2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа оның кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі ережелерін 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану саласында туындаған құқықтық қатынастарға қолданбау бөлігінде өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 214 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа оның кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі ережелерін 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану саласында туындаған құқықтық қатынастарға қолданбау бөлігінде өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа оның кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі ережелерін 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану саласында туындаған құқықтық қатынастарға қолданбау бөлігінде өзгеріс енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 214 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа оның кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі ережелерін 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану саласында туындаған құқықтық қатынастарға қолданбау бөлігінде өзгеріс енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Хаттама жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар шеңберінде, оның ішінде кедендік әкелу баждарынан босату және (немесе) оларды өтеу көзделген, Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасасқан өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша тауарларды әкелуге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды.".

2-бап

      Осы Хаттама депозитарий мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      20___ "___"__________ ____________қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

Армения Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады