Зеренді ауданының жекелеген ауылдық округтерін өзгерту және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерін құру туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімінің бірлескен шешімі 2001 жылғы 12 cәуірдегі N С-7-12-73 Ақмола облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 8 мамырда N 592 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селоларының», «селосы», «селосына», «селосының», «селолары», «селоларын» деген сөздер «ауылдық», «ауылдарының», «ауылы», «ауылына», «ауылының», «ауылдары», «ауылдарын» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы мен Қазақстан Республикасының Z934200_ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және Зеренді ауданының әкімі мен аудандық мәслихатының пікірін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім қабылдайды:
      Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
      1. Троицкое, Қарсақ, Үлгілі, Ново-Ефремовка, Ермаковка, Подлесное, Өндіріс, Кеңөткел ауылдарының шекараларында Троицкое ауылдық округі құрылсын, округ орталығы Троицкое ауылы.
      2. Қарсақ, Үлгілі, Ново-Ефремовка, Ермаковка, Подлесное, Өндіріс ауылдары елді-мекендерінің шекараларын алып тастау арқылы Зеренді ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін. Ауылдық округтың құрамына Қошқарбай, Айдарлы ауылдарының елді-мекендері шекараларымен енгізілсін.
      3. Қошқарбай, Айдарлы, Кеңөткел ауылдарын шекараларымен құрамынан шығару арқылы Шағалалы ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін.
      4. Краснояр ауылының шекарасы Көкшетау қаласының құрамына берілуіне байланысты, бұрынғы Көкшетау облысы әкімі мен облыстың мәслихатының 1997 жылғы 30 сәуірдегі N С-13/4-1 бірлескен шешімінің негізінде Краснояр ауылдық округінің орталығы Симферополь ауылына ауыстырылсын, оған Симферополь, Бұлақ, Жолдыбай, Озерное ауылдарының шекаралары енгізіліп, Симферополь ауылдық округі атауы берілсін.
      5. Садовое ауылының шекарасы Приреченское ауылдық округі әкімшілігінің қарамағына берілсін.
      6. Облыстық мәслихат пен облыс әкімінің 20 желтоқсан 2000 жылғы N С-6/14 "Зеренді ауданының жекелеген ауылдық округтерін өзгерту және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерін құру туралы" бірлескен шешімінің заңды күші жойылсын.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады