2023 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 425 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2023 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

      1) "Проза" номинациясы бойынша "Квант" шығармасы үшін Досхан Аңсағанұлы Жылқыбаевқа;

      2) "Поэзия" номинациясы бойынша "Қалалық құстар" өлеңдер жинағы үшін Еділбек Медетұлы Дүйсеновке;

      3) "Драматургия" номинациясы бойынша "Тау көтерген Толағай" драмалық туындысы үшін Айтолқын Берікқызы Әшімоваға;

      4) "Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Атың озсын, азамат!" жинағы үшін Олжас Әбілұлы Қасымовқа берілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады