Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз қызметi туралы ақпаратты жариялауы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 119 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2261. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 206 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 206 қаулысымен.

      ----------------- Қаулыдан үзінді ------------------

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз қызметі туралы ақпаратты жариялауы туралы" 2003 жылғы 16 сәуірдегі  N 119 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2261 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. ...
      4. ...

      Төрайым                                     Е. Бахмутова

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның:
      1) жыл сайын, жылдық қаржылық есепке жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi бойынша аудиторлық есептi алғаннан кейiн бiр ай iшiнде кемiнде он бес мың дана таралыммен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шығарылатын баспасөз басылымдарында бухгалтерлiк балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi жариялайтыны;
      2) оның қызметi туралы ақпарат жарияланған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақпарат жарияланған баспасөз басылымдарының көшiрмесiн ұсынатыны белгiленсiн.
      2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Бұқаралық ақпарат құралдарына зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның инвестициялық қызметтерiнiң нәтижелерi туралы есептердi жариялау туралы" 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 849 тiркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 26 қазандағы N 461 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 981 тiркелген, 1999 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған).
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады