Астық қолхаттарын берудің, айналымының және жоюдың ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2001 жылғы 11 қазандағы N 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 31 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1664. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2005 жылғы 11 ақпандағы N 112 (V053486) бұйрығымен.

     "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру республика экономикасының аграрлық секторына инвестиция тарту үшін баламалы қаржы тетігін құру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру және сауда тетігін дамыту мақсатында Бұйырамын :
     1. Астық қолхаттарын берудің, айналымының және жоюдың ережесі бекітілсін.
     2. Стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті (Тажмакин Д.Қ.):
     1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
     2) Астық департаментімен бірлесіп (Боранғазиев Б.Қ.) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.   

    Министр

    "Келiсiлдi"                         Қазақстан Республикасы
    Қазақстан Республикасы           Ауыл шаруашылығы министрiнiң
    Ұлттық банкiнiң төрағасы            2001 жылғы 11 қазандағы
     2001 жылғы 12 қазан              N 323 бұйрығымен бекітілген

Астық қолхаттарын берудің,
айналымының және жоюдың ережесі

1. Жалпы ережелер

     1. Астық қолхаттарын берудің, айналымының және жоюдың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және астық қолхаттарының берiлуiне, айналысына және жойылуына байланысты қатынастарды реттейдi.
     2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
     1) астық қолхаты - астық иесiнен астықтың сақтауға қабылданғанын растап, астық қабылдау кәсiпорны беретiн қоймалық қос куәлiк;
     2) қойма куәлiгi - оның иесiнiң астыққа иелiк ету құқығын куәландыратын, астық қолхатының бiр бөлiгi;
     3) кепiл куәлiгi - оның иесiнiң астыққа иелiк ету құқығын куәландыратын астық қолхатының бiр бөлiгi;
     4) астық қолхатының иесi - меншiк иесi және (немесе) астық қолхатының атаулы иесi;
     5) кепiл куәлiгiнiң иесi - меншiк иесi және (немесе) кепiл куәлiгiнiң атаулы иесi;
     6) қойма куәлiгiнiң иесi - меншiк иесi немесе қойма куәлiгінiң атаулы иесi;
     7) индоссамент - астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша құқықтардың басқа тұлғаға ауысуын куәландыратын табыстама қолхат;
     8) индоссант - астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша талаптар мен мiндеттерге құқық беретiн тұлға;
     9) индоссат - астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша талаптар мен мiндеттердi қабылдаушы тұлға;
     10) астық қолхаттарының тiзiлiмi - астық қолхаттарын берудiң және өтеудiң есебiн жүргiзетiн құжат;
     11) есептелген нақты салмақ - астықтың иесi мен астық қабылдау кәсiпорны арасында келiсiммен анықталған нормаға келтiрiлген ылғалдылық пен арамшөп қоспалары бойынша астықтың нақты салмағы. Есептелген нақты салмақ тек қана астық қолхаттарын толтыру кезiнде қолданылады.
     3. Астық қолхаты және куәлiктердiң әрбiрi өз алдына құжатталған, ордерлiк бағалы қағаз болып табылады, олар жайында эмиссиялық бағалы қағаздардың құқықтық режимi таратылмайды.
     4. Атаулы астық қолхаттарын ұстаудан және олардың бағалы қағаздар рыногындағы айналысынан туындайтын қатынастар, бағалы қағаздар рыногы туралы заңмен реттеледi.

2. Астық қолхаттары мен оның куәлiктерiн
беру тәртiбi

     5. Астық қабылдау кәсiпорны астықты сақтауға алған кезде мыналарды растайтын астықтың иесiне астық қолхатын беруге мiндеттi:
     1) астыққа меншiк құқығы;
     2) астық иесiнiң алғашқы талабы бойынша немесе келешекте белгiлi бiр уақытта қолхатта көрсетiлген астықты беруге астық қабылдау кәсiпорнының сөзсiз мiндеттiлiгi;
     3) оны кепiлге берген жағдайда кепiл иесiнiң астыққа құқығы.
     6. Астық қолхаты астық сақтауға қабылданған кезде астық қабылдау кәсiпорнынан қабылданған астықтың жөнелтпе құжаты бойынша, сондай-ақ көтерме сатудан кепiлдiк куәлiктi сатып алған жағдайда берiледi.
     7. Астық қолхаты астықтың сапасы бойынша бiркелкi берiледi. Берiлетiн астық қолхаттарының саны астық иесiнiң өтiнiмi бойынша анықталады.
     8. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхатын астықтың иесi белгiлеген мерзiмде, бiрақ астық сақтауға қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
     9. Астық қабылдау кәсiпорындары өзiнiң иелiгiндегi астыққа астық қолхаттарын жазып беруге құқылы. Мұндай жағдайда астық қолхатында астықты сақтауға берген заңды тұлға ретiнде астық қабылдау кәсiпорны көрсетiледi.
     10. Астық қолхаттары осы Ережелерге Қосымшаға сәйкес нысан бойынша хронологиялық тәртiппен жүргiзетiн астық қолхаттарының тiзiлiмiнде тiркелiп және астық иесiнiң қолы қойылып оған берiледi және мынадай деректерден тұрады:
     1) жазбаның кезектi нөмiрi;
     2) қабылданған астықтың жөнелтпе құжатының нөмiрi;
     3) АШМ коды;
     4) астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрi;
     5) астық қолхатының берiлген күнi;
     6) астық иесiнiң атауы (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты);
     7) астықты сақтау шартының нөмiрi және күнi;
     8) дақылдардың түрi;
     9) сыныбы;
     10) өнiм алынған жыл;
     11) сорты;
     12) репродукциясы;
     13) егiстiк стандартының сыныбы;
     14) есептелген нақты салмақ;
     15) ылғалдылығы;
     16) қоспалар (арамшөптi, дәндi);
     17) дән маңызы;
     18) дерттенуi;
     19) жылтырлығы;
     20) табиғи болмысы;
     21) дейiн сақтау мерзiмi;
     22) дейiн сақтауға төленген;
     23) ерекше белгiлерi;
     24) алу кезiндегi астық иесiнiң қолы;
     25) астық қолхатын қайтару туралы АҚК жауапты қызметкерiнiң қолы;
     26) өтеу түрi;
     27) астық қолхатын өтеу күнi;
     28) өтеуге жауапты тұлғаның қолы;
     29) кепiл шарттары туралы мәлiмет (сомасы мен тауарға арналған кепiлдiк құқығын белгiлеу мерзiмдерi).
     11. Жаңа астық қолхаты және оның куәлiктерiнiң әрбiрiн мынадай жағдайларда астық қабылдау кәсiпорны:
     индоссаменттi көрсету үшiн оларға бос орын болмағанда;
     олар табиғи тозған кезде;
     осы Ереженiң 8-тарауының талаптарына сәйкес, олардан айрылғанда беруi мүмкiн.

3. Астық қолхаты бойынша
құқықтардың қайта шегiнiмi

Табыстау жазбаларын жасаудың тәртiбi

     12. Астық қолхаты және оның куәлiктерi бойынша қайта шегiнiм оларға сәйкес индоссаменттердi iске асыру жолымен жүзеге асырылады. Қойма және кепiл куәлiктерiн бiрге немесе табыстама жазба бойынша жеке-жеке беруге болады. Қоймалық және кепiлдiк куәлiктердiң қайырма жақтарында белгiленген тәртiппен iске асырылған табыстама жазбалардың үздiксiз қатары астық қолхаты және оның куәлiктерi бойынша соңғы табыстама жазбада көрсетiлген тұлғаларға құқықтардың ауысуының дәлелi болып табылады.
     13. Егер кепiл куәлiгi астық қолхатынан бөлiнбеген жағдайда ол бойынша құқықтардың қайта шегiнiмi кезiнде тараптар қойма куәлiгiнiң қайырма бетiне ғана табыстама жазба жасайды. Бұл жағдайда кепiл куәлiгiнде табыстама жазбасын жасаудың қажетi жоқ.
     14. Кепiл куәлiгiн берушi тұлға осы кепiл куәлiгiн бөлген астық қолхатының иесi болып табылады және кепiл куәлiгi бойынша мiндеттемеде бiрiншi борышкер болып табылады.
     15. Астық қабылдау кәсiпорындарында сақтаудағы астықтың кепiлi индоссаменттiң кепiлдiк куәлiгiнде немесе кепiл туралы тиiстi шарт жасаумен астық қолхатының кепiлiн iске асыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
     Кепiлдiк куәлiгiнде индоссаменттi iске асыру жолымен астық кепiлi кезiнде осы кепiлдiк куәлiк қойма куәлiгiнен бөлiнедi және индоссатқа беруге болады. Индоссат кепiлдiк куәлiк бойынша құқықтарға иелiк еткен күннен бастап үш календарлық күн iшiнде, астық кепiлi туралы, көрсетiлген кепiлдiк куәлiк берген астық қабылдау кәсiпорнын хабардар етедi.
     Астық қолхатының иесi кепiлдiк куәлiк қойма куәлiгiнен бөлiнген кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген астыққа ақшалай талап туралы мәлiметтi кепiлдiк куәлiгiнде көрсетуге және сомасы мен тауарға белгiленген кепiлдiк құқық мерзiмдерi туралы астық қабылдау кәсiпорнына хабарлауға мiндеттi. Кепiлдiк куәлiктiң терiс жағында кепiлдiк куәлiктi берушi және қабылдаушы тұлға индоссамент жасауға мiндеттi.
     Ақшалай талап туралы көрсетiлген мәлiмет осы кепiлдiк куәлiкке қарсы белгiлi бiр ақша сомасын сыйақысымен, егер ол белгiленсе төлеу мiндеттемесi болып табылады. Кейiннен кепiлдiк куәлiкпен кез келген мәмiле, егер қойма куәлiгi бөлiнген кезде кепiлдiк куәлiгiнде кепiлдiк куәлiк бойынша мiндеттемелер туралы белгiлер болмаса заңсыз болады.
     Кейiннен осындай кепiлдiк куәлiктiң әрбiр жаңа иесi кепiлдiк куәлiктi қайта табыстау кезiнде кепiлдiк куәлiктi сатып алған күннен бастап үш күн мерзiмде кепiлдiк куәлiк бойынша олардың сатып алған құқықтары, сондай-ақ кепiлдiк куәлiктiң деректемелерi туралы көрсетiлген кепiлдiк куәлiктi берген астық қабылдау кәсiпорнына жазбаша хабарлауға мiндеттi.
     Астық қолхатының иесi астық кепiлден босатылған жағдайда астық қабылдау кәсiпорындарында осы астық қолхатына айырбасқа астық немесе жаңа астық қолхатын алуға құқылы.
     16. Қойма куәлiгiнен бөлiнген кепiл куәлiгiн алған кезде, кепiл куәлiгiнiң бiрiншi иесi кепiлмен қамтамасыз етiлген ақшалай талаптар туралы мәлiметтердi қойма куәлiгiнде көрсетуге мiндеттi.
     17. Егер кепiл куәлiгiнен бөлiнген кезде қойма куәлiгiнде кепiлмен қамтамасыз етiлген астықтың ақшалай талаптары туралы мәлiмет көрсетiлмесе, қойма куәлiгiмен жасалған келесi кез келген мәмiле заңсыз болады.
     18. Осы Ереженiң талаптарын бұзумен орындалған индоссамент астық қолхаты және оның куәлiктерi бойынша құқықтардың ауысуын дәлелдеуге қызмет ете алмайды.

4. Астық қолхаты иесiнiң құқығы және
олардың жауапкершілігі

     19. Астық қолхатының иесi:
     астық қолхатында көрсетiлген көлемдегi қабылдау кәсіпорнында сақтаулы астыққа иелiк етуге құқығы бар;
     кепiл туралы мәлiметтерден тұратын астық қолхатын иеленген кезде, кепiл шартында көзделген мiндеттемелерi толық орындалғанға дейiн оны астық қабылдау кәсiпорнынан алмай-ақ астыққа иелiк етуге құқылы;
     табыстама жазбаны iске асыру жолымен астыққа меншiк құқығын беруге және астық қолхатының өзiн табыс етуге, бiрақ астықты ауыстырмай жүзеге асыруға болады;
     кепiлмен қамтамасыз етiлген астыққа талап ету мерзiмi қанағаттандырмаған жағдайда белгiленген заңдық актiлер тәртiбiмен оған берiлген астық қолхаты бойынша астықты сатуға және басқа несие берушi кепiлдiк берушiнiң алдында өзiнiң талабын батыл жабуға құқылы, ал түскен сома жеткiлiксiз болғанда заңға сәйкес астық қолхаты бойынша құқық берiлген барлық тұлғалардан алынбаған бөлiгiн өндiрiп алуына болады;
     сонымен ашық аукцион өткiзу туралы сенiмдi тұлғаға тиiстi тапсырма берiп кепiлмен қамтамасыз етiлген астықтың мiндеттемесiн орындау мерзiмi өткен мезеттен бастап соттан тыс мәжбүрлiк түрде кепiл заты болып табылатын астықты сатуды жүзеге асыруға құқылы.
     20. Қойма куәлiгiне иелiк ету үшiн кепiл куәлiгi иесiнiң келiсiмi қажет емес.
     21. Қойма куәлiгiнiң иесi осы Ережелермен белгiленген талаптарға жауап беретiн ұсынушыға (бұдан әрi - ұсынушыға аккредитив) қайтарып алынбайтын аккредитив ашуды растайтын жеке тұлғалардың (бұдан әрi - уәкiлеттi банкi) салымдарына (депозиттерiн) кепiлдiк берудiң ұжымдық жүйесiне қатысушы - екiншi деңгейдегi банкiнiң тиiстi құжатын астық қабылдау кәсiпорнына бергеннен кейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астық алуға құқылы. Егер кепiлдiк куәлiктiң иесi белгiлi болса, ұсынушыға аккредитив ашу дерегi туралы астық қабылдау кәсiпорны бұл ретте ұсынушыға аккредитив ашқан уәкiлеттi банкiнiң деректемелерiн хабарлап, тиiстi кепiлдiк куәлiктiң иесiн үш күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.
     Ұсынушыға арналған аккредитив осы Ережелердiң мақсаты үшiн құжатталған аккредитивтi бiлдiредi, ол кепiлдiк куәлiктiң иесiнiң келiсiмiнсiз өзгеруi немесе күшiн жоюы мүмкiн емес, ол ашылған кезде қойма куәлiгiнiң иесi ұсынушыға арналған аккредитив бойынша төлем ушiн осы ақшаны пайдалану шартымен өтеу үшiн кепiлдiк куәлiктi ұсынғанға дейiнгi мерзiмге арналған, кепiлдiк куәлiкте көрсетiлген ақшалай талап сомасындағы ақшаны аккредитив ашқан уәкiлеттi банкiнiң қарауына ұсынады.
     Ұсынушыға арналған аккредитив бойынша төлем мұндай аккредитивтiң орындалу шарттары сақталғанда, сондай-ақ кепiлдiк куәлiгiнiң реквизиттерi тиiс (астық қолхатының күнi, сомасы, нөмiрi, сериясы, сондай-ақ астық қабылдау кәсiпорнына - салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi, астық кепiлiмен қамтамасыз етiлген ақша талабы).
     22. Астық кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындаған жағдайда кепiлдiк куәлiктiң иесi ол бойынша уәкiлеттi банкiде ұсынушыға арналған аккредитив ашып, өтеу үшiн осы уәкiлеттi банкiге кепiлдiк куәлiктi ұсынуға құқылы.
     23. Астық кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мiндеттемелер бойынша төлемнiң мерзiмдерi аяқталғанда борышкер орындамағанда кепiлдiк куәлiктiң иесi оны астық қабылдау кәсiпорнына бередi.
     Осы Ереженiң 24-тармағына сәйкес ұсынушыға арналған аккредитив ашылған жағдайда өтем жүзеге асырылады;
     кепiлдiк куәлiк бойынша талаптарды өтеу, ұсынушыға арналған аккредитив болмағанда осы Ереженiң 25-тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
     24. Кепiлдiк куәлiктiң иесi ұсынушыға арналған аккредитив ашқан уәкiлеттi банкiге кепiлдiк куәлiктi көрсетуге мiндеттi. Уәкiлеттi банкi жоғарыда көрсетiлген құжат және кепiлдiк куәлiгiнде жасалған табыстама жазбалардың жүйелi қатарын ресiмдеудiң толассыздығы мен дұрыстығын тексерудiң, сондай-ақ кепiлдiк куәлiк иесiнiң құқықтылық куәлiгiн алғанда, уәкiлеттi банкi кепiлдiк куәлiктiң иесiнiң банк шотына, ұсынушыға аккредитив бойынша сақтауға берiлген ақшаны оның нұсқауына сәйкес аударады. Уәкiлеттi банкi аккредитив бойынша төлем жүргiзгеннен кейiн, уәкiлеттi банкi кепiлдiк куәлiктiң көшiрмесiн өзiнде қалдырады да, оның түпнұсқасын уәкiлеттi банкi "Өтелдi" деген белгiмен астық қабылдау кәсiпорнына қайтарады.
     25. Осы кепiлдiк куәлiк бойынша ұсынушыға арналған аккредитив жоқ болғанда және кепiлдiк куәлiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi борышкер орындамағанда, кепiлдiк куәлiктiң иесi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес берiлген астықты көтере сатуды ұйымдастыру тапсырмасымен сенiм берiлген тұлғаға талап мерзiмi өткенде баруға құқығы бар.
     Бұл ретте, кепiлдiк куәлiктiң иесi осы талаптардың мерзiмi өтпестен бұрын талаптардың орындалуы туралы астық қабылдау кәсiпорнына үндеуге құқылы. Мұндай үндеу кепiлдiк куәлiктiң талабы орындалмағанда рұқсат етiледi.
     26. Егер кепiлмен қамтамасыз етiлген талап тиiстi түрде орындалған жағдайда, кепiл куәлiгiнiң ұстаушысы индоссанттың пайдасына тиiстi тапсыру жазбасын кепiл куәлiгiнiң өзiне жазып, кепiл куәлiгiн оның индоссантына беруге мiндеттi.
     27. Қойма куәлiгiнiң иесi астықты сақтау шартына сәйкес астық қабылдау кәсiпорнының алдында жауапты болады.
     28. Жарамсыз боп қалған немесе бүлiнген астық қолхаты айырбастауға жатады. Бұл ретте астық қабылдау кәсiпорны оны беру кезiнде айырбасталатын астық қолхатына қатысқан астық қабылдау кәсiпорнының бұрынғы жазбаларымен жаңа астық қолхатын бередi.
     29. Бүлiнген астық қолхаты осы ережелерге сәйкес айналыстан алынып тасталады және ауыстырылады. Көрсетiлген тәртiппен айырбасталған астық қолхатын жою, астықты беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн үш жылдан соң болады.

5. Индоссанттардың құқығы мен олардың жауапкершiлiгi

     30. Астық қолхатында және (немесе) оның куәлiктерiнде көрсетiлген индоссанттар қолданыстағы заңдарға сәйкес бiр-бiрiне керi талап қоюға құқылы.
     31. Астық қолхатында және (немесе) оның қойма куәлiгiнде көрсетiлген индоссанттарына астықты беру туралы астық қабылдау кәсiпорнына ұсынылған талаптардың орындалмауы салдарынан қойма куәлiгiнiң иесiне келтiрiлген шығындардың орнын толтыру туралы талап қойылуы мүмкiн.
     32. Индоссанттарға талаптарды ұсыну астықты беру туралы талаптарды астық қабылдау кәсiпорындары орындамаған мiндеттемелерi ұсынған кезде астық қабылдау кәсiпорындарына ұсынылған астық беру туралы талаптар орындалмаған жағдайда ғана мүмкiн. Осы жауапкершiлiк астық қолхатын айналысқа шығару кезiнде астық қабылдау кәсiпорнының жауапкершiлiгiне ұқсас анықталады.
     33. Қойма куәлiгiнде көрсетiлген барлық индоссанттар кепiл куәлiгiнiң заңды иесiнiң алдында қолданыстағы заңдарға сәйкес ортақ жауапкершiлiкпен жауап бередi.
     34. Кепiл куәлiгiнде көрсетiлген индоссанттардың жауапкершiлiгi осы куәлiктiң иесiнiң алдында және бiрiнiң алдында бiрi қолданыстағы заңдарға сәйкес бiрге белгiленедi.

6. Астық қабылдау кәсiпорындарының құқықтары мен
олардың жауапкершiлiгi

     35. Астық қабылдау кәсiпорны берiлген астық қолхаттарының, сақтауға қабылданған астықтың сақталуы үшiн, сондай-ақ астықты сақтау келiсiм-шарты бойынша мiндеттердiң тиiстi орындалуы үшiн жауапты болады.
     36. Сақтаудағы астық табиғи шығындардың нормаларынан тыс шығын болған немесе бүлiнген жағдайда, астық қабылдау кәсiпорны астық қолхатының және оның бөлiктерiнiң алдында заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
     37. Астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға берiлген және оның меншiк құқығына тиiстi емес астықты астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алу мүмкiн емес.

7. Астық қабылдау кәсiпорнынан астық қолхаты
бойынша астық беру және астық қолхаттарын өтеу

     38. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхатының иесiнiң жазбаша тапсырмасы бойынша астықты тиейдi. Астық қолхатының иесi астық қабылдау кәсiпорнынан астық беру үшiн астық қабылдау кәсiпорнының тұрған жерiне өкiлдерiн немесе уәкiлеттi тұлғаларды жiберуге немесе өзi келе алады.
     39. Астық қолхатының иесi немесе оның уәкiлеттi тұлғасы сатылатын астықты өлшеу кезiнде қатыса алады.
     40. Астық қолхатының иесi мен астық қабылдау кәсiпорны астықты беру кезiнде астықтың мөлшерi мен сапасына сәйкес бiрге байқау жүргiзуге құқылы. Шығындарды байқауды талап еткен немесе тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзген тұлға өтейдi.
     41. Астықты берген кезде оның жеткiлiксiздiгi немесе сапасының төмендегенi туралы өтiнiш жоқ болған кезде, астық тиiстi мөлшерiнде және сапасымен сақтау шартының шарттарына сәйкес астық қабылдау кәсiпорнына берiлген болып есептеледi.
     42. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхатының иесiне астықты бергеннен кейiн үш күн iшiнде астық қолхаттарына өтеу жүргiзуi тиiс. Астық қолхаттарын өтеу астық қолхаттарының тiзiлiмiне өтеуге тиiстi түрiн енгiзу арқылы өтелген күнiн жазу мен "Өтелдi" деген жазбасы бар мөртабан қондыру жолымен өндiрiледi. Өтелген астық қолхаттарын астық қабылдау кәсiпорны олардың иелерiмен бiрге қолданудан алып тастайды және қайтадан айналысқа жiберiлмейдi. Өтелген астық қолхаттары астық қабылдау кәсiпорнында үш жыл сақталады, одан кейiн жойылады.
     43. Астық қабылдау кәсiпорны астықты тек қойма және кепiл куәлiктерiнде табыстама жазбалардың үздiксiз қатары сақталған жағдайда бередi (егер қос куәлiк бөлiнбесе, немесе тек қана қоймалық). Соңғы табыстама жазба, астық қабылдау кәсiпорнына куәлiктi ұсынған тұлғаның пайдасына жасалуы мүмкiн. Астықты беруде астық қолхаты иесiнiң құқығы табыстама жазбаның үздiксiз қатарын сақтамаған жағдайда сот тәртiбiмен анықталады.
     44. Астық қолхатының иесi астық қолхатында көрсетiлген сақтау мерзiмi бiткенге дейiн астықты бөлiп-бөлiп беруге талап етуге құқылы. Бұл ретте астық қабылдау кәсiпорны оған қалған астықтың көлемiн сақтауға жаңа астық қолхатын беруге мiндеттi. Астықты бөлiп-бөлiп талап етуге байланысты жаңа астық қолхаттарын беру мезетiнен бастап, ескi астық қолхаттары жойылады.
     45. Астық қолхатының тiзiлiмiнде өтеу түрлерiнiң мынадай тұжырымдары қарастырылады:
     "беру" - астықты тиеу кезiнде астық қолхатын астық қабылдау кәсiпорнына қайтарған жағдайда;
     "сату" - кепiл куәлiгi бойынша астықты өндiрiп алу айналысы жағдайында;
     "айырбас" - астық қолхаттары жарамсыз болып қалған немесе бүлiнген жағдайда;
     "ауыстыру" - астық қолхатының иесi оны бiрнеше астық қолхатына айырбастауға талап еткен жағдайда;
     "беру және ауыстыру" - астық қолхаты бойынша астықты iшiнара берген жағдайда;
     "жоғалту" - астық қолхатын жоғалтқан жағдайда;
     "қалпына келтiру" - жаңа астық қолхатының көшiрмесiмен астыққа құқығын қалпына келтiрген жағдайда;
     "тоқтату" - сақтау келiсiм-шартында көзделген мерзiмде астық қабылдау кәсiпорнынан астық талап етiлмеген жағдайда;
     "соттың шешiмi бойынша беру" - тиiстi сот шешiмi бар болған жағдайда.

8. Астық қолхатының жоғалуы немесе оның бөлiнуi

     46. Астық қолхатын немесе қандай да бiр оның куәлiгiн жоғалтқан жағдайда, жоғалған астық қолхаты және оның куәлiктерi бойынша құқығын қалпына келтiру сот орындарында жүргiзiледi.
     47. Астық қолхатын немесе оның қайсы бiр куәлiгiн жоғалтқан тұлға, бұл туралы астық қабылдау кәсiпорнына дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi. Астық қабылдау кәсiпорны астықтың сақталу мерзiмдерi өткенге дейiн астықты сақтауға мiндеттi және астықтың сақталу мерзiмiн iс сотта қаралған уақытқа ұзартуға құқылы.
     48. Сақтау мерзiмiнiң ұзартылуына байланысты астық қабылдау кәсiпорнының қосымша шығындары толықтай астық қолхатының немесе оның куәлiктерiнiң жоғалғандығы мойындалған немесе жоғалғандығы жөнiнде құқығын қалпына келтiрудi жүзеге асырған тұлғаға қатысты болады.

                                            Ауыл шаруашылығы министрінің
                                              2001 жылғы 11 қазандағы
                                             N 323 бұйрығымен бекітілген
                                              Астық қолхаттарын берудің,  
                                                айналысының және жоюдың   
                                                      ережелеріне  
                                                        қосымша   

                     Астық қолхаттарының тізілімі
                ____________________________________
                  Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

___________________________________________________________________________
 !Қабылданған!АШМ ! Астық !Бе. !Ас. !Астық.!Да. !Сы.!Өнім !Сорт!Ре. !Егіс.
 !  астыққа  !коды!қолхаты!ріл.!тық.!  ты  !қыл.!нып!алын.!    !про.!тік
 ! арналған  !    !бланкі.!ген !тың !сақтау!дар.!   ! ған !    !дук.!стан.
 ! жөнелтпе  !    ! сінің !күні!иесі!шарты.!дың !   ! жыл !    !ция !дарт.
 ! құжаттың  !    !сериясы!    !ФАӘ ! ның  !түр.!   !     !    !    !ының
 !  нөмірі   !    !  мен  !    !    !нөмірі!лері!   !     !    !    !сыны.
 !           !    ! нөмірі!    !    ! мен  !    !   !     !    !    !бы
 !           !    !       !    !    ! күні !    !   !     !    !    !
__!___________!____!_______!____!____!______!____!___!_____!____!____!_____
1      2        3      4     5    6     7     8    9    10   11   12    13
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________________
Есеп. !Ыл. ! Қоспалар ! Дән!Жұқ.!Жыл.! Та.!Дей.! Дейін !Ерек.!Алған!Астық
телген!ғал.!__________! ма.!тыр.!тыр.! би.!інгі!сақтал.! ше  !кез. !қолха.
нақты !ды. !Арам-!дән.!ңызы!ғыш.!лығы! ғи !сақ.! ғаны  !бел. !дегі !тын    
салма.!лығы!шөпті! ді !    !тығы!    !бол.!тау ! үшін  !гі.  !астық!беру
ғы    !    !     !    !    !    !    !мысы!мер.!төленді!лері !иесі.!туралы
     !    !     !    !    !    !    !    !зімі!       !     ! нің ! АҚК
     !    !     !    !    !    !    !    !    !       !     !қолы !жауап.
     !    !     !    !    !    !    !    !    !       !     !     !ты қыз.
     !    !     !    !    !    !    !    !    !       !     !     !метке.
     !    !     !    !    !    !    !    !    !       !     !     !рінің
     !    !     !    !    !    !    !    !    !       !     !     !қолы
__________________________________________________________________________
14     15   16    17   18   19   20   21   22    23     24    25    26
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

таблицаның соңы
___________________________________
Жою !Жойыл.! Жоюға !Кепіл шарттары!
түрі! ған  !жауапты!туралы мәлімет!
   ! күн  ! тұлға.!______________!
   !      ! ның   !Сома !Тауарға !
   !      ! қолы  !     !кепілдік!
   !      !       !     ! құқық  !
   !      !       !     ! белгі. !
   !      !       !     ! ленген !
   !      !       !     ! мерзім.!
   !      !       !     !  дер   !
___________________________________
27    28     29     30      31
___________________________________
___________________________________
___________________________________  
Бас бухгалтер_____________               

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады