Морозов Евгений Семенович

"Облыстық клиникалық аурухана" КМК бөлімше меңгерушісі, Қарағанды қаласы;

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен

Берг Алексей Александрович

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ цех бастығы, Қарағанды облысының Теміртау қаласы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Қасымов АртҰм Иренғайыпұлы

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Тентек" шахтасының учаске бастығы, Қарағанды облысының Шахтинск қаласы

Қожахметова Ләззат Таймырқызы

"Talbesyk" көпбалалы аналар одағы" ҚБ басшысы, Қарағанды қаласы

Комарда Александр Владимирович

"Kazakhmys Coal" (Қазақмыс Коал) ЖШС "Горный" учаскесінің машинисі, Қарағанды облысының Осакаров ауданы.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады