Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар туралы

Күшін жойған

Павлодар қаласы әкімиятының 2002 жылғы 11 желтоқсандағы N 550 шешімі. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 14 қаңтарда N 1590 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 9 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II ҚРЗ Заңының 33-бабы 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес және тұрғындарды қоғамдық тәртiптi сақтауға тарту мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Полицияның патрульдық учаскелерi базасында кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, пәтер иеленушi кооперативтерiнiң еңбек ұжымдары өкiлдерiнiң санынан қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде ерiктi жасақтар құрылсын.
      2. Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде ерiктi жасақтардың Павлодар қаласы әкiмiнiң жанында қалалық штабы ұйымдастырылсын.
      3. Қоса берiлiп отырған қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде ерiктi жасақтар қызметiнiң Ережелерi бекiтiлсiн.
      4. Павлодар қаласы iшкi iстер басқармасының бастығы ерiктi жасақтардың қалалық штабына практикалық, әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету ұсынылсын.
      5. Осы қаулы екi апта iшiнде қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап ресми жариялансын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмi аппаратының басшысы С.Н. Бочаровқа жүктелсiн.

      Павлодар
      қаласының әкiмi

      Келiсiлдi
      Павлодар қаласы
      iшкi iстер басқармасының
      бастығы

2002 жылғы 11 желтоқсан 
Павлодар қаласы әкiмiнiң 
2002 жылғы "11" желтоқсандағы
"Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi
ерiктi жасақтар туралы"  
550 шешiмiмен    
БЕКIТIЛГЕН      

Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар қызметiнiң ЕРЕЖЕЛЕРI 1. Жалпы ережелер

      1. Ерiктi жасақтар құрылымдары (бұдан әрi -  Ерiктi жасақтар) азаматтардың тұрғылықты жерлерi бойынша кәсiпорындардың, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, барлық меншiк нысанындағы оқу мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiмен және пәтер иеленушi кооперативтерiмен (бұдан әрi - ПИК) iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi сақтауда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда көмек көрсету үшiн құрылады.
      2. Ерiктi жасақтар құрылымдары кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және ПИК еңбек ұжымдарының ұсыныстары бойынша және азаматтардың жеке өтiнiштерi негiзiнде қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтар санынан құрылады.
      3. Ерiктi жасақтардың қалалық штаб басшысының мүшелiлiгiне қабылдау туралы азаматтардың өтiнiштерi қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi Ерiктi жасақтардың қалалық штаб басшысының атына (бұдан әр-қалалық штаб) жiберiледi.
      Ескерту: 3-тармақ өзгерді - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1634 қаулысымен.

      4. Егер кандидат сотталмаған болса, өзiнiң жеке, iскерлiк және моральдық қабiлеттерi бойынша жасақ талаптарына сәйкес болса, онда қалалық штаб басшысының бұйрығы бойынша ол Ерiктi жасақтар мүшелiлiгiне енгiзiледi.
      5. Кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерiнiң және ПИК Ерiктi жасақтар құрылымдарына басшылықты қалалық штаб басшысы жүзеге асырады.
      6. Қалалық штаб Ерiктi жасақтар құрылымдарының iшкi iстер органдарымен өзара қарым- қатынас мәселелерiн үйлестiредi.
      7. Барлық меншiк нысанындағы заңды тұлғалар және азаматтар қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алуда ерiктi жасақтар құрылымдарына, жасақтарға қолдау және көмек көрсетуге құқылы.
      Ескерту: 7-тармақ өзгерді - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1634 қаулысымен.
      8. <*>
      Ескерту. 11 тармақ алынып тасталды - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1634 қаулысымен.

2. Негiзгi мiндеттерi мен қызметi

      9. Ерiктi жасақтардың негiзгi мiндетi iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi сақтауда мына жолдар арқылы көмек көрсету:
      1) iшкi iстер органдары қызметкерлерiмен бiрлесiп көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, тұрғын үй массивтерiнде және басқа қоғамдық жерлерде, сонымен бiрге мәдени бұқаралық және спорттық - көрермендiк iс шараларды өткiзуде патрульге шығу;
      2) маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, уытты заттарға әуестiктiң, балалар қараусыздығы мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жұмыста iшкi iстер органдар қызметкерлерiмен бiрлесiп қатысу.

3. Жасақтардың құрылымы және олардың жұмысының принципi

      10. Ерiктi жасақтар кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерi және ПИК жасақтар құрылымдарынан және қалалық штабынан құрылады.
      11. Қалалық штабты Павлодар қаласы iшкi iстер басқармасы қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiнiң бастығы басқарады.
      12. Кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерi және ПИК ерiктi жасақтар құрылымдарын қалалық штаб басшысы лауазымына тағайындайтын және босататын командир басқарады.
      13. Қалалық штаб басшысы келесi функцияларды iске асырады:
      1) Ерiктi жасақтардың қалалық штаб басшысы ерiктi жасақтар қызметiнiң, қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерi бойынша iшкi iстер органдарымен үйлестiрудi және өзара қарым - қатынасты қамтамасыз етедi, ерiктi жасақтар құрылымдарының қызметiн талдайды және жалпылайды, сонымен бiрге олардың жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
      2) Қала әкiмiнiң және қала iшкi iстер басқармасы бастығының атына қоғамдық тәртiптi сақтауды жақсарту және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар енгiзедi, мәселелерiн қарайды.
       Ескерту: 13-тармақ өзгерді - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1634 қаулысымен.

      14. Ерiктi жасақтар құрылымының командирi келесi функцияларды iске асырады:
      1) Ерiктi жасақтарға басшылық жасайды;
      2) Ерiктi халықтық жасақтар мүшелерiн таңдайды, орналастырады және оқытады;
      3) Ерiктi жасақтар мүшелерiнiң кезекшiлiкке шығу кестесiн құрастырады;
      4) Ерiктi жасақтар мүшелерiнiң қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мiндеттердiң орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
      5) Ерiктi жасақтар құрылымдарының қызметiн жетiлдiру бойынша шараларды әзiрлейдi және қабылдайды.
      15. Кезекшiлiкке келген уақытта Ерiктi жасақтар мүшелерiне командир қаладағы оперативтiк жағдайдың жағдайы, ол орындайтын мақсаты мен мiндеттерi туралы нұсқаулық жүргiзедi.
      16. Қалалық штаб айына кем дегенде бiр рет Ерiктi жасақтардың қызметiне талдау жасау үшiн, олардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шаралар қабылдау, басқа проблемаларды талқылау және шешу үшiн мәжiлiстер өткiзедi.

4. Жасақтар мүшесiнiң мiндеттерi және құқықтары

      17. Ерiктi жасақтар мүшесi:
      1) қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алуда белсендi қатысуға;
      2) қалалық штаб басшысының және Ерiктi жасақтар командирiнiң талаптары мен тапсырмаларын адалдықпен орындауға мiндеттi.
      18. Ерiктi жасақтар мүшелерi:
      1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi бұзбауды талап етуге;
      2) қажет болған жағдайда iшкi iстер органы қызметкерiнiң қатысуымен құқық бұзушыны iшкi iстер басқармасына немесе полицияның учаскелiк пунктiне тапсыруға құқылы.

5. Көтермелеу және жаза қолдану шаралары

      19. Құқық бұзушылықпен белсендi күресетiн жасақтарды мекемелер, кәсiпорындар және қоғамдық ұйымдар өз құзыры шеңберiнде мына жолмен көтермелейдi:
      1) алғыс бiлдiру;
      2) сыйлық немесе ақшалай сыйлық беру;
      3) <*>
      Ескерту. 19 тармағы 3 тармақшасы алынып тасталды - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1634 қаулысымен.

      20. Жасақтарды көтермелеу туралы салтанатты түрде, кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар жиналыстарында хабарланады.

6. Ерiктi жасақтар құрылымдарын сақтау шаралары

      21. Кезекшiлiк кезiнде ерiктi жасақтар құрылым мүшелерi зақымданғанда емдеудi Ерiктi жасақтардың қызмет етуiне жергiлiктi бюджетте қаралған қаражат есебiнен.
      Ескерту: 21-тармақ өзгерді - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1634 қаулысымен.

7. Ерiктi жасақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      22. Ерiктi жасақтардың орналасуы қызметтiк телефондарды пайдалану құқығында полицияның учаскелiк пункттерiнде жүзеге асырылады.

8. Заңдылықтың сақталуын қадағалау

      23. <*>
      Ескерту. 23 тармақ алынып тасталды - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1634 қаулысымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады