Мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 6 наурыздағы N 06-2-2/40 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1806. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 01-01-07/43 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010.03.15 № 01-01-07/43 Бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысын орындау мақсатында
                                 БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын дене

 

шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс

өтiлiн есептеу ережесi бекiтiлсiн.

     2. Спорт басқармасы (Ю.П.Гуськов) осы бұйрықты заңнамада белгiленген

тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден

өткiзсiн.

     3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен мезеттен бастап енгiзiледi

және 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған жайларға байланысты

қолданылады.

     4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары

Е. Қанағатовқа жүктелсiн.


     Төраға


     Қазақстан Республикасының               Қазақстан Республикасының

     Еңбек және халықты әлеуметтік           Туризм және спорт жөніндегі

     қорғау министрлігімен                   агенттігінің

     2002 жылғы 18 наурызда                  2002 жылғы 8 наурыздағы      

     келісілген                              N 06-2-2/40 бұйрығымен

                                             бекітілген


             Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi ұйымдарының

        мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерi үшiн

                мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеудiң

                                  ЕРЕЖЕСI


 
       1. Осы ереже дене шынықтыру және спорт жөнiндегi ұйымдардың мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеудiң тәртiбi мен шарттарын реттейдi.
      2. Мамандықтары бойынша дене шынықтыру және спорт мекемелерiнiң басшы қызметкерлерi (басшылар, орынбасарлар, бөлiм бастықтары, бас, жетекшi мамандар, мемлекеттiк және аға жаттықтырушылар, командалардың бастықтары, штаттағы ұлттық командалар дирекциясының нұсқаушы-спортшылары, барлық тұрпаттағы спорт мектептерiнiң директорлары, олимпиадалық даярлау мен олимпиада резервi орталықтары ның басшылары, олардың орынбасарлары, спортта дарынды балаларға арналған мектептердiң, спорт колледждерiнiң, дене дайындығы бойынша балалар мен жасөспiрiмдер клубтарының нұсқаушы-әдiскерлерi, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбиелiк қызметiмен тiкелей шұғылданатын дене шынықтыру жөнiндегi нұсқаушылар) жұмыс өтiлiне Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының дене шынықтыру және спорт ұйымдарындағы барлық жұмыс уақыты қосылады, сондай-ақ:
      1) сол мамандығы бойынша мемлекеттiк қызметте болуы;
      2) мiндеттi әскери қызмет етуi, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның iшiнде тиiстi құжаты бар болған жағдайда, әскери қызметшiлердiң тұтқында болуы, жағымсыз дәлелдермен қызметтен босатылғандардан басқа офицерлер құрамындағы тұлғалардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, жедел қысқа мерзiмдi әскери қызметшiлердiң қарулы күштерде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының iшкi, шекара әскерлерiнде, азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлiмдерiнде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызмет етуi;
      3) жағымсыз дәлелдер бойынша босатылғандардан басқа, басшы құрамдағы тұлғалардың iшкi iстер органдары жүйесiндегi, прокуратура органдарындағы қызметi, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарындағы, Қазақстан Республикасының тергеу комитетiндегi жұмысы;
      4) Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының сот, прокуратура, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және Қазақстан Республикасының бұрынғы тергеу комитетiндегi қызмет өткерген жылдарына үстемеақы алуға құқық беретiн лауазымдық жұмысы;
      5) заңнамаға сәйкес жүктi болғанда және босанғанда, сондай-ақ баланы күтуге берiлген жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстары;
      6) егер шет елге жiберердiң алдында қызметкер мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстесе, онда оның шет елдегi жұмысы және жолдағы уақытты есептемегенде, шет елден қайтып келгеннен кейiн екi ай iшiнде мемлекеттiк мекемеге тұрған жұмысы;
      7) мемлекеттiк мекемелердiң жолдамасы бойынша жұмыстан қол үзiп мамандарды даярлау мен қайта даярлау курстарында оқуы;
      8) оның қызмет салаларына қарамастан, еңбек еткен жылдарындағы ұқсас мамандықтары бойынша лауазымдық жұмысы қосылады.
      3. Барлық тұрпаттағы спорт мектептерiнiң жаттықтырушы-оқытушылары үшiн мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк, кәсiподақ және ведомстволық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi, олимпиадалық даярлау орталықтарындағы жаттықтырушы-оқытушы ретiндегi барлық жұмыс уақыты қосылады, сондай-ақ:
      1) заңнамаға сәйкес жүктi болғанда және босанғанда берiлген, сондай-ақ баланы күтуге арналған жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстары;
      2) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн жаттықтырушы-оқытушы болып қызмет етсе және оны бiтiргеннен кейiн осы жұмысқа қайтып келсе, онда жолдамамен жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру курсында оқуы;
      3) спорт-сауықтыру лагерьлерiнде, спорттық базаларда, дене шынықтыру және спорт клубтарында, ЕСҚ және Қазақстан Республикасының және КСР Одағының ведомстволарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша, шет елдерде келiсiм шарт негiзiнде жаттықтырушы-оқытушы ретiнде мемлекеттiк спорт ұйымдарындағы әкiмшiлiк қызметiне ұқсас лауазымдық жұмысы;
      4) тұлғалардың мiндеттi қызмет етуге шақырғанға дейiн жаттықтырушы болып iстеген жұмысы және осы жұмысқа дейiн мiндеттi әскери қызмет етуi;
      5) мемлекеттiк, бас, аға жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының Штаттағы ұлттық командалар дирекциясындағы команда бастығы және спортшы-нұсқаушы ретiндегi жұмыс уақыты кiредi.
      4. Спорттық-техникалық мектептердiң басшыларына, мамандарына және қызметшiлерiне, жаттықтырушыларына, нұсқаушы-әдiскерлерiне мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне жұмыс өтiлi осы мектепте өтетiн техникалық мамандықтар бойынша есептеледi.
      5. Осы ережеге сәйкес мамандығы бойынша есептелетiн жұмыс өтiлiне күнтiзбелiк есептеу ескерiледi.
      6. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көтеру қажет болған қызметкерлерге жұмыс өтiлiн ескере отырып, осындай құқық туындаған күннен бастап лауазымдық жалақысы есептеледi.
      7. Тиiстi ұйым басшысы бекiткен құрамдағы еңбек өтiлiн белгiлеу

 

жөнiндегi ұйымның комиссиясы мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн және ұқсас

мамандықтарды анықтайды.

     8. Мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеу жөнiндегi комиссияның

шешiмi хаттамамен рәсiмделедi. Шешiмнiң үзiндi көшiрмесi екi данада

жасалады және бiр данасы кадрлар қызметiне, екiншiсi есеп-қисап бөлiмiне

жiберiледi.

     9. Еңбек кiтапшасы (бар болса) немесе жеке еңбек шарты, болмаса

жұмысқа қабылдау мен босату туралы бұйрықтардың үзiндi көшiрмесi мамандығы

бойынша жұмыс өтiлi анықтау үшiн қажеттi негiзгi құжаттар болып табылады.




     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Балабекова Г.Г.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады