Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 7 қыркүйектегi № 299 "Шаруашылық есептегi "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны туралы" шешiмiне өзгерту енгiзу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 27 қазандағы № 340 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2000 жылғы 15 қарашада № 437 болып тiркелдi

      Облыс әкімінің 2000 жылғы 7 қыркүйектегі № 299 "Шаруашылық есептегі "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы" шешімінің 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. "Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жарғысы бекітілсін (қоса тіркелді)."

      С. Нұрғисаев

  Облыс әкімінің
  2000 жылғы 22 казандағы
  N 340 шешімімен
  бекітілген

"Қызылордасушаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

1. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1.1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік "Кызылорласушаруа-шылығы" кәсіпорыны, кейін "Кәсіпорын", Қызылорда облысы әкімінің 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 299 шешімімен құрылды.

      1.2. Қызылорда облысының әкімі кәсіпорынның құрылтайшысы болып және оған дегенде меншік иесі болып табылады

      1.3. "Кәсіпорын" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға жатады, өз жұмысын шаруашылық есепте жүргізеді.

      1.4. "Кәсіпорын" өз жұмысында осы жарғыны, "Мемлекеттік кәсіпорын" туралы Заңды және басқа да заң күші бар құжаттарды басшылыққа алады.

      1.5. "Кәсіпорын" заңды тұлға болып есептелінеді, өзінің балансы, банкіде есеп шоты, Казақстан Республикасының гербі және кәсіпорынның аты жазылған мөрі болады.

      Кәсіпорынның тұрақты мекен жайы: Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 66.

2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

      2.1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның негізгі жұмыстары мен мақсаттары мыналар болып табылады:

      - су шаруашылығы объектілерін, каналдарды, коллекторларды, шаруашылықаралық каналдарда орналасқан құрылыс объектілерін, су қоймаларын, тоспаларды, насос станциясын, дамбыларды және басқа құрылыстарды дұрыс пайдаланып олардың пайдалану мерзімін ұзарту;

      - суды пайдалану және реттеу кезінде бірінғай ғылыми-техникалық, инвестициялық саясат жүргізу, су шаруашылығын өркендету. Су жеткізіп беру қызметіне ақы алуды және оны дамытудың экономикалық шараларын қарастыру;

      - суды тиімді пайдаланудың қала, ауыл халқына, ауылшаруашылық тауарларын өңдірушілерге және басқа да су пайдаланушыларға суды бекітілген жоспар бойынша уақытылы және кедергісіз жеткізу;

      - облыс экономикасының суға деген қажеттілігіне сәйкес, аудандар бойынша сумен қамтамасыз ету және пайдаланудың негізгі бағдарламасын жасау;

      - халықаралық су бассейіндері мен су жүретін трактлар бойынша суды бөлу және су ресурстарын қорғау жөнінде облыстың мүддесін қорғау;

      - су шаруашылығын дамыту және сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс еңгізу ;

      - су шаруашылығындағы құрылыс объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын және жаңадан құрылыс объектілерін салуда жоба-сметалық құжаттармен қамтамасыз ету ;

      - су ресурстарын пайдалану, ластану мен құрғап кетуден қорғау жөнінде бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан барлық ұйымдар мен мекемелердің жұмысын үйлестіру:

      - суды үнемдеу технологиясын енгізу арқылы су пайдаланудың жоспары мен есебін жасауға, лимитін анықтауға қатысу;

      - жер үсті суларын пайдалану жөнінде жаңадан құрылыс салу. кәсіпорын орналастыру, құрылыстар, жөндеу жүмыстарының техникалық есептерін жасау жұмыстарына қатысу;

      - су шаруашылығындағы құрылыс объектілерін жөндеу және қайта тұрғызу жұмыстарына қатысу;

      - су шаруашылығы объектілерін салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тапсырыс беруші мекеменің міндетін атқарып немесе қарамағындағы басқа мекемеге өз өкілеттігін беру;

      - су жүйелері мен объектілерінде ведомстволық гидрометриялық жұмыстар жүргізу және оларды метрологиялық қамтамасыз ету;

      - бекітілген түрде бухгалтерлік есеп, баланс және статистикалық есептер жургізу, оларды дұрыс және уақытылы беру, құрылымдағы мекемелердің жылына 1 рет есеп-қисап жұмысын тексеруге қатысу;

      - суармалы жерлерді пайдалану және дамыту, құрылыс объектілерін салу жұмыстарына қатысу;

      - суды үнемді және тиімді пайдаланудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін кенінен насихаттау:

      - шаруашылықаралық каналдарда, су қоймаларында және басқа да құрылыс объектілерінде төтенше жағдайларды болдырмау шараларын және оны жою жұмыстарына қатысу;

      - су шаруашылығы мекемелерінде техника қауіпсіздігін, өндіріс тазалығы мен мәдениетін арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жұмыстарымен айналысу;

3. Кәсіпорын құрылымы және басқару

      3.1. Кәсіпорынның құрылымына заңды тұлға ретінде мына мекемелер кіреді және кәсіпорын оларға құрылтайшы болып келеді

      - "Жанақорғансушаруашылығы" еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ЕКМК)

      - "Шиелісушаруашылығы" ЕКМК

      - "Қызылордасушаруашылығы" ЕКМК

      - "Сырдариясушаруашылығы" ЕКМК

      - "Жалағашсушаруашылығы" ЕКМК

      - "Қармақшысушаруашылығы" ЕКМК

      - "Қазалы су шаруашылығы" ЕКМК

      - "Қызылорда су торабы" ЕКМК

      - "Қазалы су торабы" ЕКМК

      Кәсіпорын өз бетінше құрылымды анықтайды және бөлім, учаскелер құрып, штатты бекітеді.

      3.2 Өкілетті орган кәсіпорынды мемлекеттік түрде басқарады.

      3.3. Кәсіпорынның басқару органы, заңды тұлға болып есептелетін директор, оны өкілетті орган бекітеді және ол сол орган алдында есеп береді.

      Директор сонымен қатар су шаруашылығы мәселелері туралы облыс әкімі құрған алқалық орган алдында да есеп береді.

      3.4. Директор өзінің құзыры аумағында кәсіпорынға тиісті барлық мәселелерді шешеді және оны жеке басқару принципі арқылы жүргізеді.

      3.5. Директор сенім хатсыз-ақ, кәсіпорын атынан барлық тиісті органдарда оның мүддесін қорғайды, келісім шартқа отырады, банкіден есеп-шот ашады, сенім хат, бұйрық, жұмысшы-қызметкерлердің бәріне тапсырма береді және кәсіпорынның мүлкіне басшылық етеді.

      Директордың осы жарғыға қарама-қайшы әрекеті оның еңбек заңдылығын бұзғандығын көрсетеді және тиісті шаралар қолдануға мәжбүр етеді.

      3.6. Директор еңбек заңдылығына және өзіне берілген құқыққа байланысты кәсіпорынға жұмысшылар қабылдап, оларды жұмыстан босатады, оларға тиісті марапаттау және сөгіс жариялау шараларын қолданады.

      3.7 Кәсіпорын директорының орынбасарын, бас инженерін директордын ұсынуымен өкілетті орган жұмысқа қабылдап және жұмыстан босатады.

      3.8. Еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың бастықтарын, бас инженерлерін, орынбасарларын және бас есепшілерін жұмысқа жергілікті органның ұсынысымен директор қабылдап және босатады.

      3.9. Еңбек ұжымының басты органы жұмысшылардың жалпы жиналысы болып есептелінеді.

      Кәсіпорын жұмыс кестесін қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес өзі бекітеді.

      Кәсіпорынның еңбек ұжымы келісім шарт, контракті арқылы еңбек етіп жүрген жұмысшы-қызметкерлерден тұрады. Еңбек ұжымының барлық мүшелері еңбек заңдылықтарында көрсетілген барлық құқық пен міндетке ие.

4. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ МҮЛКІ.

      4.1. Кәсіпорынның мүлкі негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттан және кәсіпорыннын балансында көрсетілген басқа да құндылықтардан тұрады.

      4.2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және салымдар (үлес, пай) бойынша үлестірілмейді, оның ішінде кәсіпорынның жұмысшы-қызметкерлеріде бар.

      4.3. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мыналардан құралады:

      - меншік иесі берген мүліктен;

      - шаруашылық жүргізуден тапқап табыстан сатып алынатын мүліктен;

      - зандылыққа қайшы емес , басқа да табыс көздерінен

5. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ ЖӘНЕ РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛЫ.

      5.1. Кәсіпорынның жарғылық капиталын оның құрылтайшысы анықтайды. Жарғылық капиталдың көлемі 2088393 мың теңге.

      5.2. Кәсіпорын жарғылық капиталдың 10 % көлемінде таза пайданың кәсіпорында қалған бөлігінен резервтік капитал құрайды.

      5.3. Резервтік капиталдың қаражаты шеккен зиянды, бюджет алдындағы қарызды, мемлекеттен алған кредит пен оның процентін жабуға басқа қаражат көзі жетпеген жағдайда жұмсалады.

6. КӘСІПОРЫНМЕН ӨКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ

      6.1. Өкілетті орган :

      - кәсіпорынның жарғысын бекітеді және оның құрылтайшысы болады;

      - заңдылыққа сәйкес кәсіпорын басшысын жұмысқа қабылдап және босатады;

      - кәсіпорынға мемлекеттік тапсырысты жеткізіп, оның орындалуын қадағалайды;

      - кәсіпорынға мүлікпен жұмыс жасауға және еншілес кәсіпорын құруға рұқсат береді:

      - кәсіпорынға еңбекақы қорын анықтап жеткізеді, басшылардың лауазымдық айлығын және сыйлық түрі мен көлемін бекітеді.

      6.2. Кәсіпорын меншік иесінің және монополияға қарсы органның келісімінсіз кәсіпкерліктің мына түрлерімен айналысуға кұқығы жоқ:

      - өз қарамағыңдағы ғимарат, құрылыс объектілерді, құрал жабдықтар мен басқа да негізгі қорларды сатуға , басқаға беруге, айырбастауға және ұзақ мерзімге "3 жылдан жоғары" уақытқа жалға және уақытша ақысыз пайдалануға;

      - өкілетті органның келісімінсіз филиал және еншілес кәсіпорын құруға;

      6.3. Кәсіпорын мүлік арқылы тапқан қаржыны өз бетінше жұмсайды.

7. КӘСІПОРЫН ӨНДІРГЕН ТАУАР БАҒАЛАРЫ

      7.1. Кәсіпорын өндірген тауар және көрсеткен қызмет бағалары оларға жұмсалған шығынды толық жауып, олардың зиянсыз және өндірісті қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс.

      7.2. Мемлекетгік тапсырыс бойынша орындалатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің бағасы өкілетті органмен келісіліп табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі жергілікті комитет бекітеді.

      7.3. Мемлекеттік тапсырыстан тыс көрсетілетін қызмет түрлері мен атқарылатын жұмыстар бағасын кәсіпорын өз бетінше бекітеді.

      7.4. Атқарылған жұмыстар көрсетілген қызмет түрлерінің бағасы көтеріліп кетпеу үшін, бағаны мемлекетгік реттеу, монополияға қарсы заңдылықтарға сәйкес жүргізіледі.

8. КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      8.1. Кәсіпорын еншілес кәсіпорындардың аударған қаражаты және өзінің тапқан табысы арқылы қаржыландырылады

      8.2. Кәсіпорынның тапқан табысы оның жұмсаған шығынын жабуға, бюджет төлемдерін, әлеуметтік қамсыздандыруға және басқа шығындарға жұмсалады. Кәсіпорында қалған таза пайда өндірісті дамыту қорына және басқа бағыттарға жұмсалады.

      8 3. Кәсіпорынның қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылып немесе көмек алуына болады.

      8.4. Таза пайданың меншік иесіне тиесілі бөлігі өкілетті органмен жылда нақтыланып Қаржы Министрлігінің жергілікті органының келісімімен пайданы бөлу нормативтеріне сәйкес тиесілі бюджеттерге аударылады.

9. ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ.

      9.1. Еңбекақы және сыйлық төлеу Казақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдылықтарға сәикес жүргізіледі.

      9.2. Кәсіпорын директорының лауазымдық еңбек ақысы мөлшерін Казақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес облыс әкімі бекітеді. Облыс әкімі бекітілген еңбекақы қорының көлемінде кәсіпорын директорының еңбекақысына қосымша ақы тағайындайды

      9.3. Еншілес кәсіпорындардың еңбекақы қорынын, мөлшерін еңбекақы төлеудің түрін, штат кестесін кәсіпорын директоры бекітеді. Кәсіпорын директорының бекітілген еңбекақы қорының көлемінде аппарат қызметкерлерінің және еншілес кәсіпорындар басшыларының еңбекақысына қосымша тағайындауға құқығы бар.

10. Өзара жауапкершілік

      10.1. Кәсіпорын өзінің міндеттері алдында қарамағындағы мүліктермен жауап береді.

      10.2. Кәсіпорын меншік иесінің міндеттері үшін жауап бермейді.

      10.3. Мемлекет өкілетті органның іс-әрекетінен банкрот болған жағдайдан басқа кезде көсіпорын міндеттері үшін жауап бермейді.

      Өкілетті органның іс әрекетінен банкрот болған жағдайда, мемлекет кәсіпорын міндеттемелері үшін жауап беріп, кәсіпорын қаржысы жетпеген кезде кредиторлардың талабын өтейді.

11. Өзара келіспеушілікті шешу

      11.1. Кәсіпорын өкілетті органның таза пайданы алу, мүлікті кайта бөлу, мемлекеттік тапсырысты орналастыру, кәсіпорын көрсететін қызмет түрі мен атқарылған жұмыстарға баға белгілеу және тағы басқа кәсіпорынның құқығы бұзылатын іс әрекеттерін сот арқылы шешуге құқылы.

12. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ МЕН ТАРАТУ

      12.1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру және тарату Қызылорда облысы әкімінің шешімімен жүргізіледі.

      12.2. Кәсіпорын азаматтық заңдарда көзделген басқа да негіздер бойынша да таратылуы мүмкін. Кәсіпорынды қайта құру немесе таратуды өкілетті орган жүргізеді. Кәсіпорын Казақстан Республикасының мемлекеттік реестрінен шығарылған соң қайта құрылды немесе таратылды деп есептелінеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады