Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 6 қыркүйектегі N 2454

      Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Қазақстан Республикасының Президентi ұсынып, оны халық 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады. Республикалық референдум қорытындыларының ресми түрде жариялануына және Конституцияның 1995 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшiне енуiне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Конституциясы жариялансын.
      2. 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтiнiнiң түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Президентiнде сақталатын болып белгiленсiн.
      3. Он екiншi сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң тоғызыншы сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтiнiнiң мәңгiлiк сақтау үшiн Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiне берiлсiн.
      4. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады