Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 378 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2584. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159 қаулысымен. V042955

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Бағалы қағаздар рыногында  
қызметті жүзеге асыру үшін  
лицензия алуға үміткер    
немесе лицензиялары бар   
заңды тұлғалардың басшы   
қызметкерлері лауазымдарына 
кандидатураларды келісу   
ережесін бекіту туралы"   
2003 жылғы 27 қазандағы   
N 378 қаулысымен бекітілген 

  Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге
асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе
лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері
лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесі

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес жасалынды және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті (бұдан әрі - өтініш беруші (лицензиат)) қоспағанда, Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу тәртібін белгілейді.

      1. Өтініш беруші (лицензиат) басшы қызметкердің кандидатурасын келісу үшін бағалы қағаздар рыногын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды:
      1) еркін нысанда жасалынған және өтініш берушінің (лицензиаттың) басшысы (оның орынбасары) қол қойған басшы қызметкердің кандидатурасын келісу туралы өтінішті;
      2) өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органының басшы қызметкерді сайлау (тағайындау) туралы шешімінің көшірмесін;
      3) басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесін;
      4) кандидатқа жұмыс беруші соңғы ұйымның мөрімен және бірінші басшысының не оның орынбасарының қолымен куәландырылған басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың тігілген және беті нөмірленген еңбек кітапшасының көшірмелерін және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      5) басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың жоғары білімі туралы дипломының нотариат куәландырған көшірмесін (жоғары білімін растайтын өзге де құжаттар);
      6) Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының басшы қызметкер лауазымына кандидаттың соттылығының болмауы немесе одан соттылықты алып тастағандығы туралы анықтамасын береді.

      2. Уәкілетті орган осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде қарауы тиіс.

      3. Осы Ереженің 1-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакетін бермеген және (немесе) кандидаттың  Заңның  54-бабының 2-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Ереженің 2-тармағында белгіленген мерзімде басшы қызметкердің лауазымына кандидатураларды келісуге өтініш беруге (лицензиатқа) жазбаша бас тарту хатын жібереді.

      4. Уәкілетті орган өтініш берушілердің (лицензиаттардың) кандидатуралары келісілген басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

      5. Осы қаулымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады