Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2000 жылғы 4 сәуiрдегi N 97 "Элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерiн бекiту туралы" бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1563. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 385 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.06.20 N 385 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының  1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 20 маусымдағы  
N 385 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...;
      2. ...;
      3. "Элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялаудың ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 шілдеде N 1563 тіркелді; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2001 жыл, N 29, 469-құжат);
      4. ...;
      5. ...;
      6. .... 
-----------------------------  

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы  Z010143_  "Астық туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Z952200_  "Лицензиялау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 сәуiрдегi N 522  P010522_  "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2001 жылғы 4 сәуiрдегi N 97  V001124_  "Элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерiн бекiту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерiн бекiту туралы"; 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерiне: 
      1) атауы мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерi"; 
      2) 1, 2, 3, тармақтардағы "элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, қайта өңдеу" деген сөздер "астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 3 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "3. Астықты сақтау қызметiнiң айрықша (жалғыз) түрi құқығында жүзеге асырылатын меншiк құқығында астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензиялау субъектiлерi болып табылады"; 
      4) 4 тармақтағы "немесе жеке" деген сөздер алынып тасталсын; 
      5) 5 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "5. Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
      1) астық қабылдау кәсiпорыны - астықты сақтау қызметiнiң айрықша (жалғыз) түрі құқығын жүзеге асыратын меншік құқығында астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға; 
      2) астықты сақтау - астықты қабылдауды, өңдеуді, сақтауды және тиеп жөнелтуді қосатын астық қабылдау қоймасы жүзеге асыратын іс-шаралардың технологиялық кешені; 
      3) астықты қабылдау - иесі тапсыратын астықты өте тиімді орналастыру және сақталуын қамтамасыз ету үшін оның мөлшері мен сапалық көрсеткiштерін анықтау, сондай-ақ астықты сақтауға өткізген заңды және жеке тұлғалардың есебi жөніндегі астық қабылдау кәсіпорындары жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы; 
      4) астықты өңдеу - технологиялық операциялардың жиынтығы (кептіру, өңдеу, өлшеу); 
      5) кептіру - шикі және дымқыл астықты қолданылып жүрген стандарттарға сәйкес оның әрі қарай сақталуын және тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ететін көрсеткіштерге жеткізу жөніндегі технологиялық процедуралар мен операциялардың жиынтығы; 
      6) тазалау - қолданылып жүрген стандарттарға сәйкес оны мақсатты пайдаланылу, әрі қарай сақтау және тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету талаптарына жеткізу жөніндегі технологиялық процедуралар мен операциялардың жиынтығы; 
      7) өлшеу - астықтың, жарамды қалдықтардың, жарамсыз қалдықтардың қабылдау, өңдеу, кептіру, тиеп жөнелту кездеріндегі көлемін дұрыс таразыларда анықтау; 
      8) тиеп жөнелту - астық қабылдау кәсіпорындарының көлік құралдарының барлық түрімен астықты сыртқа шығару үшін босатуы; 
      9) астық қабылдау кәсіпорындары үшін шек қойылған қызмет - астық қабылдау кәсіпорындарының ерекше (жалғыз) қызмет түрі - астықты сақтауға жатпайтын басқа да кез келген қызметі, сондай-ақ астықты сақтау жөнiндегі қызмет көрсету рыногында астық қабылдау кәсiпорындары үшiн тиым салынған үстемдік жағдаймен айналысатын қызметi"; 
      6) 6 тармақтағы "элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау және қайта өңдеу жөніндегі" деген сөздер "астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      7) 7 тармақтың: 
      2) тармақшасындағы "және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын нотариальды расталған құжаттарының көшірмесі" деген сөздер алынып тасталсын; 
      4) тармақшаның: 
      екінші абзацындағы "элеваторы" деген сөз "астық қабылдау кәсіпорыны" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртінші абзацындағы "және оның қайта өңдеу өнiмдері" деген сөздер алынып тасталсын; 
      жетінші абзацындағы "астық пен оның қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, кептіру, өңдеу және қайта өңдеу" деген сөздер "астықты сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8) мынадай мазмұндағы 7-1 тармағымен толықтырылсын: 
      "7-1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" Заңының 25, 28, 29, 31 баптарына сәйкес көрсетілген құжаттарды беру кезінде мәлімдеуші заңнамалық актілермен белгіленген жағдайларда уақытша басқаруды кіргізу мүмкіндігі және астық қабылдайтын кәсіпорындарды басқару жөніндегі құрылтайшылардың құқығын шектеу жайлы хабарландырылуға (таныстырылуға) жатады. Хабарландыру Лицензиардың лицензия алуға арналған өтінімдерді тіркейтін журналдарында тіркеледі және мәлімдеушіге жазбаша қол қойылып беріледі."; 
      9) 9 тармақтағы "элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, қайта өңдеу" деген сөздер "астық қабылдау кәсіпорындарында нақты астық қоймаларын (элеваторы, астық қабылдау кәсіпорындары) көрсетумен астықты сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      10) 10 тармақтың бесінші абзацындағы "2000 жылғы 22 ақпандағы N 273" 

 

деген сөздерден кейінгі "элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу 

өнімдерін қабылдау, сақтау, қайта өңдеу" деген сөздер "астықты астық 

қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

     11) 13 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

     "13. Лицензия сот тәртібiмен қайтарылып алынуы мүмкін:

     1) біліктілік талаптарды Лицензиат бұзғанда;

     2) Лицензиаттың өзі жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрімен 

айналысуына сот тиым салғанда;

     3) Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер 

жойылмаса;

     4) Лицензия алған кезде Лицензиат көрнеу жалған ақпарат берген 

жағдайларда;

     12) 15 тармақта:

     бiрiншi және екiншi абзацтар алынып тасталсын;

     төртінші абзацтағы "жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметін тоқтату" деген 

сөздер алынып тасталсын;

     13) мынадай мазмұндағы 15-1 тармағымен толықтырылсын:

 
      "15-1. Егер астық қабылдау кәсіпорынын уақытша басқару астық жөніндегі қолхат міндеттемесін орындау қабiлеттiлігiн қалпына келтірмеген жағдайда, Лицензиар белгіленген заңнамалық тәртіппен лицензияны қайтып алуы және астық қабылдау кәсіпорынын жоюды бастауы мүмкін"; 
      14) мынадай мазмұнда 18-1 тармағымен толықтырылсын: 
      "18-1. Астық қабылдау кәсіпорынының астықты сақтау жөніндегі қызметті жүргізу лицензиясының қимылын Лицензиар алты айға дейінгі мерзімге: 
      1) астықты сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі келісілген міндеттемелерді әрдайым ықтиятты (алты календарлық ай ішінде екі рет немесе одан көп) орындамағаны; 
      2) заңнамамен қарастырылған фитосанитарлық нормаларды бұзғандығы; 
      3) құқықтық нормативтiк актiлердi бұзғандығы не Лицензиардың бiлiктiлiк талаптарға жататын жазбаша ескертпелерiн орындамағаны; 
      4) астық қабылдайтын кәсiпорындарына шек қойылған қызметтi жүзеге асырғаны - үшiн тоқтатады; 
      15) 25 тармақтағы "элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, қайта өңдеу" деген сөздер "астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      16) мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2 тармағымен толықтырылсын: 
      "29-1. Лицензиат қажеттi құжаттарды ұсыну арқылы объектiнiң жыл сайынғы жаңа егiннiң астығын қабылдауға дайындығының актiсiн тапсырады. 
      29-2. Лицензиат статистикалық мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша Лицензиар белгiлеген үлгiлерi мен мерзiмдерi жөнiндегi бiлiктiлiк талаптарын сақтау мәселелерi жөнiндегi есептердi тапсыруға мiндеттi"; 
      17) 30 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "30. Лицензиар астық қабылдайтын кәсiпорындарда астықты сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиялардың бiрыңғай реестрін жүргiзедi. Оған лицензияларды беру, олардың қимылын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы барлық мәлiметтер кiргiзiледi". 
      2. Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармалары 

 

және Астық департаментi осы бұйрыққа сәйкес шаралар қолдансын.

     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген 

күнiнен бастап күшiне енедi.

     4. Осы бұйрықтың орындалысын бақылау вице-Министр А.И. Мырзахметовке 

жүктелсiн.

     

     Министр

     

     

     

     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Икебаева Ә.Ж.

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады