Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 17 маусым N 3037. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.03.14. N 358 жарлығымен. ~U000358

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын U952730_ iске асыру мақсатында Қаулы Етемiн:
      Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 


                                       Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1996 жылғы 17 маусымдағы N 3037 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН


          Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн
            зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы
                                ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже "Мемлекеттiк қызмет туралы" <*> Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 27-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы тағайындау және төлеу шарттарын, тәртiбiн айқындайды.
      <*> Ескерту: Бұдан әрi - Жарлық.

                         I. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы, егер халықаралық келiсiмдерге (шарттарда) өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тағайындалады және төленедi.
      2. Мемлекеттiк қызметшiге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындалатын еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеу тәртiбi туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      3. Бiр мезгiлде түрлi мемлекеттiк зейнетақы алуға құқығы бар мемлекеттiк қызметшiлерге олардың таңдауы бойынша бiр зейнетақы тағайындалады (қайта тағайындалады).
      4. Мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақылар тағайындауға, оларды өсiруге және төлеуге байланысты осы Ережеде айтылмаған мәселелер зейнетақы заңдарымен реттелiп отырады.

            II. Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары
              үшiн зейнетақылар тағайындау шарттары мен тәртiбi

      Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақылар
      5. Мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi зейнетақы жасына жеткенге дейiн тоқтатқан адамдарға еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары болғанда:
      ерлерге - алпыс жасқа толуына қарай және жалпы еңбек стажы кемiнде жиырма бес жыл, оның iшiнде мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары кемiнде он бес жыл болса;
      әйелдерге - елу бес жасқа толуына қарай және жалпы еңбек стажы кемiнде жиырма жыл, оның iшiнде мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары кемiнде он бес жыл болса тағайындалады.
      6. Мемлекеттiк органдардың таратылуына, штатының немесе қызметкерлер санының қысқартылуына қарай қызметтен босатылған және оларды бұдан әрi жұмысқа орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы мерзiмiнен бұрын:
      ерлерге - елу сегiз жасқа толуына қарай және жалпы еңбек стажы кемiнде жиырма бес жыл, оның iшiнде мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары кемiнде он бес жыл болса;
      әйелдерге - елу үш жасқа толуына қарай және жалпы еңбек стажы кемiнде жиырма жыл, оның iшiнде мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары кемiнде он бес жыл болса тағайындалады.
      7. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы Жарлықтың 23-бабының 2-тармағына сәйкес лауазымдық жалақылардан, бiлiктiлiк сыныптары үшiн қосымша ақыдан, мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақыдан, сыйақыдан және басқа үстеме ақылардан есептелген жалақының, 70 процентi мөлшерiнде тағайындалады, бұған еңбекке ақы төлеудiң қолданылып жүрген жүйесiнде көзделмеген бiр жолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы, демалысқа шыққанда берiлетiн жәрдемақы және басқалар) кiрмейдi.
      Мемлекеттiк қызметтi он бес жылдан астам асқаннан кейiн мемлекеттiк қызметшiнiң зейнетақысы әрбiр еңбек сiңiрген жылы үшiн зейнетақы есептелген жалақының 1 процентiне өсiрiлiп отырады. Бұл орайда осындай тәртiппен тағайындалған зейнетақының мөлшерi зейнетақы есептелген жалақының 100 процентiнен аспауға тиiс.
      8. Денсаулық жағдайына қарай отставкада жүрген жоғары санаттағы мемлекеттiк қызметшiге, зейнетақы жасына жетуiне қарай, осы Ережеде айқындалған тәртiппен еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындалады.
      9. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы есептеу үшiн зейнетақыға өтiнiш берер алдындағы мемлекеттiк қызметшi ретiнде соңғы атқарған қызметi бойынша екi күнтiзбелiк ай үшiн немесе зейнетақыға өтiнiш берер алдындағы соңғы бес жыл iшiндегi мемлекеттiк қызметшi ретiндегi кез-келген жалақысы неғұрлым жоғары лауазымы бойынша қатарынан екi күнтiзбелiк айдың орташа айлық жалақысы ескерiледi.
      Орташа айлық жалақыға есептелетiн сыйақы зейнеткерлiкке шыққан айдың алдындағы он екi күнтiзбелiк ай iшiнде төленген сыйақының орташа айлық процентiн соңғы күнтiзбелiк ай үшiн орташа айлық жалақыға (сыйақысыз) көбейту жолымен айқындалады. Егер де мемлекеттiк қызметшi соңғы қызметiнде он екi күнтiзбелiк айдан аз iстеген болса, онда сыйақының орташа мөлшерi нақты жұмыс iстеген айларының санына қарай айқындалады.
      Аталған жұмысты екi айдан аз iстеген мемлекеттiк қызметшiге жалақы осы қызметте нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн есептеледi.
      10. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнеткерлiгiн мемлекеттiк қызметшi ретiнде жұмыс iстеген кезеңiнен басқа уақыт үшiн ресiмдеп жүрген немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақыны зейнетақыға өтiнiш берер алдындағы соңғы бес жылдағы мемлекеттiк қызметтегi кез-келген жалақысы неғұрлым жоғары қызметтегi жалақысынан есептеткiсi келетiн адамдар үшiн зейнетақы мемлекеттiк қызметшiнiң зейнетақы тағайындалар уақыттағы тиiстi қызметi мен бiлiктiлiгi бойынша соңғы екi айдағы (Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң деректерi бойынша) орташа жалақысы есебiнен есептеледi.

      Мүгедектiгi бойынша зейнетақы
      11. Жалпы ауруы салдарынан бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып қалған, қажеттi жалпы жұмыс стажы мен мемлекеттiк қызметте осы Ереженiң 5-тармағында көзделген еңбек сiңiрген жылдары бар мемлекеттiк қызметшiлерге мүгедектiгi бойынша зейнетақы осы Ереженiң 7-тармағында көзделген еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы тағайындау тәртiбi мен мөлшерiне сәйкес тағайындалады.
      12. Мемлекеттiк қызметте iстеген кезеңiнде қызмет мiндеттерiн атқарған кезде еңбек жарақатын алу немесе кәсiптiк ауру салдарынан мүгедек болып қалған мемлекеттiк қызметшiлерге мүгедектiгi бойынша зейнетақы осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындау тәртiбi мен мөлшерiне сәйкес тағайындалады.
      Егер осы аталған себептердiң салдарынан мүгедек болып қалған мемлекеттiк қызметшiнiң осы Ереженiң 5-тармағында көзделген еңбек сiңiрген жылдары үшiн қажеттi стажы болмаса, онда зейнетақы осы Ережеде айқындалған тәртiппен есептелген жалақысының 70 процентi мөлшерiнде еңбек сiңiрген жылдарына қарамай тағайындалады.
      13. Осы Ереженiң 11 және 12-тармақтарында көрсетiлмеген басқа себептердiң салдарынан мүгедек болып қалған мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ жалпы ауру салдарынан үшiншi топтағы мүгедектерге зейнетақы зейнетақы заңдарына сәйкес тағайындалады.

      Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы
      14. Қажеттi еңбек сiңiрген жылдары бар немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алып келген мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамтамасыз ету зейнетақы заңдарына сәйкес, асыраушысының осы Ереженiң 9-тармағы бойынша есептелген орташа айлық жалақысына қарай жүзеге асырылады.

             III. Мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы
                   тағайындау және төлеу тәртiбi

      Зейнетақы тағайындау және қайта есептеу
      15. Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн (осы Ереженiң 5 және 6-тармақтары), сондай-ақ мүгедектiгi бойынша (осы Ереженiң 11 және 12-тармақтары ) зейнетақы мемлекеттiк қызметтен босатылғаннан кейiн тағайындалады.
      16. Осы Ережеге сәйкес зейнетақы тағайындау жөнiндегi өтiнiштi зейнетақыға шығу құқығы туындағаннан кейiн ешқандай мерзiммен шектемей жүзеге асыруға болады.
      17. Осы Ережеге сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етудi халықты әлеуметтiк қорғау органдары жүргiзедi.
      18. Осы Ереже бойынша құжаттарды ресiмдеп, оларды халықты әлеуметтiк қорғау органдарына зейнетақы тағайындау үшiн ұсыну мемлекеттiк қызметшiнiң берген өтiнiшi бойынша оның соңғы жұмыс iстеген орнындағы кадр қызметiне жүктеледi.
      Осы Ереже бойынша зейнетақыға өтiнiш берген адам жұмыс iстемейтiн болса, онда зейнетақы тағайындау туралы өтiнiштi, барлық қажеттi құжаттарымен қоса өзiнiң тұрғын жерiндегi халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне тiкелей өзi тапсырады.
      19. Басқа негiздер бойынша зейнетақы алатын және осы Ереже бойынша зейнетақы алуға құқығы бар мемлекеттiк қызметшi, оны қайта тағайындату үшiн халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне тiкелей өтiнiш жасайды.
      20. Басқа негiздер бойынша зейнетақы алатын және осы Ереже бойынша зейнетақы алуға құқығы бар мемлекеттiк қызметшiнiң зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен мөлшерде зейнетақыға үстеме есептетуге және зейнетақысын өсiруiне құқығы бар.
      21. Осы Ереже бойынша зейнетақы алатын зейнеткер мемлекеттiк қызметке қайта оралған жағдайда, кейiннен қызметтен босанған кезiнде оған зейнетақы таңдау құқы берiледi: оған бұрын тағайындалған зейнетақысының қайтадан төленуi немесе егер ол мемлекеттiк қызметте кемiнде екi жыл қайтадан iстеген болса, осы Ережеде белгiленген ережелер мен нормалар бойынша зейнетақы жаңадан тағайындалуы мүмкiн.
      22. Осы Ереженiң шарттарына сәйкес тағайындалған зейнетақы зейнетақы заңдарында айқындалған тәртiппен өсiрiледi.

      Зейнетақы төлеу
      23. Осы Ереженiң шарттарына сәйкес мемлекеттiк қызметшiге тағайындалған зейнетақы, ол мемлекеттiк қызметшi ретiнде еңбек қызметiн жалғастырған жағдайда, 50 процент мөлшерiнде төленедi.
      Қалған жағдайларда аталған зейнетақылар толық мөлшерiнде төленедi.
      24. Осы Ереженiң 5,11,12-тармақтарына сәйкес тағайындалған зейнетақылар төлеудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында көрсетiлген мөлшерiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының зейнетақы қорының қаражатынан, осы зейнетақылар мөлшерiнiң қалған бөлiгiн, сондай-ақ осы Ереженiң 6-тармағында көзделген зейнетақыларды қаржыландыру зейнетақы жасына жеткенге дейiн (осы Ереженiң 5-тармағы) - республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатынан жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады