Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің бірлескен шешімі 2001 жылғы 28 маусымдағы N 12/3-47 Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 13 тамызда N 415 тіркелді

      Тайынша аудандық мәслихаты сессиясы мен әкiмiнiң өтiнiмдерi негiзiнде және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Z934200_ 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңның 11 бабына сәйкес облыстық мәслихаттың ХII сессиясы және облыс әкiмi ШЕШIМ қабылдайды:
      1. Әкiмшiлiк орталығы болып Краснокаменка селосы айқындала және оның құрамына Краснокаменка, Мәдениет, Талап, Волынск селолары енгiзiле отырып, Летовочный селолық округi базасында Красноармейск селолық округi;
      Әкiмшiлiк орталығы болып Красная Поляна селосы айқындала және оның құрамына Чернигов селосы және Макашев селолық округiнiң Красная Поляна, Черниговка, Глубокое, Доброжановка, Озерное, Степное Краснодольск, Южное, Ростовка селолары енгiзiле отырып, Краснополян селолық округi;
      Әкiмшiлiк орталығы болып Мироновка селосы айқындала және оның құрамына Виноградовка, Мироновка, Старо-Сухотно, Берлиновка, Надеждинка, Заречное селолары енгiзiле отырып, Большеиюзим және Чермошнян селолық округтерiн iрiлендiру арқылы Миронов селолық округi;
      Әкiмшiлiк орталығы болып Рощинск селосы айқындала және оның құрамына Макашев және Кременчуг селолық округтерiнiң - Макашевка, Октябрск, Дмитровка, Краматоровка, Сарыбай, Рощинск, Комсомолец селолары жатқызыла отырып, Рощинск селолық округi;
      Әкiмшiлiк орталығы болып Тихоокеанск селосы айқындала және Алабота және Зеленгой селолық окугтары аумағының құрамынан Тихоокеан, Шұқыркөл, Алабота селоларын бөле отырып, Тихоокеанск селолық округi құрылсын.
      2. Оның құрамына енетiн Нагорный селосы - Чермошнян, Кренеменчуг

және Липовка селолары - Келлеров селолық округтерiне берiле отырып,
Кременчуг селолық округi жойылсын.
     3. Тайынша ауданының әкiмi А.П.Маковскийге ауданның 
әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстерге байланысты екi айлық 
мерзiмде және iшкi қаржылық ресурстар есебiнен, қолданылып жүрген 
мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерi штаттық санының лимитi шегiнде 
қажеттi процессуалдық әрекеттер жасау мiндеттелсiн. 
     4. Шешiмнiң орындауын бақылау облыстық мәслихаттың хатшысы 
Е.Ж.Әубәкiровке және облыс әкiмi аппаратының басшысы Х.Қ.Әкiмхановқа 
жүктелсiн.
     Облыстық мәслихат                             Облыс әкiмiнің 
     ХІІ сессиясының төрағасы                      орынбасары
                  
     (Маман: Ысқақова Д.Қ)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады