1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 3 мамыр N 128

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және өзінің тарихи отанына оралуға ниет білдірген оралмандардың (репатрианттардың) отбасыларының қоныс аударуын және оларды жайластыруды ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған 1999 жылға арналған көшіп келу квотасы қосымшаға сәйкес 500 отбасы болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, Астана және

Алматы қалаларының әкімдері өзінің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай 
қолдауынсыз келе алмайтын қазақ ұлты өкілдерінің ұйымдасқан түрде 
қоныс аударуын, сондай-ақ оларды бөлінген жерлерде қарсы алу мен 
жайластыруды жүзеге асырсын және осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге 
де шаралар қабылдасын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Президентінің
                                     1999 жылғы 3 мамырдағы N 128
                                         Жарлығына қосымша
     
               1999 жылға арналған көшіп келу квотасы
                              
                                                             (отбасы)
 __________________________________________________________________________
|  Облыстар       |Ауған.|Иран| ҚХР | Мон. |Пәкіс.|Түр.|Тәжік.|Өзбек.|Бар. 
|                 |стан  |    |     |ғолия | тан  |кия |стан  |стан  |лығы 
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Ақмола           |      | 10 |     |      |      | 50 |      | 20   | 80  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Ақтөбе           |  10  |    |  20 |      |      |    |      | 20   | 50  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Алматы           |      |    |     |      |      |    |      |      |  0  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Атырау           |  10  | 10 |     |      |      |    |      | 10   | 30  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Шығыс Қазақстан  |  10  |    |  20 |      |      |    |      |      | 30  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Жамбыл           |      |    |     |      |  20  |    |      |      | 20  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Батыс Қазақстан  |  10  |    |     |      |      |    |      |      | 10  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Қарағанды        |      |    |     |      |  50  |    |      |      | 50  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Қызылорда        |  10  |    |     |      |      |    |      | 10   | 20  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Қостанай         |      |    |     |  30  |  30  |    |      |      | 60  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Маңғыстау        |  20  | 30 |     |      |      |    |      | 20   | 70  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Павлодар         |      |    |     |  10  |      |    |  10  |      | 20  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Солтүстік        |      |    |     |      |      |    |      |      |     
|Қазақстан        |      |    |  20 |  10  |      |    |      |      | 30  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Оңтүстік         |      |    |     |      |      |    |      |      |     
|Қазақстан        |      |    |     |      |      |    |  10  | 20   | 30  
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Алматы қаласы    |      |    |     |      |      |    |      |      | 0   
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Астана қаласы    |      |    |     |      |      |    |      |      | 0   
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____
|Барлығы:         |  70  | 50 |  60 |  50  | 100  | 50 |  20  | 100  | 500 
|_________________|______|____|_____|______|______|____|______|______|_____



   Оқығандар:      
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.         
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады