Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери бөлiмдерiнiң, мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс стажын есептеудiң тәртiбi туралы ережелердi қолданысқа енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1893. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 19 тамыздағы N 293 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2009.08.19 N 293 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қызметкерлерiне жалақы төлеудi ретке келтiру үшiн
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери бөлiмдерiнiң, мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнің мамандықтары бойынша жұмыс стажын есептеудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, мекемелер бастықтары Ережелердiң 4-тармағына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу жөнiндегi комиссия құрсын. 3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзіледi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынасқа таратылады. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына жүктелсін. 5. Бұйрық жекелеген әскери бөлімдерге дейін жеткізілсін. Генерал-полковник КЕЛІСІЛДІ БЕКІТІЛДІ Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік Қорғаныс министрінің қорғау вице-министрі 2002 ж. 23 сәуірдегі 2002 ж. 3 маусым N 178 бұйрығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери бөлiмдерiнiң, мекемелерінің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнің мамандықтары бойынша жұмыс стажын есептеудiң тәртiбi туралы ереже 1. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмдерiнің, мекемелерiнің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнiң (бұдан әрi әскери бөлiмдер) мамандықтары бойынша жұмыс стажын есептеудiң тәртiбi мен шартын айқындайды.
      2. Осы Ережелерде көзделген жағдайларда мамандықтары бойынша жұмыс стажына, әскери бөлiмдердегi жұмысымен қатар, басқа кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда ұқсас жұмыс iстеген кезеңдерi кiредi.
      Осы Ереже бұрын орындаған жұмыстарына немесе бұрынғы КСРО-ның министрлiктерi мен ведомстволары жүйесiндегi әскери қызметiне байланысты, әскери бөлiмдер қызметшiлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс стажын есептеу үшiн қолданылады.
 
              2. Әскери бөлiмдер мен мекемелердiң мемлекеттiк
                 қызметшi емес қызметкерлерінің мамандықтары
                        бойынша жұмыс стажын есептеу
 
      3. Мамандықтары бойынша жұмыс стажына осы әскери бөлiмде мамандықтары бойынша жұмыс iстеген барлық уақыты есептеледi, сондай-ақ:
      1) басқа әскери бөлiмдерде, соның iшiнде бұрынғы КСРО-ның әскери бөлiмдерiнде жұмыс iстеген;
      2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы Күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң (келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлердiң), iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитеті органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Республикалық ұланда мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
      3) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкі iстер органдары жүйесiнде қызмет өткерген, прокуратура органдарында қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
      4) заңдарға сәйкес берiлетін жүктiлiгi мен тууы бойынша демалыс, сондай-ақ баланың күтiмi жөнiндегi жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс;
      5) егер шетелге жiберер алдында қызметкер Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiнде жұмыс iстеген болса және көшу уақытын есептемегенде, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттiк мекемеге қызметке тұрса, шетелде жұмыс iстеген;
      6) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, мәслихаттың депутаты өкiлеттiктерiн жүзеге асырған;
      7) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн әскери бөлiмдерде, жұмыс iстесе және оны бiтiрген соң бұрынғы жұмыс орнына қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында жұмыстан қол үзiп оқыған;
      8) сол мамандығы бойынша мемлекеттiк қызметте болған;
      9) басқа ұйымдарда мамандығымен ұқсас лауазымдарда жұмыс iстеген;
      10) заңсыз босатылған жағдайда мәжбүрлi қалу уақыты кiредi.
      Мамандықтары бойынша жұмыс стажын анықтау үшiн штатта көрсетiлген "есепке алынған мамандық" (ЕМ) деген бағанды басшылыққа алу қажет.
 
          3. Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгiлеудiң тәртiбi
 
      4. Мамандығы бойынша жұмыс стажын, командирлерінің қызметкерлердi жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға құқығы бар әскери бөлiмдерде құрылатын еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссия белгiлейдi.
      Комиссия құрамында әскери бөлiм командирiнің орынбасары-комиссия
                                                1 төрағасы және мүшелерi: қаржы органының бастығы (бас бухгалтер), кадрлар бөлiмiнiң бастығы немесе кадрлар жұмысымен шұғылданатын басқа адам және сайланбалы кәсiподақ органының төрағасы бар әскери бөлiм командирінің бұйрығымен құрылады.
      5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшiн еңбек кiтапшасы (ол болған жағдайда) немесе жеке еңбек шарты не қабылдау және босату туралы бұйрықтан iстеген көшірме, істеген қызметiнiң тiзiмi, ал әскери қызметтен босаған азаматтар үшiн - әскери билет немесе жұмыс (қызмет) стажын растайтын басқа құжат негiзгi құжат болып табылады.
      6. Жұмыс iстеген кезеңдер туралы қажеттi жазбалар жоқ не жазбалар дұрыс емес немесе дәл емес жағдайларда, жұмыс стажын растауға анықтамалар, жеке шоттар мен жалақы беруге арналған ведомосттар, жұмыстар мен қызметтер кезеңдерi туралы мәліметтер бар, заңдарда көзделген және өзге құжаттар қабылданады. Мамандығы бойынша жұмыс стажын куәгерлермен айғақтау заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Анықтама жеке құрамды есепке алу жөнiндегi құжаттардың, стажды растайтын және басқа құжаттардың негiзiнде берiледi. Әскери бөлiмдердің командирлерi анықтамаға қол қойған кезде, соның негiзiнде анықтама берiлетiн құжаттармен тiкелей танысуға мiндеттi.
      7. Комиссияның жұмысы мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) стажы белгiленетiн қызметкер отырысқа шақырылады;
      2) еңбек кiтапшасы, әскери билет, анықтамалар және басқа құжаттар тексерiледi. Ұсынылған құжаттардың тiзбесi хаттамада көрсетiледi;
      3) мамандығы бойынша жұмыс стажы белгiленедi, жұмыс стажына кiруге тиiстi кезеңдер, аталған адамның осы кезеңдерде кім болып және қай әскери бөлiмдерде (мекемелерде, кәсiпорындарда, ұйымдарда) жұмыс iстегенi айқындалады.
      Осы тәртiпке сәйкес есептелетiн мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеуде ескерiледi.
      Комиссияның мамандығы бойынша жұмыс стажын белгiлеу туралы шешiмi хаттамамен ресімделедi, оған комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қояды және әскери бөлiмнiң мөрiмен бекемделедi.
      8. Комиссия төрағасы қол қойған және әскери бөлiмнiң мөрiмен бекемделген, лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеуге арналған коэффициенттердi белгiлеуге құқық беретiн, мамандығы бойынша жұмыс стажын белгiлеу туралы шешiм қабылданған отырыс хаттамасының көшiрмесi, әрбiр қызметкерге жеке-жеке үш данада ресiмделедi және: бiреуi - кадр қызметiне, екiншiсi - қаржы органына берiледi, үшiншiсi қызметкердiң қолына берiледi. 9. Лауазымдық жалақысын көтеру құқығы күнтiзбелiк ай ішінде туындаған қызметкерлерге, жұмыс стажын ескере отырып лауазымдық жалақыны есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады. 10. Комиссия шешiмiне шағым заңдарда белгiленген тәртiппен қаралады. Мамандар: Қасымбеков Б.А. Жұманазарова А.Б.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады