Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 201 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2427. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен.

       Ескерту:   Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен (2006 жылы 27 қазанда N 189 "Заң газеті" газетінде жарияланды).

----------------Қаулыдан үзінді--------------------

      Нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7-шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi...

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы    
23 қыркүйектегi N 218 қаулысына
қосымша           

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi
жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      ...
      2. "Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң жұмыс iстеу және оған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң қатысу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 201 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2427 тiркелген)...
------------------------------------ 

      Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап он күндік мерзімде жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктер "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлік қоғамымен міндетті күнтізбелік және өзге де жарналарды енгізу, сондай-ақ жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесіне сәйкес қатысушы банктердің депозиттік саясаты туралы мәліметтер беру тәртібін көздейтін жаңа шарттар жасасын.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық  
Банкі Басқармасының "Жеке     
тұлғалардың салымдарына      
(депозиттеріне) міндетті ұжымдық  
кепілдік беру (сақтандыру)    
жүйесінің жұмыс істеу және оған  
Қазақстан Республикасының екінші 
деңгейдегі банктерінің қатысу  
ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 
4 шілдедегі N 201 қаулысымен    
бекітілді            

  Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс
істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі банктерінің қатысу ережесі

      Осы Ереже " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " және " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған екінші деңгейдегі банктердің қатысу тәртібін белгілейді.
       Ескерту: Кіріспеге толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін (бұдан әрі - Депозиттерге кепілдік беру жүйесі) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі (бұдан әрі - банктер) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым, міндеттемелеріне осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша кепілдік берілетін банктер және олардың салымшылары (депозиторлары) құрайды.

      2. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатын банктерді мәжбүрлеп таратқан жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтаруды қамтамасыз етуге негізделген.

      3. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) болып табылады.

      4. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне осы Ережеде белгіленген талаптарға жауап беретін кез келген банк қатысушы бола алады.
      5. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер осы Ережеде белгіленген мөлшерде және тәртіппен Қорға жарналар төлейді.

      6. Жеке тұлғалардың салымдарының (депозиттерінің) түрлері және Қордың оларға кепілдік беру (сақтандыру) ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

      7. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) агент банк - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қормен жасалған агенттік келісім негізінде салымшыларға (депозиторларға) өтемақы төлеу жөніндегі рәсімді жүзеге асыратын қатысушы банк;
      2) қатысушы банк - олар тартқан жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтару жөніндегі міндеттемелеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кепілдік берілетін Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банк;
      3) салым (депозит) бойынша өтемақы - Қор салымшыға (депозиторға) кепілдік берілген салым (депозит) бойынша төлеуге тиісті ақша сомасы;
      4) салымшы (депозитор) - қатысушы банкте кепілдік берілген салымы (депозиті) бар жеке тұлға;
      5) кепілдік берілетін салым (депозит) - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын теңгедегі және/немесе шетел валютасындағы салым (депозит);
      6) қосымша жарналар - салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банктердің Қорға біржолғы төлемдері;
      7) міндетті күнтізбелік жарналар - қатысушы банктердің Қорға тоқсан сайынғы төлемдері;
      8) қайтару резерві - осы Ережеде көзделген тәртіппен қалыптасатын, салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге арналған ақша сомасы;
      9) қатысушының куәлігі - қатысушы банкке Қор беретін және оның Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуын куәландыратын құжат;
      10) төтенше жарналар - Қорға қатысушы банктер Қордың қарыз сомасын және олар бойынша есептелген сыйақыны төлеу үшін Қорға жасалған төлемдері.

  2-тарау. Қор және оның өкілеттігі

      8. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құрылады және өз қызметін жарғының негізінде жүзеге асырады.

      9. Қордың ақшасы:
      1) Қор активтерінің 80 (сексен) процентінен кем емес мөлшері - Қордың Директорлар кеңесі бекіткен тізбеге сәйкес бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

      10. Қор мынадай негізгі функцияларды орындайды:
      1) өтемақы резервін қалыптастырады;
      2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда оның салымшыларына (депозиторларына) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде және тәртіппен салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейді;
      3) активтерді басқарады;
      4) қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;
      5) Қордың Жарғысында, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      11. Қор өз функцияларын орындау кезінде:
      1) қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) ақпарат алмасу жөнінде келісім жасайды және оған сәйкес оларда тәуекелді басқару жүйесінің болуы туралы мәліметті және тартылған салымдар (депозиттер) бойынша мәліметтерді қоса алғанда, қатысушы банктердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтер алады;
      2) уәкілетті органға қатысушы банктердің салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу фактілері туралы хабарлайды;
      3) осы Ережеде белгіленген тәртіппен банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдайды және одан шығарады;
      4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясына мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясы ұсынған есепке (бұдан әрі - салымдар (депозиттер) бойынша өтем есебі) сәйкес сома көлемінде салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге байланысты өздерінің кері талаптарын қанағаттандыру үшін өтініш береді;
      5) қатысушы банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы өтініш жасайды;
      6) шетел валютасымен салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін, шетел валютасымен алынған заемдарды өтеу үшін, сондай-ақ өз активтерін орналастыру үшін шетел валютасын сатып алады;
      7) қатысушы банктен оның депозиттік саясаты жөнінде ақпарат сұратады;
      8) уәкілетті орган алдында қатысушы банкке инспекторлық тексеру жүргізу және оны жүргізудің мақсаты мен негіздемелерін көрсете отырып оған өз өкілін қатыстыру туралы өтініш жасайды;
      9) Ұлттық Банкке осы орган айқындаған тәртіппен және мерзімде өз қызметі туралы қаржылық есеп ұсынады;
      10) өзінің жылдық балансын, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті тәуелсіз аудиторлық ұйым растағаннан кейін республикалық газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
      11) өз құзыреті шегінде басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

      12. Қор банктік шоттарын Ұлттық Банкте ғана ашады.

      13. Қор қызметіне жалпы басшылықты өкілеттігіне жарғылық қызметпен қатар:
      1) банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау және одан шығару туралы шешім қабылдау;
      2) осы Ережеге сәйкес қосымша және төтенше жарналардың мөлшерін және енгізу мерзімін, сондай-ақ міндетті күнтізбелік жарналарды енгізу мерзімін белгілеу;
      3) Қор активтерін Ұлттық Банкке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау;
      4) өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау;
      5) конкурстық тәртіппен агент банкті таңдау кіретін Қордың Директорлар кеңесі жарғы негізінде жүзеге асырады;
      6) Қор ақшасы орналастырылатын бағалы қағаздардың және қаржы құралдарының тізбесін бекіту.
       Ескерту: 13-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

      14. Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы банктердің қызметі туралы оларға белгілі болған ақпаратты тек қана қызметтік мақсатта пайдаланады және алынған мәліметті жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

  3-тарау. Банктердің Депозиттерге кепілдік беру
жүйесіне кіруі

      15. Банктер Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне уәкілетті органның тиісті оң қорытындысын алған жағдайда ғана кіреді.
      уәкілетті органның оң қорытындысын беру үшін:
      соңғы алты ай ішінде пруденциалдық нормативтерді орындауы;
      соңғы алты ай ішінде ең төменгі резервтік талаптарды орындауы;
      соңғы алты ай ішінде қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыруға қойылатын талаптарды орындауы;
      банк заңдарында көзделген банкке қатысты күші жойылмаған шектелген ықпал ету шаралары және санкциялардың болмауы негіз болып табылады.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

      16. Депозиттерге кепілдік беру жүйеге кіру үшін банк Қорға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті, уәкілетті органның оң қорытындысын, өзінің депозиттік саясатын, сондай-ақ Қорға өтініш берген күнгі тартылған салымдар (депозиттер) және олар бойынша сыйақы ставкалары бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

      17. Банк осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбаған жағдайда Қор Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдауға арналған құжаттарды қараудан бас тартады.

      18. Қор банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау туралы шешімді банктен құжаттар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      19. Қор банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк бес жұмыс күні ішінде Қормен міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды енгізу тәртібі тартылған жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері) бойынша ең жоғары сыйақы ставкалары және банктің депозиттік саясаты туралы мәліметтер беру туралы Шарт (бұдан әрі - Шарт) жасайды.
      Шартта банктің мерзімінде төленбеген күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналары, сондай-ақ Қор белгілеген ең жоғары мөлшерден асып кеткен сыйақы ставкалары бойынша кепілдік берілген салымдар (депозиттер) тартқаны үшін айыппұл сомасындағы ақшаны банктің банктік шотынан Қордың акцептсіз тәртіппен алу құқығы көзделеді.

      20. Шарт жасалғаннан кейін осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушының куәлігі беріледі.

      21. Банк қатысушының куәлігін берген күннен бастап Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк болады.

      22. Банкке қатысушының куәлігін беру туралы ақпарат оны берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қор мемлекеттік және орыс тілдерінде республикалық газеттерде жарияланады.

      23. Қор Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) тиісті ақпарат енгізу арқылы берілген және қайтарып алынған қатысушылар куәлігінің есебін жүргізеді.

      24. Қор тоқсан сайын республикалық газеттерде тізілімді, оған өткен тоқсанда енгізілген өзгерістерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

  4-тарау. Банктердің Депозиттерге кепілдік беру
жүйесіне қатысу тәртібі

      25. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі қатысушы банктердің мынадай талаптарды:
      1) Қормен Шарт және Келісім жасау;
      2) осы Ережеге және Шартқа сәйкес міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды уақтылы әрі толық көлемде енгізу;
      3) қатысушы куәлігінің номері мен берілген күнін көрсете отырып өзінің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы, сондай-ақ салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу шарттары туралы клиентке хабарлау;
      4) клиенттерге таныстыру үшін банктерде, салымдарды (депозиттерді) қабылдауға жауапты өзінің барлық бөлімшелерінде жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актінің көшірмесі болуын қамтамасыз ету;
      5) мерзімді және шартты банктік салым шарттарында салымдардың (депозиттердің) салымшы (депозитор) қосымша ақша сомасын енгізу не олардың салым бойынша ақшаның бір бөлігін алу нәтижесінде, сондай-ақ аталған жағдайға әкеліп соқтыруы ықтимал шарттың мерзімін ұзарту жағдайында кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) санатынан кепілдік берілмейтін салымдар (депозиттер) санатына және кепілдік берілмейтін салымдар (депозиттер) санатынан кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) санатына ықтимал көшу туралы жағдайын көздеу;
      6) кепілдік берілген салымдарды (депозиттерді) қайтару жөніндегі міндеттемелерді толық және уақтылы орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соқтыратын жағдайдың пайда болғаны туралы Қорға дереу хабарлау;
      7) оны мәжбүрлеп таратқан жағдайда Қордың Директорлар кеңесі бекітетін нысан бойынша жасалған салымдары (депозиттері) кепілдік беруге жататын салымшылардың (депозиторлардың) тізімін, сондай-ақ салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы есебін (бұдан әрі - салымшылардың (депозиторлардың) тізімі және өтеу есебі) Қорға уақтылы ұсыну;
      8) Қордың Директорлар кеңесі бекітетін нысан бойынша міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналар бойынша есептердің дұрыстығын растайтын мәліметтерді Қорға уақтылы ұсыну;
      9) осы Ережеге және Шартқа сәйкес өзге де мәліметтерді Қорға уақтылы ұсыну;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауын көздейді.

      26. Қатысушы банк оның атауына өзгеріс енгізілген және/немесе оны қайта ұйымдастырған жағдайда Қорға жазбаша хабарлайды.

      27. Қатысушы банктің атауы өзгерген, сондай-ақ қатысушы банкті бірнеше қатысушы банктерді не қатысушы банктер мен Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын банктерді біріктіру арқылы, сондай-ақ қатысушы банкті бөлу арқылы қайта ұйымдастырған жағдайда Қор қатысушы банктен растау құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тізілімге тиісті өзгерістерді енгізе отырып қатысушының куәлігін ауыстырады.

      28. Қатысушы банкті бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған банктер Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне осы Ереженің 3-тарауында көзделген тәртіппен кіреді. 

  5-тарау. Қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру
жүйесінен шығару тәртібі

      29. Қор қатысушы банкті:
      1) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны қайтарып алуды қоспағанда, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған қатысушы банктің лицензиясын қайтарып алған;
      2) Қор банктің банктік шотынан мерзімінде төленбеген міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналар сомасындағы ақшаны оның келісімінсіз алуы түріндегі шаралар Шартқа сәйкес қатысушы банкке қатысты тұрақты (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан да көп рет) қолданылған;
      3) кепілдік берілген салымдар (депозиттер) бойынша Қор белгілеген сыйақы ставкасының ең жоғары мөлшерінен асатын мөлшерде сыйақы ставкасын белгілегені үшін айыппұл салу Шартқа сәйкес, қатысушы банкке қатысты тұрақты (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан да көп рет) қолданылған жағдайларда Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығаруға құқылы.

      30. Егерде қатысушы-банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енсе, сонымен бірге қатысушы-банктер өз еркімен тарату туралы шешім қабылдаса, қатысушы-банк сот шешімі күшіне енген күннен бастап Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен немесе уәкілетті органнан өз еркімен таратуға рұқсат алудан шығарылып тасталады.
       Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

      31. Қор қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке және уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
       Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

      32. Осы Ереженің 30-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың Директорлар кеңесі қатысушы банкті шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күн өткеннен кейін Қатысушы банк Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылды деп саналады.
      Мұндай банктің қатысушы куәлігі жоюға жатқызылады, бұл туралы тізілімге тиісті өзгеріс енгізіледі.

      33. Қордың қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығару туралы шешімі мұндай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде республикалық газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

  6-тарау. Міндетті күнтізбелік, қосымша және
төтенше жарналарды өтеу және төлеу резервін
қалыптастыру тәртібі

      34. Өтеу резервінің шекті мөлшері қатысушы банктердегі барлық кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) сомасының бес процентін құрайды.

      35. Өтеу резервін қалыптастыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      Салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін қатысушы банктер бұрын аударған міндетті күнтізбелік жарналар толық көлемде; Қордың жарғысында көзделген тәртіппен жарғылық және резервтік капиталға аударым сомасына азайтылған Қор активтерін орналастырудан түскен таза кіріс сомасы; жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) өтеу бойынша Қордың кері талаптарын мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша сомасы;
      Салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін көрсетілген ақша сомасы жеткіліксіз болған жағдайда Қордың жарғылық капиталынан, бірақ 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын ақша пайдаланылады.

      36. Өтеу резерві жеткіліксіз болған кезде және жетпейтін сома барлық қатысушы банктердің тоқсан сайынғы міндетті күнтізбелік жарнасының екі еселенген жиынтық мөлшерінен аспайтын жағдайда қатысушы банктердің қосымша жарналар төлеуі есебінен орны жабылады.

      37. Қосымша жарналардың мөлшері міндетті күнтізбелік жарналар төленген соңғы есепті күнгі қатысушы банктің кепілдік берілетін салымдары (депозиттері) сомасынан барлық қатысушы банктер үшін Қордың Директорлар кеңесі белгілейтін тең ставка бойынша айқындалады.
      Қатысушы банктің Қорға қосымша жарналар төлеуі біржолғы тәртіппен жүзеге асырылады.

      38. Өтеу резерві жеткіліксіз болғанда және қатысушы банктердің қосымша жарналар төлеуімен жетпейтін соманың орнын жабу мүмкін болмаған кезде жетпейтін соманы Қордың Ұлттық Банктен, Қазақстан Республикасының үкіметінен қарыз алу, не олардың кепілдігімен Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасынан аспайтын ставка бойынша өзге де ұйымдардан қарыз алу есебінен орнын жабады.

      39. Заем және ол бойынша есептелген сыйақы сомасын төлеуді Қордың Директорлар кеңесі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен қатысушы банктердің төтенше жарналар төлеуінен түскен ақша сомасы есебінен Қор жүзеге асырады.

      40. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер үшін мынадай міндетті күнтізбелік жарналар ставкасы белгіленеді:
      бастапқы екі жыл ішінде - есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік берілген салымдары (депозиттері) сомасынан 0,25 (ноль бүтін жүзден жиырма бес) процент;
      кейінгі жылдары - есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік берілетін салымдары (депозиттері) сомасынан 0,16 (ноль бүтін жүзден он алты) процент.
      Қатысушы банктер міндетті күнтізбелік жарна төлеуді тоқсан сайын жүзеге асырады.

      41. Қорға міндетті күнтізбелік жарналар, сондай-ақ осы Ережеде көзделген жағдайларда қосымша және төтенше жарналар төлеуді осы Ережеде және Шартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен Қордың банктік шотына тиісті ақша сомасын аудару арқылы қатысушы банк жүзеге асырады.

      42. Шетел валютасындағы кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) сомасы бойынша қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша жарналар төлеуі міндетті күнтізбелік жарналарды төлеудің соңғы есеп беретін күні белгіленген шетел валютасының теңгеге рыноктық бағамы бойынша осы соманы теңгемен қайта есептеу арқылы жүзеге асырылады.
      Қатысушы-банктердің шетел валютасында кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) сомасы бойынша төтенше жарналарды төлеуі көрсетілген сомаларды Қордың Директорлар кеңесі айқындайтын күнге белгіленген шетел валюталарының теңгеге рыноктық бағамы бойынша теңгеге қайта есептей отырып жүзеге асырылады.
       Ескерту: 42-тармаққа өзгертулер мен толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

      43. Қатысушы банкке уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шараларын және санкциялар қолдануы қатысушы банкті міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеуден босатпайды.
       Ескерту: 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

  7-тарау. Агент банкті іріктеу салымдар (депозиттер)
бойынша олардың өтемақы төлеу тәртібі

      44. Салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агент банк арқылы жүзеге асырылады.

      45. Агент банкті таңдауды Қор конкурстық тәртіппен жүзеге асырады.

      46. Қор агент-банкті таңдау бойынша конкурс жүргізудің басталуына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей агент банкке қойылатын мынадай талаптарды көрсете отырып ол туралы барлық қатысушы банктерге жазбаша нысанда хабарлайды:
      1) кассалық операциялар жүргізуге лицензиясы болуы;
      2) конкурсқа қатысуға өтініш берген күнге дейін алты айдың ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтауы;
      3) салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін қажетті аймақтарда филиалдары және/немесе есеп айырысу-кассалық бөлімдері болуы;
      4) Қор және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктердің салымшылары (депозиторлары) үшін салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеудің неғұрлым тиімді шарттары болуы.

      47. Агент-банкті таңдау бойынша конкурсқа қатысуға тілек білдірген қатысушы банк Қорға осы Ереженің 46-тармағына сәйкес агент-банкке қойылатын талаптарға оның сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.

      48. Агент банкті Қордың Директорлар кеңесі қатысушы банк ұсынған құжаттар негізінде салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу жөніндегі ең жақсы шарттар ұсынысы принципімен таңдайды.
      Қажет болған жағдайда, олар агент банкке қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда Қор бірнеше қатысушы банкті агент-банкті таңдау бойынша конкурстың жеңімпазы деп жариялауы мүмкін.

      49. Егер қатысушы банктердің ешқайсысы агент банкке қойылатын талаптарға сәйкес келмесе, Қор осы Ережеде көзделген тәртіппен Ұлттық почта операторы арқылы салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлейді.

      50. Қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қатысушы банктің тарату комиссиясы Қорға салымшылардың (депозиттердің) тізімін және көрсетілген сот шешімі күшіне енген күні жасалған өтемақылар есебін ұсынады.
      Шетел валютасымен салымдар (депозиттер) бойынша өтемақыларды есептеу кезінде көрсетілген сот шешімі күшіне енген күні белгіленген шетел валютасының теңгеге рыноктық бағамы пайдаланылады.

      51. Қор қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде агент банкті таңдау бойынша конкурста жеңген қатысушы-банкпен салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге Қор аударған ақшаны уақтылы және мақсатқа сай пайдалану жөнінде агент банктің міндеті бар агенттік келісім (бұдан әрі - Агенттік келісім) жасайды.
      Сонымен қатар Агенттік келісімде Қор салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу бойынша агент банктің шығыстарын өтеуден басқа, агент банктің қызмет көрсеткені үшін сыйақы төлемейтіні атап көрсетіледі.

      52. Қор Агенттік келісім негізінде агент банкке салымшылар (депозиторлар) тізімін және өтемақы есебін ұсынады, сондай-ақ оның Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотына салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін қажетті ақша сомасын аударады.

      53. Салымшыларға (депозиторларға) төленуге тиісті, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде олар талап етпеген ақшаны агент банк оның банктік шотына аударым жасау арқылы Қорға қайтарады.

      54. Салымдар (депозиттер) бойынша төленген өтемақылар туралы ақпаратты және төлемді растайтын құжаттарды агент банк апта сайын Қорға жібереді.

      55. Банктің тарату комиссиясының Қормен оның кері талаптарын қанағаттандыру бойынша есеп айырысуы Қазақстан Республикасының банктерді мәжбүрлеп тарату мәселелерін реттейтін заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар Қор мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктен өтемақы есебіне сәйкес алған ақша сомасы мынадай кезектілікпен Қордың шығындарын өтеуге жіберіледі:
      1) Қор қарызға алған және ол бойынша есептелген сыйақы сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеуге;
      2) Қордың жарғылық капиталын қалпына келтіруге;
      3) өтеу резервінен жұмсалған басқа шығындарды қалпына келтіруге.

  8-тарау. Қорытынды ережелер

      56. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Жеке тұлғалардың салымдарына  
(депозиттеріне) міндетті    
ұжымдық кепілдік беру     
(сақтандыру) жүйесінің жұмыс  
істеу және оған Қазақстан   
Республикасының екінші    
деңгейдегі банктерінің    
қатысу ережесіне       
1-қосымша           

"Қазақстанның жеке тұлғалардың 
салымдарына кепілдік беру   
(сақтандыру) қоры" ЖАҚ     

Күні "___" ______________20 __ж.

Өтініш

      Екінші деңгейдегі банк _____________________________________
                                    (банктің толық атауы)
жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне банкті енгізу туралы өтініш жасайды.
      Банкті жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне енгізген жағдайда, банк заңдармен көзделген, екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін реттейтін қатысушы банктің міндеттемелерін өзіне қабылдайды.
      Банктің деректемелері:
__________________________________________________________________
Мемлекеттік және орыс тілдерінде   |
банктің толық ресми атауы          |
__________________________________________________________________
Мемлекеттік және орыс тілдерінде   |
банктің қысқа ресми атауы          |
__________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу номері, күні    |
__________________________________________________________________
ОКПО коды                          |
__________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы                   |
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық   |
Банкіндегі корреспонденттік        |
шотының номері                     |
__________________________________________________________________
МФО                                |
__________________________________________________________________
РНН                                |
__________________________________________________________________

      Басқарма Төрағасы __________________________________________
                                    (толық аты-жөні)
      Қолы __________________

      Мөрдің орны

Жеке тұлғалардың салымдарына  
(депозиттеріне) міндетті    
ұжымдық кепілдік беру     
(сақтандыру) жүйесінің жұмыс  
істеу және оған Қазақстан   
Республикасының екінші    
деңгейдегі банктерінің    
қатысу ережесіне       
2-қосымша           

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N   205   қаулысымен .

200 _____ жылғы "___" ________
N ______                      

Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері) туралы мәліметтер
_____________________________________________________
(банктің атауы)

                                                     мың теңге *
__________________________________________________________________
 р/с |           Атауы          |Шот.|Бар. |Есеп. |Барлығы  
     |                          |тар.|лық  |телген|(депозит 
     |                          |дың |депо.|сыйақы|бойынша  
     |                          |cаны|зит  |сомасы|қатысушы 
     |                          |    |     |      |банк мін.
     |                          |    |     |      |деттеме. 
     |                          |    |     |      |лерінің  
     |                          |    |     |      | жалпы   
     |                          |    |     |      | сомасы) 
__________________________________________________________________
  1  |             2            | 3  |  4  |   5  |    6    
__________________________________________________________________
       Жеке тұлғалардың
       теңгедегі және шетел
       валютасындағы депозит.
       терінің барлығы, оның
       ішінде:
1      Талап ету бойынша
       салымдар, оның ішінде:
1.1    Кепілдік берілетін талап
       ету бойынша салымдар,
       оның ішінде:
1.1.1. теңгемен
1.1.2  Шетел валютасымен
1.2    дауыс беру құқығы бар
       банк акцияларының бес
       және одан да көп
       процентіне ие басшы
       қызметкерлердің,
       олардың туысқандарының
       және акционерлердің
       салымдары
2      Мерзімді салымдар,
       оның ішінде:
2.1    Кепілдік берілетін
       мерзімді салымдар,
       оның ішінде:
2.1.1  Теңгемен, оның ішінде:
       қоса алғанда 400 мың
       теңгеге дейін
       қоса алғанда 400 мың
       теңгеден 600 мың
       теңгеге дейін
       қоса алғанда 600 мың
       теңгеден 800 мың
       теңгеге дейін
       800 мың теңгеден астам
2.1.2  АҚШ долларында, ЕУРОда,
       оның ішінде:
       қоса алғанда 400 мың
       теңге баламасына дейін
       қоса алғанда 400 мың
       теңгеден 600 мың теңге
       баламасына дейін
       қоса алғанда 600 мың
       теңгеден 800 мың теңге
       баламасына дейін
       800 мың теңге
       баламасынан астам
2.1.3. Басқа шетел валютасында,
       оның ішінде:
       Қоса алғанда 400 мың
       теңге баламасына дейін
       Қоса алғанда 400 мың
       теңгеден 600 мың теңге
       баламасына дейін
       Қоса алғанда 600 мың
       теңгеден 800 мың теңге
       баламасына дейін
       800 мың теңге
       баламасынан астам
2.2.   Кепілдік беруге
       жатпайтын мерзімді
       салымдар, оның ішінде:
2.2.1. Дауыс беру құқығы бар
       банк акцияларының бес
       және одан да көп
       процентіне ие басшы
       қызметкер және
       акционерлер, олардың
       туысқандарының салымдары
2.2.2. Ақша енгізген,
       толықтырған немесе алған
       күнгі мөлшері 50 мың
       АҚШ долларынан 100 мың
       АҚШ долларына дейінгі
       баламасындағы теңгемен
       салымдар
2.2.3. Ақша енгізген,
       толықтырған немесе алған
       күнгі мөлшері 50 мың
       АҚШ долл. 100 мың АҚШ
       долл. дейінгі АҚШ
       доллары/ЕУРО-дағы
       салымдар
2.2.4. Ақша енгізген,
       толықтырған немесе
       алған күнгі мөлшері
       50 мың АҚШ долларынан
       100 мың АҚШ долларына
       дейінгі баламасындағы
       басқа шетел валютасындағы
       салымдар
2.2.5. Ақша енгізген,
       толықтырған немесе алған
       күнгі мөлшері 100 мың АҚШ
       долл. және одан жоғары
       баламамен теңгедегі
       салымдар
2.2.6. Ақша енгізген, толықтырған
       немесе алған күнгі мөлшері
       100 мың АҚШ долл. және
       одан жоғары АҚШ доллары/
       ЕУРО-дағы салымдар
2.2.7. Ақша енгізген, толықтырған
       немесе алған күнгі мөлшері
       100 мың АҚШ долл. және одан
       жоғары баламамен басқа
       шетел валютасындағы салымдар
3      Шартты салымдар (кепіл-
       салымдарды қоса алғанда),
       оның ішінде:
3.1    Кепілдік берілетін шартты
       салымдар, оның ішінде:
3.1.1  теңгемен, оның ішінде:
       қоса алғанда 400 мың
       теңгеге дейін
       қоса алғанда 400 мың
       теңгеден 600 мың теңгеге
       дейін
       қоса алғанда 600 мың
       теңгеден 800 мың теңгеге
       дейін
       800 мың теңгеден жоғары
3.1.2  АҚШ долларында және
       ЕУРОдағы, оның ішінде:
       қоса алғанда 400 мың
       теңге баламасына дейін
       қоса алғанда 400 мың
       теңгеден 600 мың теңге
       баламасына дейін
       қоса алғанда 600 мың
       теңгеден 800 мың теңге
       баламасына дейін
       800 мың теңгеден жоғары,
       баламасында
3.1.3  Басқа шетел валютасында,
       оның ішінде:
       қоса алғанда 400 мың
       теңге баламасына дейін
       қоса алғанда 400 мың
       теңгеден 600 мың теңге
       баламасына дейін
       қоса алғанда 600 мың
       теңгеден 800 мың теңге
       баламасына дейін
       800 мың теңгеден жоғары,
       баламасында
3.2    Кепілдік берілмейтін
       шартты салымдар,
       оның ішінде:
3.2.1. дауыс беру құқығы бар
       банк акцияларының бес
       және одан да көп
       процентіне ие басшы
       қызметкерлердің, олардың
       туысқандарының және
       акционерлердің салымдары
3.2.2. Ақша енгізген, толықтырған
       немесе алған күнгі мөлшері
       50 мың АҚШ долларынан
       100 мың АҚШ долларына
       дейінгі баламасындағы
       теңгемен салымдар
3.2.3. Ақша енгізген, толықтырған
       немесе алған күнгі мөлшері
       50 мың АҚШ долл. 100 мың
       АҚШ долл. АҚШ доллары/
       ЕУРО-дағы салымдар
3.2.4. Ақша енгізген, толықтырған
       немесе алған күнгі мөлшері
       50 мың АҚШ долларынан
       100 мың АҚШ долларына
       дейінгі баламасындағы
       басқа шетел валютасындағы
       салымдар
3.2.5. Ақша енгізген, толықтырған
       немесе алған күнгі мөлшері
       100 мың АҚШ доллары және
       одан астам баламасындағы
       теңгемен салымдар
3.2.6. Ақша енгізген, толықтырған
       немесе алған күнгі мөлшері
       100 мың АҚШ дол. және одан
       астам АҚШ долл./ЕУРОдағы
       салымдар
3.2.7. Ақша енгізген, толықтырған
       немесе алған күнгі мөлшері
       100 мың АҚШ доллары және
       одан астам басқа шетел
       валютасындағы салымдар
4      Ағымдағы шоттағы ақша
       қалдығы (карт-шоттардағы
       ақша қалдығын есептемегенде),
       оның ішінде:
4.1    Ағымдағы шоттағы кепілдік
       берілетін ақша қалдығы,
       оның ішінде:
4.1.1. теңгемен
4.1.2. шетел валютасымен
4.2    дауыс беру құқығы бар банк
       акцияларының бес және одан
       да көп процентіне ие басшы
       қызметкерлердің, олардың
       туысқандарының және
       акционерлердің салымдары
____________________________________________________________________
Қордың депозиттер бойынша өтеу |
сомасы (мың теңге)             |
_______________________________|____________________________________
Клиенттер саны                 |
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
       *  салымдарды (депозиттерді) шетел валютасына қайта есептеу кезінде теңгенің шетел валютасына рыноктық бағамы пайдаланылады

Жеке тұлғалардың тартылатын салымдары (депозиттері)
бойынша орташа мөлшердегі сыйақы ставкасы

__________________________________________________________________
                                    | теңгемен |шетел валютасымен
__________________________________________________________________
1) Мерзімді салымдар:
       қоса алғанда 6 айға дейінгі;
       қоса алғанда 12 айға дейінгі;
       қоса алғанда 36 айға дейінгі;
       36 айдан астам.
2) Шартты салымдар
3) Талап ету салымдары
4) ағымдағы шоттар
5) Карт шоттар
__________________________________________________________________

      Банктің басшысы _____________________________
                         (қолы және мөрдің орны)

      Банктің Бас бухгалтері ___________________________
                               (қолы және мөрдің орны)

      Орындаушы              Аты-жөні, телефоны

Жеке тұлғалардың салымдарына  
(депозиттеріне) міндетті    
ұжымдық кепілдік беру     
(сақтандыру) жүйесінің жұмыс  
істеу және оған Қазақстан   
Республикасының екінші    
деңгейдегі банктерінің    
қатысу ережесіне       
3-қосымша           

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi
ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне екiншi
деңгейдегi банктердiң қатысуы туралы
N ___ КУӘЛIК

      Берiлген күнi "__"______________ 20 __ ж.

      Осы куәлiк _________________________________________________
                           (банктiң толық атауы)
банкке берiлдi және жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне оның қатысатындығын куәландырады.
      Теңгедегi және шетел валютасындағы жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) қайтару бойынша банк мiндеттемелерiне Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беру тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiлдiк берiледi.

      Берiлдi

      "Қазақстанның жеке тұлғалардың
      салымдарына кепiлдiк беру
      (сақтандыру) қоры" ЖАҚ
      Бас директоры

      ______________________________
         (қолы және мөрдiң орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады