Халықаралық облигациялар шығару кезінде ақпарат беру туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 20 наурыз N 580. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 сәуір N 1117 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 117 қаулысына Қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Директоратының "Халықаралық облигацияларды шығару кезiнде ақпарат беру туралы" 2000 жылғы 20-наурыздағы N 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1117 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағында 2001 жылы жарияланған, 3-том)...

------------------------------------

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының 33-бабы 6-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді: 
      1. Халықаралық облигациялар шығаруға ниеттенген акционерлік қоғамның бұл туралы мынадай құжаттарды: 
      1) еркін нысанда жасалған және мазмұнында жобаланған шығарылым елі, шығарылым валютасы және шығарылым сомасы туралы мәліметтер бар жазбаша ескертпені; 
      2) халықаралық облигациялар шығару туралы шешімімен бірге акционерлер жалпы жиналысының "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының 60-бабына сәйкес ресімделген хаттамасының көшірмесін беру арқылы Ұлттық комиссияны жазбаша ескертуге міндетті екендігі белгіленсін. 
      2. Осы Қаулының 1-тармағында аталған құжаттардың халықаралық облигацияларды шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 15 күннің ішінде Ұлттық комиссияға беруге жататындығы белгіленсін. 
      3. Жазбаша ескертпенің назарға алынғандығын растау ретінде Ұлттық комиссия осы Қаулының 1-тармағында аталған құжаттардың соңғысы алынған күннен бастап 7 күн ішінде акционерлік қоғамға Ұлттық комиссияның Төрағасы қол қоюға жататын хат жіберетіндігі белгіленсін. 
      4. Халықаралық облигацияларды орналастыру аяқталғаннан кейін 15 күні ішінде акционерлік қоғамның Ұлттық комиссияға осы бағалы қағаздардың эмиссия проспектісін ("циркулярын") және еркін нысанда жасалған және шығарылым елі, шығарылым валютасы, шығарылым сомасы және халықаралық облигациялардың орналастыру сәтіне бағасы туралы мәліметтер енгізілген бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есеп беруге міндетті екендігі белгіленсін. 
      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 мамырда 535-нөмірмен тіркелген "Халықаралық облигациялар шығару кезінде ақпараттар беру туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 15 көкектегі N 60 қаулысының күші жойылған деп танылсын. 
      6. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін. 
      7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып), "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін. 
      8. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы осы Қаулыны бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметін жүзеге асыратын және "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін.
      9. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін. 

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады