Түркi тiлдi мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның Ұлы Жiбек жол бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi жобасы Қазақстан Республикасында iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 3476

      Түркi тiлдi мемлекеттiк Басшыларының 1996 жылғы 21 қазандағы Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның "Жiбек жолын кешендi зерттеу - пiкiрлесу жолы" жобасын iске асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Бiлiм және мәдениет министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы ЮНЕСКО мен Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның жобасын Ұлы Жiбек жолының қазастандық бөлiгi бойынша қоса атқарушысымен ("Жiбек жолы" компаниясымен) бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының "Жiбек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыру, дамыту, туризм инфрақұрылымын құру" мемлекеттiк бағдарламасының жобасын 1997 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
      2. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жезқазған, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi және Алматы қаласының әкiмi осы Жарлықтың 1-тармағында аталған мемлекеттiк бағдарлама жобасының iске асырылуына жәрдем жасалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасының "Жiбек жолы" Ұлттық комитетiнiң құрамын қайта қарап, оның қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде:
      бiрегей туристiк әуелет пен тарихи-мәдени мұраны кеңiнен насихаттау мен сақтауды ұйымдастыруға;
      туризм саласында экономикалық реформаларды тереңдетуге;
      әлемдiк стандарттар деңгейiнде шағын мейманханалар, қонақ үйлер, мотельдер мен кемпингтер желiсiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысты үйлестiруге;
      осы заманғы мәдени және спорт-сауықтыру орталықтарын құруға жәрдемдесуге;
      туризм саласында кадрларды даярлау мен қайта даярлауға бағытталған шаралар қолдансын;
      2) бюджетте мәдениеттi дамытуға көзделген қаражат шегiнде Алматы қаласында көшпендi өркениеттiң мұражайы және Алматы облысында "Талғыз" туристiк Мәдени-этнографиялық кешенiн құратын болсын;
      3) ЮНЕСКО мен Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның аясында

өткiзiлетiн Ұлы Жiбек жолын жаңғырту мен кешендi зерттеу мәселелерiне
арналған халықаралық форумдарға, конференцияларға, симпозиумдарға
Қазақстан Республикасы делегациясының әзiрленуi мен қатысуын
қамтамасыз етсiн.
     4) Осы Жарлық оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады