Алматы қаласының аула клубтары туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысы. 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 5/812. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 22 қаңтарда N 511 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 3/885 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 3/885 қаулысымен (2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді)       

             Алматы қалалық Мәслихатының II шақырылған ХХ-шы сессиясының шешiмiне сәйкес, сондай-ақ жастар мен жасөспiрiмдердiң тұрған жерлерiнде жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi алдыңғы кезектегi шараларды жүзеге асыру мақсатында және Алматы қаласындағы мемлекеттiк жастар саясатын өткiзу жолдарын жетiлдiру қажеттiлiгiне байланысты, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қаладағы аула клубтарының ережесi бекiтiлсiн (қосымшасы қоса берiледi).

      2. Аудан әкiмдерi, Алматы қалалық коммуналдық меншiктi басқару департаментi (Л.И.Никоноров) аулалық клубтарды құру үшiн бос жайларды iздестiрсiн.

      3. Аудан әкiмдерi олардың ведомстволық аумағындағы аула клубтарының жайларына коммуналдық қызмет көрсетуге көмек берсiн.

      4. Қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қоры (А.Б.Құдайбергенов) жұмыс iстеп жатқан және жаңадан құрылған аула клубтарына қажеттi жөндеу-құрылыс жұмыстарын қаржыландыруды, аула клубтарының директорларына еңбек жалақысын төлеудi, және қажеттi құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн.  

      5. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (А.Ж.Нұрланов) аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы қоғамдық жұмыстарға бөлiнген қаражат есебiнен аула клубтарының штаттағы педагогтарына еңбек жалақысын төлеудi қамтамасыз етсiн.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.З.Мурзинге жүктелсiн.

      Алматы қаласының
      Әкiмi   

      Әкiмшiлiк хатшысы


Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң
2002 жылғы "23" желтоқсандағы
N 5/812 қаулысына қосымша

ҚАЛАЛЫҚ  АУЛА КЛУБТАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Аула клубы (бұдан әрi - клуб) - мәдени-демалыс, тәрбиелеу ұйымы, Алматы қаласының әрбiр ауданында тұрғылықты жерде жастар  және жасөспiрiмдермен белсендi жұмыс жүргiзудi ұйымдастыру мақсатында құрылған.
      2. Клуб Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 1/49 "Жергiлiктi жерде жастар және жасөспiрiмдермен белсендi жұмыс атқару" қаулысы, "Жастар және жасөспiрiмдер" Алматы қалалық мақсатты  бағдарламасы , Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 5/734 "Алматы қаласында жастар саясатын бұдан әрi жандандыру туралы шаралар туралы" қаулысы, ҚР Жастар саясатының мемлекеттiк  тұжырымдамасы , "Қазақстан жастары"  бағдарламасы , осы Ереже, қолданыстағы заңдар негiзiнде жұмыс атқарады.
      3. Клуб заңды тұлға болып табылмайды, клубтың өзiнiң аталуы және рәмiзi бар.
      4. Клубтың жұмыс тәртiбi: ерiктiлiк, жариялылық, тазалық, жалпылық.
      5. Клубтың орналасқан мекенiн тиiстi аудан әкiмi анықтайды.
      6. Клуб тиiстi аудан әкiмiмен құрылады, ол өзiнiң аумағында осы Клубтың жұмысына жауап бередi.
      7. Алматы қаласындағы аула клубтарының басқарушылары (бұдан әрi Басқарушы) жетекшiлерi болып Алматы қалалық жастар саясатын дамыту қоры белгiленген, оған 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 1/49 қаулыға сәйкес аула клубтарын ұстауға және оны құруға бөлiнген қаражатты мақсатты пайдалауға бақылау жүктелген.
      8. Клубтың ағымдағы жұмысын үйлестiрушi осы ауданның әкiмi болып табылады.

  2. Мақсаты мен мiндетi

      1. Ауқаты шағын және жайсыз отбасыларынан шыққан жастар мен жасөспiрiмдердiң әлеуметтiк жағдайын жақсарту.
      2. Алматы қаласындағы мемлекеттiк жастар саясатын жандандыру жастар мен жасөспiрiмдердiң тұрған жерiнде өткiзу.
      3. Тұрғылықты жерде жастарды ынталандыру, жастар мен жасөспiрiмдердiң қоғамдағы азаматтық орнын күшейту.
      4. Жастар мен жасөспiрiмдердiң отансүйгiштiк қасиетiн арттыру.
      5. Жастар мен жасөспiрiмдердiң мүдделерi бойынша бiрлесуi.
      6. Жастар мен жасөспiрiмдердiң творчестволық таным, ғылыми, әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыру.
      7. Жастар мен жасөспiрiмдердiң мәдени-бұқаралық және спорт жұмыстарын жүйелi жүргiзуiнде олардың ортасында салауатты өмiр салтын насихаттау.
      8. Жастар мен жасөспiрiмдердiң мәдени демалыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
      9. Жастар мен жасөспiрiмдердiң рухани және мәдени қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.

  3. Қызметiнiң мақсаты мен мiндеттерi

      1. Мүддесi мен бағытына қарай секциялар ұйымдастырылады.
      2. Жастар және жасөспiрiмдермен жан-жақты тәрбие,
отансүйгiштiк жұмыстарды өткiзу.
      3. Жастар мен жасөспiрiмдердiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жергiлiктi тұрған жерлерiнде насихаттау және түсiндiру.
      4. Мәдени-ағарту жұмыстарын оқыту, пiкiр алмасу, конференциялар, саяхат, мәдени саяхат, дөңгелек үстел, үйiрмелер мен курстарды ұйымдастыру, жарыстар мен байқауларды жүргiзу арқылы насихаттау.
      5. Жалпы мәдени және спорт жұмыстарын жастар мен жасөспiрiмдердiң қажеттiлiгiне сай қоғамдық пайдалы шараларды және творчестволық байқауларды, көркемөнерпаздар үйiрмелерiн дамыту арқылы жүргiзу.
      6. Тиiстi аудандарды көрiктендiру жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
      7. Осы Ережеге қайшы келмейтiн шаруашылық қызметтердi жүргiзу.

  4. Клубтың ұйымдық құрылымы, жұмысын басқару
және жүргiзу жүйесi

      1. Клуб мүдделiлiкке және бағыттарға байланысты жүйелердi ұйымдастырады, сондай-ақ директордың басшылығымен аппаратты құрады. Осы жұмысты атқарудағы үйiрмелердiң түрлерiн жасөспiрiмдердiң жергiлiктi жердегi санына байланысты есептеледi.
      2. Клубты басқарудың жоғары органы аудан әкiмi болып табылады. Ол клубтың қызметiндегi барлық мәселелердi айқындайды.
      3. Директор клубтың бiрiншi басшысы болып табылады. Оны басқарушы ұсынған аудан әкiмi қызметiне тағайындайды және одан босатады. Директор басқарушы келiсiмi негiзiнде қызметiн атқарады. Осыған сай клубқа берiлген материалдық құндылықтарға, мүлiктерге, жабдықтарға және ақша қаражатына жеке материалдық жауапкершiлiкте болады.
      4. Клубтың штат кестесiн аудан әкiмi бекiтедi. Клуб директоры басқарушымен келiсiп, оның құрылымын жүргiзетiн қызметi мен  клубтың аталуын белгiлейдi.
      5. Директор клуб атынан заңды тұлға ретiнде шарттарға отыра алады.
      6. Директор аудан әкiмiне және басқарушыға олардың талабы бойынша тоқсан сайын есеп беруге мiндеттi. Клуб штаты Клуб қызметiнiң негiзгi бағыттарына сай құрастырылады. 

  5. Клуб қызметiне қатысу

      1. Клуб жұмысына қатысу ерiктi түрде орындалады. Осы ауданның жастары мен жасөспiрiмдерiн толық қамтуды көздейдi.
      2. Клуб қызметiне қатысушылардың жасы 11-17 аралығындағы жастар мен жасөспiрiмдер.
      3. Клуб қызметiне қатысушылар оның жұмысына белсендi қатысады, сондай-ақ белгiленген тәртiптi орындайды. 

  6. Қорытынды ереже

      Клуб қызметi заңдарға тиiстi тоқтатылуы мүмкiн.

       Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады