2000 жылға арналған Есептеу кезеңінің ұзақтығын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 13 желтоқсан N 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 желтоқсан N 1327 тіркелді. Бұйрықтың күші тоқтатылды - ҚР Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаменті директорының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 4-0-9/4 хатымен.

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі  Заңына  сәйкес және 2000 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті уақытылы жасау мақсатында Бұйырамын: 
      1. 2000 жылға арналған бюджетте бекітілген өткен жылы қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген шығыстар бойынша, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша ресми трансферттерді 2001 жылғы 4 қаңтардан бастап 6 қаңтарды қоса алғанда бюджеттерге есепке алу жөнінде қорытынды операциялар жүргізу үшін 2000 жылға арналған Есептеу кезеңінің ұзақтығы белгіленсін. 
      2. Бюджет департаменті мен Қазынашылық комитеті осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық қазынашылық органдарына дейін жеткізсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.     

       Министрдің міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады