Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2002 жылғы 12 мамырдағы N 100 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 11 маусымда N 1576 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 305 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.11.2014 № 305 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.

      1. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері:

      1) жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне сүйене отырып, мүгедек балалары бар, оларды үйде тәрбиелеп және оқытып отырған ата-аналардың біріне не оларды ауыстырушыларға материалдық көмек көрсету мақсатында ең кемі айлық 3 есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек белгіленсін. Жәрдемақы тағайындауды тоқсанда жүргізсін және оны психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру анықтамасы болған жағдайда ай сайын төлесін.

      Ескерту. 1 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.

      2) аталған материалдық көмекті тағайындау 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. Ә. Өтемісовке жүктелсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.

      Облыс әкімі Қ.Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады