Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi агентiгiнiң 2000 жыл сәуiрдiң N 01/7 Бұйрығына енгiзiлген толықтырулар және өзгертулер туралы "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасағанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 23 тамыздағы N 0-1/117 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1242. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жыл сәуiрдiң 5 N 3444 "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" Жарлығының  1 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жыл наурыздың 6 N 349 Жарлығымен  бекiтiлген, экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасағанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференциялар ережесiнiң 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жыл сәуiрдiң 14 N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасағанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына  келесi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуге:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 3 қосымшаның "2002 жылға дейінгi мерзiмде отандық және шетелдiк тiкелей инвестиция тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмi", 2 тарауына "Өңдейтiн өнеркәсiп", келесi жолдардың мазмұнын енгiзуге:
      "Қант өндiру
      Үздiксiз болат құю технологиясын қолдана отырып, қапталған және қапталмаған қара металл прокатын өндiру";
      "Жиhаз құрау" жолын келесi жолдың мазмұнымен алмастыруға:
      "Жиhаз және фурнитура өндiру".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуге алынған күннен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады