Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1902 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 97 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2251. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысымен. 

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).
____________________________

      Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1902 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2098 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 467  қаулысымен  бекітілген толықтырумен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Standart&Poor`s" агенттігінің "ВВВ" рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар бас банктердің кепілдіктері немесе Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес банктері үшін - халықаралық рейтинг агенттіктері ретінде танылған басқа да рейтинг ұйымдарының біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі.".

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады