Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 4 мамыр N 2261. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.07.28. N 422 жарлығымен. ~U000422

      Республиканың халқын сауықтыру және бұқаралық спортты дамыту, бұл жұмысты басқару құрылымы мен ұйымдастыруды жетiлдiру, сондай-ақ спорт саласының қаржы және материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қаулы етемiн:
      (1-тармақ) <*> .
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - Қазақстан Республикасы
               Президентiнiң 1996.07.16. N 3067 жарлығымен. U963067_
      2. Штаттағы ұлттық командалардың оқу-жаттығу процесiн және iрi халықаралық жарыстарды сапалы өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының олимпиадаға дайындау базаларының тiзбесi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      республиканың халқын сауықтыру мақсатында 1995 жылы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне табыс етсiн;
      жыл iшiнде "Спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарауға енгiзсiн;
      олимпиадаға дайындау базаларын жекешелендiруге болмайтын объектiлер қатарына жатқызып, оларды күтiп ұстау мен күрделi жөндеуге республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      4. Жергiлiктi әкiмдер бұқаралық және халықтық спорт түрлерiн

дамытуға жәрдемдесiп, табиғат-климат жағдайын, ұлттық дәстүрлер
мен қолда бар материалдық-техникалық базаны ескере отырып халық
арасында спорт - сауықтыру жұмысын  жүргiзсiн.
     5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президентi

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Президентiнiң
                                       1995 жылғы 4 мамырдағы
                                         N 2261 Жарлығымен
                                             бекiтiлген

                Қазақстан Республикасының олимпиадаға
                        дайындау базаларының
                             Тiзбесi
                          Ақтөбе қаласы
                Қалалық спорт кешенiнiң спорт сарайы
                          Алматы қаласы 
     Орталық стадион
     Биiк таудағы "Медеу" мұз айдыны
     "Шымбұлақ" тау спорты базасы
     Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайы
     Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және
     спорт министрлiгiнiң ат спорты базасы
     Орталық жүзу бассейнi
     "Динамо" дене мәдениетi - спорт қоғамы ОК-нiң жүзу
     бассейнi
     Қазақстан  Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң шаңғы
     трамплиндерiнiң кешенi
     "Спартак" спорт кешенi
     Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң "Бутаковка"
     оқу-жаттығу базасы
 
                          Алматы облысы

     Қапшағай қаласының республикалық яхта клубы
     Қазақстан Республикасының ААФКЕҚ Орталық Комитетiнiң
     Қаскелең қаласындағы республикалық спорт-мылтық ату кешенi

                         Көкшетау облысы

     Щучье қаласындағы шаңғы стадион мен биатлондық атыс алаңы
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады