Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініш беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 наурыздағы N 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2224. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 226 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 2009.09.30 N 226 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын жұмсау ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініш беру ережесі бекітілсін.
      2. Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті көрсетілген Ереженің белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, жариялануын және осы бұйрықтың орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Н.Бижановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар жөніндегі 
агенттігінің        
2003 жылғы 3 наурыздағы  
N 139 бұйрығымен      
бекітілген         

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу
туралы өтініш беру
ережесі

      1. Осы Ереже төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне өтініш беру тәртібін айқындайды.

      2. Аймақтық немесе кең ауқымды төтенше жағдай туындағанда облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасының Үкіметіне жазбаша хабарлайды.

      3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының немесе оларды алмастырушылардың қолдары қойылған өтініштердің түпнұсқалары қажетті негіздеме құжаттарымен қоса Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне тапсырылады. Өтініштерге:
      1) ілеспе хат - өтінушінің өтініш хаты;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы анықтама-негіздеме;
      3) облыстар әкімдері арнайы құрған комиссия мүшелері қол қойған, сондай-ақ:
      экологиялық, гидрометеорологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстардан туындаған төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің;
      техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің;
      жұқпалы аурулар туындатқан төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;
      малдардың індеттік, паразиттік, зооноздық ауруларынан, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдардың қауіпті зиянкестері мен аурулары таралуынан туындаған төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен жүргізілген төтенше жағдай туындаған аумақты тексеру актісі (келтірілген залал және басқа зардаптар туралы мәліметтері көрсетілген);
      4) арнайы құрылған комиссия бекіткен қалпына келтіру немесе алдын алу жұмыстарын жүргізуге шығыстар және оларды атап түсіндіру сметасы;
      5) келтірілген залал бойынша сақтандыру өтемдері туралы мәліметтер;
      6) сараптау ұйымдарының немесе олардың аумақтық органдарының төтенше жағдай ауқымын растайтын анықтама-қорытындылары:
      экологиялық, гидрометеорологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстардан туындаған төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің;
      техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің;
      малдардың індеттік, паразиттік, зооноздық ауруларынан, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдардың қауіпті зиянкестері мен аурулары таралуынан туындаған төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұқпалы аурулар туындатқан төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;
      табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар үшін "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына сай облыстар әкімдерінің анықтама-қорытындылары қоса беріледі.

Об утверждении Правил представления ходатайств о выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан для финансирования мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 3 марта 2003 года № 139. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2003 года № 2224. Утратил силу приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 сентября 2009 года № 226

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 30.09.2009 № 226 (порядок введения в действие см. п. 5).

      В соответствии с Правилами использования средств резерва Правительства Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1999 года N 1408, приказываю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила представления ходатайств о выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан для финансирования мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.

      2. Департаменту предупреждения чрезвычайных ситуаций обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию указанных Правил в Министерстве юстиции Республики Казахстан, опубликование и доведение настоящего приказа до сведения центральных и местных государственных органов.

      3. Контроль за исполнением приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям Бижанова Н.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель     

                                     Утверждены приказом      
Агентства Республики Казахстан 
по чрезвычайным ситуациям   
от 3 марта 2003 года N 139  
 
 

   Правила
представления ходатайств о выделении средств из резерва
Правительства Республики Казахстан для финансирования
мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций природного
и техногенного характера в Агентство Республики Казахстан
по чрезвычайным ситуациям

      1. Настоящие Правила определяют порядок представления в Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям ходатайств о выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан для финансирования мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций.
      2. В случае чрезвычайной ситуации регионального или глобального масштаба, акимами областей представляются письменные сообщения в Правительство Республики Казахстан.
      3. Оригиналы ходатайств, с необходимыми обосновывающими документами, представляются в Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям за подписью акимов областей, городов Астаны и Алматы, первых руководителей центральных исполнительных органов, либо лиц их замещающих. К ходатайствам прилагаются:
      1) Сопроводительное письмо - просьба заявителя;
      2) справка-обоснование о выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан;
      3) акт обследования территории, на которой возникла чрезвычайная ситуация (с указанием сведений о нанесенном ущербе и других последствиях), подписанный членами специально созданной комиссией акимами области;
      а также с участием представителей:
      Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан - для чрезвычайных ситуаций, вызванных экологическими, гидрометеорологическими и геологическими опасными явлениями;
      Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан - для чрезвычайных ситуаций техногенного характера;
      Министерства здравоохранения Республики Казахстан - для чрезвычайных ситуаций, вызванных эпидемиями;
      Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан - для чрезвычайных ситуаций, вызванных эпизоотическими, паразитарными и зоонозными заболеваниями животных, а также массовым распространением особо опасных вредителей и болезней сельскохозяйственных культур;
      4) сметы расходов и расшифровки на проведение восстановительных или предупредительных работ, утвержденные специально созданной комиссией;
      5) данные о страховых возмещениях по нанесенному ущербу;
      6) справки-заключения экспертных организаций или их территориальных органов, подтверждающие масштаб чрезвычайной ситуации:
      для чрезвычайных ситуаций, вызванных опасными экологическими, гидрометеорологическими и геологическими явлениями - Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан;
      для техногенных чрезвычайных ситуаций - Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан;
      для чрезвычайных ситуаций, вызванных эпизоотическими, паразитарными и зоонозными заболеваниями животных, а также массовым распространением особо опасных вредителей и болезней сельскохозяйственных культур - Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;
      для чрезвычайных ситуаций, вызванных эпидемиями - Министерства здравоохранения Республики Казахстан;
      для чрезвычайных ситуаций природного характера - справки-заключения акимов областей согласно Закона Республики Казахстан от 5 июля 1996 года "О чрезвычайных ситуациях природного  и техногенного характера".