Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 14 қазандағы N 11-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жарналарының есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа" өзгерiстер мен толықгырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 29 ақпандағы N 14-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1133. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 (V042953) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Z970136_  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн құқықтық реттеудi жетiлдiру мақсатында бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 14 қазандағы N 11-Ө  V970414_  бұйрығымен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жарналарының есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа" мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      Нұсқаулықтың атауындағы "жарналарының" сөзi "жинақталған қаражатының" сөздерiне ауыстырылсын. 
      2. 1-бөлiмдегi бiрiншi азат жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн тиiстi түрде қамсыздандыру мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрi - Қор) әрбiр салымшысына (алушысына) дербес зейнетақы шоты (бұдан әрi - ДЗШ) ашылуы тиiс. Зейнетақы шарты ДЗШ ашуға негiз болып табылады. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы шарттарының болуына тәуелсiз, олардың атына бiрiншi зейнетақы жарнасының түсуiне қарай өзiнiң салымшыларына дербес зейнетақы шоттарын ашуға құқылы". 
      1-бөлiм мынадай мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын: 
      "Қор ашылған ДЗШ тiркеу кiтабiн ақпараттың сақталуы жөнiндегi талаптарды сақтай отырып жүргiзуге құқылы". 
      "Қор салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарын автоматтандырылған ақпарат жүйесiнiң мәлiметтер базасының электронды өткiзушiлерiнде жүргiзедi." 
      3. 2-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоты "Салымдар мен пайлар" 503 баланстық шотында "Алушының қорына салымдар" деген 503000 қосымша шотын аша отырып ашылады. Салымшыларға (алушыларға) дербес зейнетақы шоты зейнетақы жарналарының түрлерiне қарай бөлек ашылады (1-мiндеттi зейнетақы жарналары, 2-ерiктi зейнетақы жарналары). 
      Автоматтандырылған ақпарат жүйесiнiң мәлiметтер базасында әрбiр салымшы(алушы) бойынша әлеуметтiк дербес коды мен басқа да қосымша мәлiметтер көрсетiледi. 
      Түсетiн зейнетақы жарналарының, жинақталған зейнетақы қаражатының, ағымдағы зейнетақы төлемдерiнiң есебiн жүргiзу және инвестициялық кiрiстi есептеу шартты өлшемнiң құнын күн сайын есептеумен және дербес зейнетақы шоттарындағы шартты өлшемнiң санын есептеу жолымен жүзеге асырылады". 
      4. "Салымшылардың(алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жарналары мен есептелген инвестициялық кiрiстiң есебiн жүргiзу" деген 3-бөлiмдегi: 
      бiрiншi азат жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн зейнетақы активтерiне шартты өлшеммен күн сайын қайта баға беру жолымен және салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы шартты өлшемнiң санын есептеумен жүргiзiледi"; 
      екiншi азат жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Шартты өлшем - зейнетақы активтерi құнының зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмдiлiгiн сипаттайтын жеке мөлшерi." 
      Төртiншi азат жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қор күн сайын шартты өлшемнiң құны туралы жазба жүргiзiлуiн және ақпараттың сақталуын жүзеге асырады. Қор шартты өлшемнiң құны бойынша салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы ретiнде есептелген зейнетақы активтерiнiң құнын ЗҚБК-мен бiр айда бiр реттен кем емес салыстыра тексеру жүргiзедi"; 
      - бесiншi азат жол алынып тасталсын; 
      - сегiзiншi азат жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Салымшы (алушы) зейнетақы шартын басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен жасасқанда, Қор салымшының (алушының) өтiнiшi бойынша дербес зейнетақы шотындағы шартты өлшемнiң санын шартты өлшемнiң ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды, жинақталған зейнетақы қаражатын басқа қорға аударым жасауды жүзеге асырады және дербес зейнетақы шотын жабады"; 
      тоғызыншы азат жолдағы "Ауыстырумен байланысты салымшымен (алушымен) зейнетақы шарты жасасылған жағдайда" деген сөздер "басқа жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақы қаражатының аударымы түскен кезде" деген сөздер "салымшыға/алушыға ашылған" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      оныншы азат жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3ейнетақы төлемдерiн, мұрагерге жинақталған зейнетақы қаражатының төлемдерiн, жерлеуге төлемдердi жүзеге асырғанда Қор салымшының (алушының) дербес зейнетақы шотындағы шартты өлшемнiң санын шартты өлшемнiң ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды, төлемдердi жүзеге асырады және жинақталған зейнетақы қаражатының жүзеге асырылған төлемнiң сомасына азайғандығын дербес зейнетақы шотында көрсетедi"; 
      он бiрiншi азат жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Банк шотынан ақша аудару (аудару, төлем, алып қою) салымшының (алушының) дербес зейнетақы шоты жабылғаннан кейiн дербес зейнетақы шотын жапқан күндi қоса алғанда үш банктiк күн iшiнде жүргiзiледi"; 
      он екiншi азат жол алынып тасталсын. 
      5. "Алушылардың дербес зейнетақы шоттарын жабу тәртiбi" деген 4-бөлiмдегi: 
      екiншi азат жолдағы "жинақталған зейнетақы қаражатын басқа қорға ауыстыру туралы немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен кезде" деген сөздер алынып тасталсын; "алушы қайтыс болғанда" деген сөздерден кейiн "және мұрагерлер жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойғанда" деген сөздермен толықтырылсын; 
      үшiншi азат жолдағы екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Сонымен бiрге автоматтандырылған ақпарат жүйесiнiң мәлiметтер базасында дербес зейнетақы шотының жабылғаны туралы белгi жасалады"; 
      төртiншi және бесiншi азат жолдар алынып тасталсын; 
      жетiншi азат жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Салымшымен (алушымен) бұзылған зейнетақы шартының шегiнде зейнетақы жарналары бойынша қарыз түскенде Қор түскен соманы түсуiнiң себебiн көрсетiп, түскен соманы шартты өлшемнiң санына қайта есептей отырып, дербес қосымша шот ашып 503 баланстық шотқа есептейдi. Алушының өтiнiшi бойынша қор басқа қорға жеке шоттағы қалдықты төлейдi немесе аударады және оны жабады"; 
      - сегiзiншi азат жол алынып тасталсын.
      6. Мынадай мазмұндағы 5-бөлiммен "3ейнетақы активтерiнiң құнының шартты өлшемiнiң құнының есебi" толықтырылсын:
      "3ейнетақы активтерiн инвестициялық басқарудың бiрiншi күнi шартты өлшемнiң құны 100 (жүз) теңгеге тең деп қабылданады. Одан кейiнгi күндерi шартты өлшемнiң ағымдағы құны мынадай формуламен есептеледi:
      Ut = Ut-1* 1+[____________ID_________________]
                   PAt-1+C-В+Trin - TR out - Rout 

      мұнда
      Ut - шартты өлшемнiң ағымдағы құны;
      Ut-1 - шартты өлшемнiң құнының есебiн жасаған күннен бiр күн бұрынғы шартты өлшемнiң құны; 
      ID - комиссиялық сыйақыны алып тастағандағы қаржылық құралдарға таратылған зейнетақы активтерiнен есептелген табыс деп анықталатын есептелген ағымдағы инвестициялық табыс. Инвестициялық кiрiс, сондай-ақ зейнетақы активтерiн тиiстi түрде басқармағаны үшiн айып пұлдар, айып өсiмдерден тұрады. 
      РА t-1 - шартты өлшемнiң құнының есебiн жасаған күннен бiр күн бұрынғы зейнетақы активтерiнiң құны; 
      С - ағымдағы мiндеттi (ерiктi) зейнетақы жарналарының сомасы, уақытылы аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары үшiн айып өсiмдер; 
      В - ағымдағы зейнетақы төлемдерiнiң сомасы; 
      Тrin - жинақталған зейнетақы қаражатының Қорға ағымдағы аударымдарының сомасы; 
      Тr out - жинақталған зейнетақы қаражатының Қордан ағымдағы аударымдарының сомасы; 
      Rout - қате есептелген зейнетақы жарналарының ағымдағы қайтарылымдарының сомасы". 
      7. "Зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстерден пайыз түрiнде алынатын комиссиялық сыйақылардың есебi" деген 6-бөлiммен толықтырылсын. 
      "Түскен зейнетақы жарналарынан комиссиялық сыйақылар әрбiр жарна сомасынан бөлек ұсталынады және Қордың меншiктi қаражатын есептеу жөнiндегi банкiлiк шотқа аударылады. Комиссиялық сыйақылардың уақытылы аударылмаған сомалары алушылардың Қор алдындағы мiндеттемелерi деп 686 "Есептелген шығыстардың басқалары" баланстық шотта есептеледi". 
      Инвестициялық кiрiстерден пайыз түрiнде алынатын комиссиялық сыйақылар, есептеу әдiсi бойынша меншiктi қаражатын есептеу жөнiндегi Қордың баланстық шоттарында көрсетiледi. Инвестициялық кiрiстен пайыз түрiнде есептелетiн комиссиялық сыйақылар есептелетiн меншiктi қаражатын есептеу жөнiндегi баланстық шоттар қаржылық инвестициялардың өтелуiне немесе iске асырылуына қарай жабылады. 
      Комиссиялық сыйақылардың аударымдары инвестициялық кiрiстен пайыз түрiнде айына бiр рет айдың соңында жүргiзiледi, оның сомасы дәйектi алынған инвестициялық кiрiстен артық емес". 
      8. Заң бөлiмi (Ю.Н. Лысенко) "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жарналарының есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 14 қазандағы  N 11-Ө бұйрығымен бекiтiлген, 29.02.2000 жылғы N 14-Ө осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн және оны мемлекеттiк тiркеуден кейiн күшiн қолдануға енгiзсiн.    

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады