Қазақстан Республикасы кеден органдарының экспорттық бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазқстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 4 маусымдағы N 267 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2346. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 482-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз.K100296
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының экспорттық бақылауды жүзеге асыруы  жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қаңғылабева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

"Қазақстан Республикасы    
кеден органдарының      
экспорттық бақылауды жүзеге 
асыруы  жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы"        
Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі 
төрағасының         
2003 жылғы 4 маусымдағы  
N 267 бұйрығымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы кеден органдарының
экспорттық бақылауды жүзеге асыруы
жөніндегі нұсқаулық 

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы кеден органдарының экспорттық бақылауды жүзеге асыруы  жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық), Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі)  482-бабына , "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының   Заңына сәйкес әзірленді және кеден органдарының Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімдердің жеткізілуін растау сертификатын ресімдеудің рәсімін нақтылайды. Қараңыз.K100296
      Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің жеткізілуін растайтын сертификат - Қазақстан Республикасының кеден органдары ресімдеген, жүктің Қазақстан Республикасына жеткізілгендігін растайтын құжат.
      Соңғы пайдаланушының импорттық сертификаты - экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға жататын өнімнің ел қажеттілігі үшін пайдаланылатындығы және  экспорттаушы елдің - (шығарған елдің) уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз үшінші елдерге қайта экспортталмайтындығы туралы міндеттемесі. 
      Өнім - экспорттық бақылау қызметіне түсетін тауарлар, технологиялар, жабдық, жұмыстар, қызмет көрсетулер, ақпараттар.

  2. Кеден органының функциялары мен өкілеттіктері

      2. Қазақстан Республикасының "Экспорттық бақылау туралы"  Заңына және экспорттық бақылау саласындағы басқа да нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде экспорттық бақылауға жататын тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау;
      2) экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алу және жолын кесу;
      3) Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің (бұдан әрі - Өнім) жеткізілуін растайтын сертификатты ресімдеу; 
      4) өздері сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және өзге де тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан алған ақпараттардың құпиялылығын сақтау;
      5) Өнімнің Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілуі туралы қажетті деректерді ұсыну.

      3. Қазақстан Республикасы кеден органдарының:
      1) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысуға;
      2) экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарымен өзара іс-әрекет жасасуға құқығы бар.

  3. Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің жеткізілуін 
растау сертификаттарын ресімдеу

      4. Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің жеткізілуін растау сертификатын (бұдан әрі - ЖРС) ресімдеуді Қазақстан Республикасының кеден органдары "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді ресімдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919  қаулысымен белгіленген нысан бойынша жүзеге асырады.

      5. Егер, экспорттық бақылауға жататын өнімінің импортына арналған лицензияда соңғы пайдаланушының импорт сертификатын бергендігі туралы көрсетілген жағдайда, Қазақстан Республикасына импортталатын өнімдерге ЖРС ресімделеді.
      Бұл ретте, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импортына арналған лицензияда соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

      6. Қазақстан Республикасының кеден органдары соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының нөмірі мен берілген күні көрсетілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің импортына арналған лицензияны алған жағдайда көрсетілген өнімдерге кедендік ресімдеуді жүргізеді, және ол аяқталғаннан кейін ЖРС ресімдейді.

      7. Қазақстан Республикасының кеден органы жүктің нақты жеткізілген күнінен бастап 10 күннің ішінде ЖРС-ты экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.

      8. Кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін кедендік ресімдеуге ұсынылған барлық құжаттардың көшірмелері кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жеберіледі. 

  4. Өнімді кедендік ресімдеу

      9. Кедендік ресімдеудің мақсаты Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден режимімен орналастыру болып табылады.

      10. Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органы белгілеген тәртіппен жүргізіледі. 

  5. Қорытынды ережелер

      11. Контрабанда және өзге де қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер  бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады