Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 162 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2384. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 224 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногы қызметінің айқындылық және тиімділік дәрежесін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2003 жылғы ақпанда жарияланған, N 2) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде:
      3-қосымшаның 1-нысаны мынадай мазмұндағы кестемен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік бағалы қағаздармен
___________________________________________________________________
N  | Эмитенттің | Бағалы қағаздың  | Мәміле | Бағалы   | Мәміле
р/с |  атауы     | бірегейлендіру   |  саны  |қағаздар  | көлемі
    |            |     номері       |        |  саны    | (теңге)
    |            |__________________|        | (дана)   |
    |            |  ҰБН   |  ISIN   |        |          |
___________________________________________________________________
1       2                 3             4        5          6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      3-қосымша мынадай мазмұндағы нысанмен толықтырылсын:
      "6-нысан. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналысқа шығарған кезде мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер туралы есеп
      Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында
___________________________________________________________________
N  | Эмитенттің | Бағалы қағаздың  | Мәміле | Бағалы   | Мәміле
р/с |  атауы     | бірегейлендіру   |  саны  |қағаздар  | көлемі
    |            |     номері       |        |  саны    | (теңге)
    |            |__________________|        | (дана)   |
    |            |  ҰБН   |  ISIN   |        |          |
___________________________________________________________________
1       2           3        4        5          6         7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында
___________________________________________________________________
N  | Эмитенттің | Бағалы қағаздың  | Мәміле | Бағалы   | Мәміле
р/с |  атауы     | бірегейлендіру   |  саны  |қағаздар  | көлемі
    |            |     номері       |        |  саны    | (теңге)
    |            |__________________|        | (дана)   |
    |            |  ҰБН   |  ISIN   |        |          |
___________________________________________________________________
1       2           3        4        5          6         7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

";

      Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызмет нәтижелері туралы есепті толтыру ережесінде:
      Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызмет нәтижелері туралы есепті толтыру ережесінің 1-нысаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер жасаған жағдайда 3-бағанда да бағалы қағаздардың халықаралық бірегейлендіру номері көрсетіледі.";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "6-нысан.
      Бағалы қағаздардың қайталама рыногында олардың айналысы кезінде мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер туралы есеп олардың брокер немесе дилер ретінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына қайталама айналысқа шығарылған кезде бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдармен жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша жасалады.
      2-бағанда бағалы қағаздарымен мәмілелер жасалған эмитенттің атауы көрсетіледі (алфавиттік тәртіппен).
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер жасалған жағдайда 3-бағанда бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру номері көрсетіледі.
      Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер жасалған жағдайда 4-бағанда бағалы қағаздардың халықаралық бірегейлендіру номері көрсетіледі.
      5-бағанда есепті кезең ішінде осы эмитенттің мемлекеттік бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелердің жалпы саны (данамен) көрсетіледі. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым мәмілеге бірдей мезгілде сатушы және сатып алушы ретінде қатысқан жағдайда, көрсетілген мәміле осы есепте екі мәміле ретінде көрсетіледі.
      6-бағанда осы эмитенттің есепті кезең ішінде мәміле жасалған бағалы қағаздарының жалпы саны көрсетіледі.
      7-бағанда есепті кезеңде осы эмитенттің бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелердің жалпы көлемі (теңгемен) көрсетіледі. Бір мәміле жасау арқылы бірнеше клиенттік тапсырыстар орындалған жағдайда 6-бағанда клиенттік тапсырыстардың санына тең мәмілелердің саны көрсетіледі.".

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады