Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2266. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 170 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009.12.24 № 170 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру және "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқаруды ұйымдастыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығын шектеу түрінде жазаны атқаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша басқармаларының бастықтары қылмыстық-атқару инспекцияларының жеке құрамының осы Нұсқаулықты зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Төрағасы П.Н.Посмаковқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының      
      Бас прокуроры                 
      2-сыныпты мемлекеттік          
      әділет кеңесшісі
      2003 жылғы 4 мамыр             

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер Министрі
      генерал-полковник
     2003 жылғы 25 сәуір

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2003 жылғы 4 мамырдағы  
N 81 бұйрығымен     
бекітілген       

  Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындауды
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

  1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының  Қылмыстық ,   Қылмыстық-атқару кодекстеріне және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындаудың тәртібі мен шарттарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді.

      2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау заңды күшіне енген сот үкіміне (қаулысына, ұйғарымына) сәйкес жүргізіледі.

      3. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қатаң сақтауға негізделеді. Инспекциялардың лауазымды адамдары бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуде жауаптылық көтереді.

      4. Инспекциялар бас бостандығын шектеуге сотталғандардың жеке есебін жүргізеді, олармен алдын-алу жұмыстарын жүргізеді, тоқсан сайын сот және аумақтық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасының орындауға түскен үкімдері (қаулылары, ұйғарымдары) бойынша тексеруді жүзеге асырады.

      5. Жеке есеп құжаттары мыналар болып табылады: сотталғанның жеке ісі, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өткеріп жатқан адамдар есебінің журналы, ұяшықтары бар есеп картотекасы.
      Картотеканың мынадай бөлімдері болады:
      1) бас бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдар;
      2) жазасын өтеуден себепсіз бас тартқан адамдар;
      3) оларға қатысты бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін жеке істері сотқа жіберілген адамдар;
      4) әкімшілік қамауда отырған адамдар;
      5) олардың қайталап қылмыс жасауларына байланысты жолын кесу шарасы ретінде күзетуде отырған адамдар;
      6) оларға қатысты жеке істерін алғаны туралы растама түспеген осы Инспекция қызмет көрсететін қатысты аумақ шегінен тыс кеткен адамдар;
      7) сот ресми іздеу салған адамдар.

      6. Сотталғанның жеке ісі 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлімде есепке тұрғызу үшін негіз болатын материалдар тігіледі, 2-бөлімде мінезделетін материалдар болады. Істің бірінші бөлімінде тексерушінің істі зерделеу жөніндегі белгісі үшін жеке парақ тігіледі.
      Жеке істің сақталуына Инспекциялары қызметкерлерінің жеке басы жауаптылық көтереді.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      7. Сот үкімінің жазаны орындауының, оның орындалуына қайшы келетін құжат көшірмелеріндегі түсініксіздерді, қателерді тапқан жағдайда Инспекция сәйкестендірілген сотқа белгіленген заңнама тәртібінде соттан келген материалдардан оларды жою туралы ұсыныс енгізеді. Егер мәселені сот шешпесе, Инспекция прокуратураға үкімді қайта қарау туралы хабар жібереді.

  2. Бас бостандығын шектеу түріндегі
жазаны атқару тәртібі

      8. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны тұрғылықты жері бойынша оларға Инспекцияларының қадағалауды жүзеге асыруы жағдайында өтейді.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      9. Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны белгілейтін сот үкімі (қаулысы) Инспекцияға түскен күннен бастап орындауы атқарылады.

      10. Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны атқару үшін негіздеменің барлығын растайтын құжат: соттың заңды күшіне енгені туралы анықтамасы бар үкімінің көшірмесі немесе бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан шектеу түріндегі жазамен ауыстыру соттың қаулысы болып табылады. Басқа жағдайларда сот үкімінің көшірмесіне кассациялық немесе қадағалау инстанциясы қаулысының көшірмесі салынады.

      11. Соттан түскен үкім (бекітулер, қаулылар) көшірмесі сол күні кіріс құжаттарының журналына тіркеледі. Осы тәртіпте басқа Инспекциядан, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен түскен материалдар тіркеледі.

      12. Материалдар сотталғандарды есепке алу журналында тіркеледі (1-қосымша) және бір мезгілде сотталғанға жеке іс (2-қосымша), тіркеу парағы ("Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151  бұйрығына 32-қосымша мемлекеттік тіркеу N 1715, бұдан әрі - Бұйрық), күзет картотекасы ашылады (Бұйрыққа 6-қосымша), алфавиттік есеп картотекасы (Ф-1) ашылады, олар аумақтық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасына жіберіледі және деректер есеп картотекасына енгізіледі.
      Сотталғанның жеке ісінде: үкімнің көшірмесі (тиісті жағдайларда - қаулының, ұйғарымның көшірмелері), сотқа, жергілікті әскери басқару органына, хабарлама, қолхат, учаскелік полиция инспекторына хабарламаның көшірмесі, күзет картотекасының көшірмесі, мерзімдік-бақылау картотекасы (Бұйрыққа 7-қосымша), анықтама - пікірлесу, ескерту, жаза салу немесе марапаттау іс шаралары жөніндегі материалдар, ұйымның жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі, сауалнама және жазаны өтеп жатқан адамға қатысты барлық материалдар сақталады. Жеке істегі материалдар тігіліп, нөмірленіп және тізімдемеге енгізілуі тиіс.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      13. Күзет карточкасы есепке қойылған күні аумақтық әділет органдарының құжаттандыру және тіркеу бөлімшелеріне беріледі.
       Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      14. Түзеу мекемесі сотталғанды есепке қойған күні үкімді (ұйғарымды, қаулыны) жіберген сотқа орындауға сот шешімін қабылдау туралы (Бұйрыққа 9-қосымша) хабарлама жібереді.

      15. Тиісті жергілікті әскери басқару органына әскери қызметке шақырылатын адамдардың есепке алынуы туралы (Бұйрыққа 10-қосымша) хабарлама жіберіледі.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      16. Сотталғанды есепке қойғанда Инспекция алдын-алу іс шараларын жүргізу және тұрғын жері бойынша сотталғанның (кәмелеттік жасқа толмағандар) тәртібіне бақылау жасау үшін ішкі істер қала, аудан органының бастығына (Бұйрыққа 8,17-қосымшалар) хабарлама жібереді.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      17.  алып тасталды
       Ескерту: 17-тармақ алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      18. Кәмелетке толмағандарды есепке алғанда инспектор ата-аналардың немесе заңды өкімнің қатысуымен сотталғандармен оларға жүктелген міндеттерді, оның орындалмауының аяғы, қоғамдық тәртіптерді бұзу немесе жаңа қылмыс жасау болатынын түсіндіріп, алғашқы әңгімелесуді жүргізуге міндетті, ол туралы қолхат алынады, сотталғандарға әсер етуі мүмкін адамдар және жақын-туыстар туралы мәлімет алынады, сондай-ақ оның тәртібіне бақылауды жүзеге асыруға үлкен мән беретін басқа да мәселелер анықталады. Әңгімелесу нәтижелері туралы сотталғанның жеке ісіне де қолхатпен бірге тігілетін анықтама жасалады.

      19. Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған сотталғандар қамаудан босатылады және жазаны өтеу орнына мемлекет есебінен өзі барады. Түзеу мекемесінің әкімшілігі босатылуға дейінгі бір ай бұрынғы Инспекцияларына сотталғандарды жібергендігі туралы хабарлама жібереді және сотталғанға жазаны орындау орнына көрсетілген маршрутпен және есепке алу үшін Инспекцияларына жету уақыты туралы қолхат береді.
       Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      20. Түзеу мекемесінің әкімшілігі жазаны өтеу орны бойынша инспекцияға сотталғанның жеке iciн, жазаны ауыстыру туралы сот қаулысын, жету мерзімі көрсетілген қолхат жібереді. Сотталғанның инспекцияға келу күні, егер 12-00-ге дейін келген болса, келуі күніне, 12-00-ден кейін келген жағдайда келу күні келесі күні болады.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343   бұйрығымен .

      21. Сотталған белгіленген мерзімде жазаны өтеу орнына келмеген кезде Инспекция іздестіру бойынша алғашқы іс-шаралар жүргізеді және егер 15 күн ішінде сотталғанның тұратын жері анықталмаса, іздеуді жүзеге асыру үшін ішкі істер органдарына материалдардың бірінші данасын жібереді. Материалдардың көшірмесі сотталғанның жеке ісіне салынады.

      22. Сотталғанды ұстағаннан кейін бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы материалдар оны ұстау орны бойынша сотқа беріледі.

      23. Сот қосымша міндеттер жүктеген сотталғандарға қатысты хабар тиісті ұйымдар мен мекемелерге жіберіледі.

      24. Есепке қойылғаннан кейін сотталған әңгіме-сұхбат өткізу үшін Инспекцияға шақыртылады, оның барысында оның сауалнамалық деректері анықталады, оның міндеттері, орындамау салдарлары және қоғамдық тәртіпті бұзғаны немесе жаңа қылмыс жасағаны үшін жауаптылығы және құқықтары түсіндіріледі, ол туралы қолхат алынады (Бұйрыққа 11-қосымша), жақын-туыстары мен сотталғанға ықпал етуі мүмкін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ оның мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар басқа да мәселелер анықталады. Әңгімелесу нәтижелері туралы анықтама жасалады, ол қолхатпен бірге сотталғанның жеке ісіне салынады.
       Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      25. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі Инспекциясы үкімді орындауға қабылдаған сәттен бастап есептеледі.
       Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      26. Жазаның мерзіміне сотталғанның өз бетінше жұмыста немесе тұрғын жері бойынша бір күннен жоғары болмаған уақыты есептелмейді. Уақытты есептемеу инспекция бастығының, аға инспектордың немесе аумақтық Инспекциясы инспекторының қаулысымен ресімделеді, олар сотталғанның түсіндірмесімен және басқа да материалдармен бірге сотталғанның жеке ісіне салынады.
       Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      27. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде оның тәртібін қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот бұрын сотталғанға бас бас бостандығын шектеуге бекітілген міндеттердің толық немесе жартылай күшін жоюы мүмкін.

      28. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындап жатқан сотталғандар қадағалауда болады және:
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген жаза өтеу тәртібі мен шарттарынан туындайтын Инспекция талаптарын орындауға.
      Инспекцияның рұқсатынсыз жұмыс, оқу және тұрғын орындарын ауыстырмауға;
      оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінде болуға;
      Инспекция бекіткен мерзімде тәрбие іс-шараларын жүргізуге қатысу және тіркелу үшін Инспекциясына келуге;
      жиырма төрт сағат ішінде жұмыс немесе оқу кестесінің өзгергендігі туралы Инспекцияны хабардар етуге;
      өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуға міндетті.
       Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      29. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жазаны өтеу орны бойынша облыстан тыс орналасқан жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқуға рұқсат беріледі. Сотталған Инспекция келісімімен басқа жерде орналасқан жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқи алады.
       Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      30. Сотталғанның бас бостандығын шектеудегі еңбегі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен реттеледі.

      31. Сотталғанды басқа жұмысқа, соның ішінде басқа жерге ауыстыру Инспекциямен келісу бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      32. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындап жатқан адамдармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
       Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      33. Сотталғанның өткізілетін тәрбие түріндегі іс-шараларына белсене қатысуы марапатталады және түзеу санатын анықтауда есепке алынады.

      34. Инспекция белгілеген жазаны өтеу тәртібін адал орындағаны үшін сотталғанға мынадай марапаттау шаралары қолданылуы мүмкін:
      алғыс жариялау;
      бұрын салынған жазасын мерзімнен бұрын алу;
      жексенбі және мереке күндерін тұрғылықты жерінен тысқары өткізуге рұқсат беру;
      демалысын тұрғылықты жерінен тысқары өткізуге рұқсат беру;
      Бұрын салынған жазаны уақытынан бұрын алып тастауға жазаны салған күннен бастап кемiнде алты ай жол берiлмейдi.
       Ескерту: 34-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343   бұйрығымен , 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      35. Сотталғандарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде (бұдан әрі-Кодекс) белгіленген тәртіппен Инспекция, жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсынуға қолдаухат ұсынуға немесе бас тартуға бір ай мерзімінде мәселені қарауға міндетті, ол кейіннен сотқа енгізу үшін прокурорға жіберіледі.
      Жазасын өтеу мерзімінің заңмен белгіленген бір бөлігін өтеген сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі туралы жәбірленушіні не оның өкілін үкім шығарған сот берген мекен-жай бойынша пошта арқылы Инспекция тапсырыс хатпен хабардар етеді.
       Ескерту: 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      36. Жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандарға Инспекция мынадай жазалау шараларын қолдана алады:
      сөгіс;
      жексенбі және мереке күндері тұрғылықты жерінен тысқары шығуға бір айлық мерзімге дейін тыйым салу;
      бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру мүмкіндігі туралы ескерту (Бұйрыққа 2-қосымша).
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      37. Жазаны өтеуден қасақана бас тартатын адамдарға қатысты Инспекция сотқа бас бостандығын шектеуді бас бостандығын айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін (Бұйрыққа 1-қосымша) материалдарды ұсынады.
       Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      38. Сотталғандарға марапаттау және жазалау шаралары жазбаша түрде (6 және 7 қосымша) салынады, марапаттау және жазалау есепке алу журналына (4-қосымша) тіркеледі. Сотталғанның бұзушылығы немесе марапатталуы туралы материалдар жеке ісіне тігіледі.
       Ескерту: 38-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343   бұйрығымен .

      39. Жазалау шарасын қолданған кезде құқық бұзушылықты жасау жағдайы, сотталғанның жеке тұлғасы және оның қылмысқа дейінгі тәртібі ескеріледі. Салынып отырған жаза сотталғанның жасаған қылмысының сипаты мен ауырлығына сәйкес болуы керек. Жаза қылмысты анықтаған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер қылмысқа байланысты тексеріс жүргізілсе - оның аяқталған күнінен бастап, қылмысты жасаған күнінен бір айдан кешіктірілмей салынады. Жазалау жиырма төрт сағаттың ішінде, ал ерекше жағдайларда салынған күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей орындауға келтіріледі. Инспектор жаза салынғанға дейін бұзушыдан түсініктемесін, құқық бұзушылық жасаудың мән-жайлары мен себептерін көрсетіп, алуға міндетті.

      40. Марапаттау және жазалаудың қарастырылған шараларын қолдану құқығын толық көлемде Инспекция бастығы немесе оның орынбасары қолданады.
       Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      41. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана бас тарту: демалыс және мереке күндерінде демалуды өткізу орнынан немесе демалыстан уақытынсыз, себепсіз келген, сондай-ақ жұмыс немесе тұрғын орнын өз еркімен қалдыру, Инспекция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту болып табылады.
       Ескерту: 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      42. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіпті бұзуы жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.
       Ескерту: 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      43. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтейтіндерге қадағалауды Инспекция жүзеге асырады және олардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша, жұмыстан бос уақытында сотталғандарға қадағалау мен бақылау қамтамасыз етіледі.
       Ескерту: 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      44. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтейтіндерге қадағалау:
      әкімшілік ықпал етудің шараларын қолдануды немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соққан, егер оған Инспекцияны сотталғандар жіберген бұзушылықтар туралы ақпарат қызметі тарапынан хабардар ететін автоматтандырылған тәртіп бекітілмесе, қоғамдық тәртіп бұзушылығын анықтау және жаңа қылмыстарды жасау жағдайына ішкі істер қалаудан органдарының қолда бар есепке алулары бойынша сотталғандарды ай сайын тексеріспен;
      сотталғандармен, олардың туысқандарымен, сотталғандарға әсер етуі мүмкін адамдармен тәрбие және алдын-алу әңгімелерін жүргізу үшін Инспекцияға шақыртылуымен;
      сотталғандардың мінез-құлқына қатысты және олардың сот жүктеген міндеттерін сақтауына, бірлескен алдын-алу іс-шараларын жүргізуге қатысты ақпаратпен құқық қорғау және басқа да органдармен және мекемелермен алмасуымен.
       Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      45. Жазасын өтеуден қасақана жалтаратын сотталғанды ішкі істер органы прокурордың санкциясымен он тәуліктік мерзімге дейін жалтару себебін табу үшін ұстай алады. Ішкі істер органы қажет болған жағдайда бас бостандығынан айырылған сотталған адамдар үшін белгіленген тәртіппен ұсталғанды жазасын өтеу орнына жібереді және жазаны өтеуден қасақана жалтаруы туралы деректер болған кезде материалдарды сотталғанның ұсталу орны бойынша сотталғанның бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа береді.

      46. Сотталғанға бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру жазамен ауыстыру мәселесін шешу кезінде оны ішкі істер органы прокурордың санкциясымен он тәулік мерзімге дейін жазасын өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында ұстай алады.

      47. Сотталғандарды іздеу жөніндегі бастапқы іс-шараларды Инспекциялар  Бұйрықпен бекітілген Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау жөнiндегi нұсқаулықтың 8-бөлімінің 171-тармағымен белгіленген тәртіппен жүргізеді, ол табыссыз болған кезде осы Нұсқаулықтың 175-тармағында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
      Ескерту: 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      48. Бас бостандығын шектеудің күшін жою туралы ұсынымда сотталғанның сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, қоғамдық тәртіпті бұзу, сол уақыт ішінде Инспекцияға келмеген уақыты, оған қандай әсер ету шаралары қабылданғаны, оның оған әсері, сондай-ақ еріксіз әкелуінің болуы жөніндегі нақты фактілер көрсетіледі. Ұсынымға жұмыс, оқу және тұратын орнынан мінездеме, Инспекция қызметкерінің сотталғанның мінез-құлқы туралы рапорты, оның өмір салты, сотталғанның түсініктемесі және басқа құжаттар көрсетіледі.
       Ескерту: 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

  3. Жазасын өтеуін тоқтату және сотталғанды
есептен шығару тәртібі

      49. Сотталғандар мынадай негіздемелер бойынша Инспекциялар есебінен шығарылады:
      сот үкімі бойынша тағайындалған бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзімін өтеуі;
      ақтау үкімі шығарылып немесе сот ісін жүргізу тоқтатылып сот үкімі күшінің жойылуы;
      бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босатылуы;
      қайырымдылық немесе рақымшылдық;
      жаңа қылмыс жасағаны үшін соттау;
      инспекция қызмет көрсететін аумақтан кету кезінде тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты;
      ауыр науқастану немесе мүгедектік;
      бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығын айырумен ауыстыру;
      заңмен көзделген өзге де негіздемелер.
       Ескерту: 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      50. Сотталғанды Инспекциялар есебінен шығару үшін негіздеменің болуын растайтын құжаттамалар:
      науқасы ауыр немесе мүгедек болған кезде - сот қаулысының көшiрмесi;
      бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айырумен ауыстырған кезде, іс жүргізуді қысқартып үкімнің күшін жою - тиісті сот органдары ұйғарымдарының, қаулыларының көшірмелері;
      рақымшылық немесе қайырымдылық туралы актілерге сәйкес оларды орындау жүктелген құзыретті органдардың құжаттары;
      жаңа қылмыс жасағаны үшін сотталғанға қатысты оның заңды күшіне енгендігі туралы өкімімен сот үкімінің көшірмесі;
      АХАЖ органынан сотталғанның қайтыс болуы туралы анықтама;
      жеке істі алғандығы және сотталғанның жаңа тұрғын жері бойынша Инспекцияға есепке тұрғызғандығы туралы хабар болып табылады.
        Ескерту: 50-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343   бұйрығымен , 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      51. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу заңнамаға сәйкес жаза мерзіміне енгізілуі мүмкін өзгерістер ескеріле отырып, жазасын өтеудің соңғы күнінде тоқтатылады.
      Жазасын өтеген адамдарға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі (5-қосымша).

      52. Сотталғанды жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату Инспекцияға тиісті құжаттар түскен күні жүргізіледі.

      53. Міндетті әскери қызметке шақыруға жататын адамды есептен шығарған күні тиісті жергілікті әскери басқару органына хабар жіберіледі (Бұйрыққа 35-қосымша).
       Ескерту: 53-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      54. Сотталғанды есептен шығарған күні құжаттандыру және тіркеу бөлімшесіне (Бұйрыққа 36-қосымша) хабар жіберіледі.
       Ескерту: 54-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.29. N 192   бұйрығымен .

      55. Бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыруға байланысты сотталғанды есептен шығару сот шешімдерінің негізінде оны алған күні жүргізіледі.

      56. Сотталғанды есептен шығару күні мен негіздемесі туралы сотталғанды есепке алу журналында, жеке ісінде белгі жасалады. Есептен шығарған күні белгіленген нысандағы хабарлама аумақтық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасына жолданады ("Қылмыс жасаған адамдардың жеке фамилиялық және дактилоскопиялық есебін, іздеу есебін жүргізу мен пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 95/ЦА бұйрығы) жіберіледі. Есептен шығарылған сотталғандардың жеке істерін Инспекция қызметкерлері архивке шығарады.

                                                        1-қосымша

                    Қазақстан Республикасының
                        Әділет министрлігі
                    (аумақтық органның атауы)

            Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын
                 өтеп жатқан адамдарды есепке алу
                             Журналы

                                              Басталды "__"______ 200_ ж.  

                                       Аяқталды "__"______ 200_ ж.  

                                       Сақталу мерзімі____________  

                                       1-қосымшаның келесі беті     

------------------------------------------------------------------
N !Тегі  !Қай     !Үкімнің!ТМ Боса.!Инспек.!Сот үкі.!Соттал.!Ес.
р/с!Аты   !соттпен !инспек.!тылған  !цияға  !мімен   !ғанды  !керту
   !әкесі.!соталды,!цияға  !күні    !келген !Жүктел. !есептен!
   !нің   !ҚР ҚК   !түскен !        !күні   !ген мін.!шығару !
   !аты.  !қай бабы!мерзімі!        !       !деттері !күні   !
   !Тұрғын!бойынша !       !        !       !        !мен не.!
   !жері  !        !       !        !       !        !гізде. !
   !      !        !       !        !       !        !месі   !
------------------------------------------------------------------
1 !  2   !    3   !   4   !    5   !   6   !   7    !   8   !  9
------------------------------------------------------------------

                                                         2-қосымша  

                    Қазақстан Республикасының
                        Әділет министрлігі
                    (аумақтық органның атауы)

               Бостандығын шектеу түріндегі жазасын
                        өтеп жатқан адамның
                        N _______  Жеке ісі

      _________________________________________________________
                    (тегі, аты , әкесінің аты)

      Қазақстан Республикасы ҚҚ ____ бабы бойынша 200_ ж. "___"
_________________ жылдарға сотталған

                                       Есепке қойылған "___"_____200__ ж.  

                                Есептен шығарылған "___" 200__ ж.   

                                Істегі парақтардың саны ___________ 
                                                      (жазылуымен) 

                                                        3-қосымша

            Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға
       сотталғанның өтеу мерзімін енгізбеу туралы қаулы

      Мен, ______________________________________________________
              (аумақтық қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы,
                         аға инспекторы, инспектор)
өз бетімен сотталғанның болмауынсыз материалды қарап сотталған
_________________________________________________________________
      (Т.А.Ә. ҚР ҚҚ бабы, жаза өтеуінің басталуы, аяқталуы)

                            Анықтадым:
_________________________________________________________________
    (сотталғанның жұмыста немесе мекен-жайы бойынша өз-бетімен 
болмауының себептері көрсетіледі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

                           қаулы еттім:

      ҚР ҚК 45 бабына сәйкес, уақытша өз-бетімен болмауы жазасын 
өтеу мерзіміне саналмасын _______________________________________
_________________________________________________________________
              (жұмыста немесе мекен-жайы бойынша

_________________________________________________________________
                           тәулік саны)
бас бостандығынан айыру жазасына сотталған  _____________________
_________________________________________________________________
                           (Т. А. Ә.)           

Жазасын өтеу мерзімінің аяқталуы саналсын  ______________________
_________________________________________________________________

Қаулы жарияланды  _______________________________________________
                        (сотталғанның қолы, танысу датасы)

         Алматы облысы бойынша
ҚАЖ Комитеті Басқармасы қылмыстық-атқару 
         инспекциясының бастығы 
(аға инспектор, инспектор) әділет капитаны

                                                        4-қосымша  

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343   бұйрығымен .

                   Қазақстан Республикасының
                      Әділет министрлігі
                   (аумақтық органның атауы)

       Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау
        жөніндегі марапаттау және жазалауды есепке алу
                           журналы

Басталды  "___"_____ 200_ ж.  

Аяқталды "___"______ 200_ ж.  

Сақталу мерзімі _____________ 

4-қосымшаның келесі беті  

-----------------------------------------------------------------
N !Жаза салу!Солтталғанның!Сотталғанның!Жаза салу!Жазалау!Инспек.
р/с!және ма. !аты, әкесінің!жеке ісінің !және ма. !және   !ция
   !рапаттау.!аты, тегі    !нөмірі      !рапаттау.!мара.  !бастығы.
   !ды жария.!             !            !ды жария.!паттау !ның қолы
   !лау мер. !             !            !лау не   !түрі   !
   !зімі     !             !            !үшін бе. !       !
   !         !             !            !ріледі   !       !
------------------------------------------------------------------
1 !    2    !      3      !     4      !    5    !   6   !   7
------------------------------------------------------------------

5-қосымша  

Мөртаңба орны

                            Анықтама

      Азамат _____________________________________________берілді
                      (Тегі, аты, әкесінің аты)

сотталған "________" ___________ 200 _________________________
                                           (соттың атауы)

      Қазақстан Республикасы ҚК  _______ бабы бойынша бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны, сондай-ақ ол инспекцияның есебінен шығаруға байланысты "____"________   200 ___ж.

_________________________________________________________________
              (есептен шығару негізін көрсету керек)

                                Қылмыстық-атқару инспекциясының
                                бастығы (аға инспектор, инспектор)

"____" __________ 200 ___ж.

      Мөр орны

__________________________  
  (инспекцияның атауы)     
__________________________  
     (тегі және аты)      
__________________________  
         (қолы)       

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Әдiлет министрiнiң
                                           2003 жылғы 4 мамырдағы
                                          N 81 бұйрығымен бекiтiлген
                                            Бас бостандығын шектеу
                                          түрiндегi жазаны орындауды
                                            ұйымдастыру жөніндегі
                                                 нұсқаулыққа
                                                  6-қосымша

      Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343   бұйрығымен .

                 Сотталғандарды марапаттау туралы
                               ҚАУЛЫ

Сотталған _________________________________________________________
                         (аты-жөнi, туған жылы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                 (марапаттауға негiздеме көрсетiледi)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-аткару кодексiнiң 49-бабын
      басшылыққа алып

                              ҚАУЛЫ ЕТТI
Сотталған _________________________________________________________
                             (аты-жөнi)
___________________________________________________________________
                  (марапаттау түрi көрсетiледi)
___________________________________________________________________
       Орда облысы бойынша ҚАЖ комитетiнiң Орда Қылмыстық-атқару
       инспекциясы басқармасының бастығы (аға маман-инспектор,
       маман-инспектор)
       әдiлет капитаны                                Ә.Қ.Ордабаев
___________________________________________________________________
      (атағы)            (қолы)            (аты-жөні)            

                                         20___ ж "___" ____________

      Қаулы маған жарияланды
      _______________________________
      (күнi және сотталғанның қолы)

                                                                                       Қазақстан Республикасы
                                             Әдiлет министрiнiң
                                            2003 жылғы 4 мамырдағы
                                          N 81 бұйрығымен бекiтiлген
                                            Бас бостандығын шектеу
                                          түрiндегi жазаны орындауды
                                             ұйымдастыру жөніндегі
                                                  нұсқаулыққа
                                                    7-қосымша

       Ескерту: 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343   бұйрығымен .

           Сотталғанға тәртiптiк жаза қолдану туралы
                               қаулы

Сотталған _________________________________________________________
                         (аты-жөнi, туған жылы)
___________________________________________________________________
                  (бұзушылықтың мән-жайы жазылады)
______________________________________________ көрiнген жазаны өтеу
режимiн бұзуға жол берген

      Сотталған ______________ жазбаша түсiнiктемесiн және басқа да
      тексерiс материалдарын қарай келе, Қазақстан Республикасы
      Қылмыстық-атқару кодексiнiң 50-бабын басшылыққа алып

                              ҚАУЛЫ ЕТТI

Сотталған _________________________________________________________
                                   (аты-жөнi)

жазаны өтеу режимiн бұзғаны үшiн __________________________________
                              (тәртiптiк жазаның түрi көрсетiледi)

___________________________________________________________________
       Орда облысы бойынша ҚАЖ комитетiнiң Орда Қылмыстық-атқару
       инспекциясы басқармасының бастығы (аға маман-инспектор,
       маман-инспектор)
       әдiлет капитаны                                Ә.Қ.Ордабаев
___________________________________________________________________
      (атағы)            (қолы)              (аты-жөні)     

                                         20___ ж "___" ____________

      Қаулы маған жарияланды
      _______________________________
      (күнi және сотталғанның қолы)  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады