1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденiнiң толық иегерлерiне қосымша жеңiлдiктер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1993 жылғы 5 мамыр N 1194. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.07.31. N 2394 жарлығымен.

      Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденiнiң толық иегерлерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекетi мен халқы алдындағы айрықша еңбегiн атап көрсете келiп және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында гитлершiл Германияны тiзе бүктiрген Жеңiстiң 48 жылдығы құрметiне ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденiнiң толық иегерлерi тұрып жатқан пайдалы алаңының көлемiне қарамастан, пәтер ақы төлеуден, коммуналдық қызмет көрсетiлгенi, телефонды пайдаланғаны (қалааралық сөйлесуден басқа) үшiн және тұрғын үй қорының түрiне қарамастан, тұрғын жайды күзету жөнiнде көрсетiлген қызмет үшiн төлемнен босатылсын, шығыны жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қайтарылатын болсын. <*>
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi аталған адамдарға:
      - республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен әрқайсысына 100 мың сом мөлшерiнде бiржолғы ақшалай жәрдемақы төлеудi қамтамасыз етсiн;
      - дәрiгер рецептi бойынша тұрған жерiнiң дәрiханаларынан

жергiлiктi бюджет есебiнен дәрiнi тегiн алуға құқық берсiн;
<*>

     Ескерту. 1-шi және 2-шi тармағының күшi 1997 жылдың 
              1 сәуiрiне дейiн тоқтатылған - ҚР Президентiнiң
              12.04.1994 ж. N 1652 Жарлығына сәйкес. 
     
     3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Ұлы
Отан соғысына қатысқан Кеңес  Одағының Батырлары мен Даңқ орденi
иегерлерiнiң есiмдерiн қалалардың және басқа да елдi мекендердiң
 көшелерi мен алаңдарына берудi практикаға айналдырсын және олар
тұратын үйлерге бәсiре тақталар орнатсын.

     Қазақстан Республикасының 
             Президентi 

      Алматы. 1993 жылғы 5 мамыр
               N 1194 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады