Қазақстан Республикасынан Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң Басқарушылар Кеңесiндегi өкiлдер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1998 жылғы 6 сәуiрдегi N 3898. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.04.26. N 854 жарлығымен. ~U020854

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкiсiне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепiлдiгiнiң көп жақты агенттiгiне және Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа мүшелігi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 28 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 311-құжат) сәйкес қаулы етемiн:
      Ораз Әлиұлы Жандосов Қазақстан Республикасынан Халықаралық валюта қоры Басқарушысының орынбасары қызметiнен босатылсын.
      Александр Сергеевич Павлов Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң Басқарушысы қызметiнен босатылсын.
      Алтай Абылайұлы Тiлеубердин Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi Басқарушысының орынбасары қызметiнен босатылсын.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Қадыржан Қабдошұлы Дәмитов Қазақстан Республикасынан Халықаралық валюта қоры Басқарушысының орынбасары болып тағайындалсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Сауат Мұхаметбайұлы

 

Мыңбаев Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта жаңарту және Даму

Банкiнiң Басқарушысы болып тағайындалсын.

     Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар

жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы - Қазақстан Республикасының министрi

Ержан Әбiрқайырұлы Өтембаев Қазақстан Республикасынан Халықаралық

Қайта жаңарту және Даму Банкi Басқарушысының орынбасары болып

тағайындалсын.

     Қазақстан Республикасының

           Президентi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады