Бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензиялар иеленген ұйымдардың аудиторлық есептер ұсынулары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының қаулысы 2001 жылғы 14 мамырдағы N 825. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1560. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 392 қаулысымен.

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 392 қаулысымен.

      --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 392 қаулысына Қосымша    

Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi

      ...
      10. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензиялар иеленген ұйымдардың аудиторлық есептер ұсынулары туралы" 2001 жылғы 14 мамырдағы N 825 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тізілімінде N 1560 тіркелген, "Қазақстан бағалы қағаздар рыногы" журналының қосымшасында жарияланған, 2001 жыл, N 5 (12) ).   

------------------------------------

      "Аудиторлық қызмет туралы"  Z980304_  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы заңының 4-бабы 2-тармағын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  U973755_  жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 37) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. Ұлттық комиссия берген лицензияның негiзiнде бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыратын ұйым соңғы аяқталған қаржы жылындағы өзiнiң жылдық қаржылық есебiне аудиторлық есептердi жыл сайын Ұлттық комиссияға мынадай мерзiмдерде ұсынатындығы белгiленсiн: 
      1) банктiк емес ұйымдар - есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей; 
      2) екiншi деңгейдегi банктер және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар - аталған ұйымдардың соңғы аяқталған қаржы жылындағы жылдық қаржылық есебiне аудиторлық есептер ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi    белгiлеген мерзiмдерде. 
      2. Банктiк емес ұйымның жылдық қаржы есебiне аудиторлық есеп ұсыну мерзiмiн оның өтiнiшi бойынша аталған есептiң аудитiн осы Қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мерзiмде аяқтауға мүмкiндiк болмаған жағдайда және осындай аудиттiң есептi жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанында басталу шартымен Ұлттық комиссия жылдың 10 қыркүйегіне дейiн ұзартатындығы белгіленсiн. 
      3. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн 2002 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiлетiндiгі белгіленсiн.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау департаментi:
      1) осы Қаулыны (ол қолданысқа енгізiлгеннен кейiн) Ұлттық комиссия берген лицензиялардың негізiнде бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып    табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.    

       Ұлттық комиссияның Төрағасы

      Қазақстан Республикасының
         Ұлттық Банкімен
           келісілген     

     Ұлттық Банктің Төрағасы     

     2001 жылғы 11 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады