Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 "Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 ақпанда N 2162 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 08-1/126 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 661 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2604. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 488 Бірлескен бұйрықтарымен.

      Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.12.14 N 08-1-1-1/457 және ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.22 N 488 (қолданысқа 2010.03.01 бастап енеді) бірлескен бұйрықтарымен.

      Визаларды беру тәртібін ретке келтіру мақсатында және жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсаттарының берілу квотасын, шарттарын және тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Ереженің 3-тармағы қағидаларының негізінде БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 ақпанда N 2162 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықтағы:

      15-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істеуге арналған рұқсаттарды алу талап етілмейтін жағдайда Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарына".

      2. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енсін.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      генерал-лейтенант

      2003 жылғы 26 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады