Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2625. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 264 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.07.15 № 264 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жекеше нотариустарды есепті тіркеу туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 наурыздағы N 178 бұйрығының (Әділет министрлігінде N 653 тіркелген, 1998 жылғы 30 қарашада N 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Әділет департаменттерінің бастықтары осы ереженің іске асуын қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.20 № 129 Бұйрығымен.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-министрі С.Н.Баймағамбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

"Жекеше нотариустарды   
есептік тіркеу туралы   
ережені бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
N 264 бұйрығымен     
бекітілген        

Жекеше нотариустарды есептік
тіркеу туралы ереже

      Ескерту. Ережеде бүкіл мәтін бойынша «аумақтық әділет органында», «аумақтық әділет органы», «аумақтық әділет органының», «аумақтық әділет органына» деген сөздер «әділет департаментінде», «әділет департаменті», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне» деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.20 № 129 Бұйрығымен.

      1. Осы Ереже "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының негізінде әзірленді және жекеше нотариустарды есептік тіркеудің шарты мен тәртібін айқындайды.

      2. Жеке нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) келу сипатында болады және Конкурстық комиссияда оң қорытынды алған және нотариаттық палата мүшелігіне енген адамды тиісті нотариаттық округтің жекеше нотариустары туралы деректер банкін қалыптастыру мақсатында әділет департаментінде есепке қою болып табылады. V050003547

      3. Конкурстық комиссияда оң қорытынды алған және нотариаттық палата мүшелігіне енген адам (бұдан әрі - өтініш беруші) әділет департаментінде есептік тіркеуден өту үшін белгіленген нысанда өтініш береді (1-қосымша).
      Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) кадрларды есепке алу жөніндегі фотосуреті бар жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілген);
      2) жеке куәліктің немесе Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) нотариаттық палатаға мүше болып енуі туралы нотариаттық палата басқармасының шешімінен үзінді;
      5) егер өтініш беруші бұрын басқа нотариаттық округте нотариаттық қызмет жасаған жағдайда, тиісті нотариаттық округте есептік тіркеуден шығару туралы әділет департаменті бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.
      Есептік тіркеуге қою туралы өтінішті әділет департаменті ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде қарайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.20 № 129 Бұйрығымен.

      4. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша әділет департаменті өтініш берушіні есептік тіркеуге алу туралы шешім қабылдайды және нотариаттық палатамен бірлесіп бос орын жарияланғаннан оған қызмет аумағын айқындайды.
      Есепті тіркеуге алу және қызмет аумағын белгілеу туралы шешім әділет департаментінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен нотариаттық палатаның келісімі бойынша ресімделеді.

      5. Өтініш берушіні есептік тіркеуге алу және оған қызмет аумағын белгілеу туралы мәлімет Жекеше нотариустардың есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - кітап) енгізіледі (2-қосымша).

      6. Кітап әділет департаментінде жүргізіледі.
      Кітаптағы парақтар қатталып тігілуге, нөмірленуге және әділет департаментінің мөрімен бекітілуге тиіс.
      Онда енгізілген мәліметтердің толықтығына, шынайылығына, уақтылы мен өзектілігіне, сондай-ақ оның сақталуына әділет департаменті бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының бұйрығымен белгіленген әділет департаментінің қызметкері жауапты болады.

      7. Есептік тіркеуге қоюдан осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін бермеген жағдайда бас тартылуы мүмкін.
      Есептік тіркеуге қоюдан бас тартуға сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.

      8. Есептік тіркеуге алынған адам (бұдан әрі - жекеше нотариус) бір ай мерзімде әділет департаментіне:
      1) әділет департаменті мен нотариаттық палата белгілеген қызмет аумағында үй-жайдың барлығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (жалға беру, сатып алу-сату шарты және т.б.);
      2) салық органында жекеше нотариусты салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесі;
      3) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) жекеше нотариустың жеке мөрін дайындау туралы өтінішті ұсынады.

      9. Әділет департаменті осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде:
      1) жекеше нотариустың үй-жайын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағының және 21-бабы 4-тармағының талаптарына оның сәйкестігін тексеруді;
      2) нотариустың жеке мөрін дайындауға тапсырысты жүзеге асырады және оны нотариусқа заңнамада белгіленген тәртіппен беруді жүргізеді.

      10. Жекеше нотариус жеке мөрді алған соң әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жекеше нотариустың жеке анкетасын он күнтізбелік күннің ішінде (3-қосымша) жібереді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.20 № 129 Бұйрығымен.

      11. Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты немесе оның үй-жайының орналасқан жері өзгерген жағдайда әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұл өзгерістер туралы мәліметті жекеше нотариустан тиісті мәліметтер келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде ұсынады.
      Бұл ретте жекеше нотариус өзінің тегін, атын, әкесінің атын не үй-жайының орналасқан жерін өзгерткені туралы өзінің ақпаратына әділет департаментіне өзгеріс орын алғанын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.20 № 129 Бұйрығымен.

      12. Жекеше нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініш бергенде нотариаттық палата үш жұмыс күнінің ішінде әділет департаментіне хабарлайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.20 № 129 Бұйрығымен.

      13. Жекеше нотариустың оның нотариаттық палатадан шығатыны туралы хабарлама келіп түскен соң әділет департаменті нотариаттық палатамен бірлесіп бір ай мерзімде мынадай іс-шараларды:
      1) жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеруді және жекеше нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюын;
      2) жекеше нотариаттық мұрағатқа нотариаттық құжаттарды қабылдап-тапсыруды;
      3) жекеше нотариустың жеке мөрін алып қою мен жоюды;
      4) Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жекеше нотариустың лицензиясын алып қоюды және Әділет министрлігіне жіберуді жүзеге асырады.
      Осы тармақта көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда, әділет департаментінің бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам және нотариаттық палатаның төрағасы мерзімдерді кемінде бір айға ұзарта алады.

      14. Осы ереженің 13-тармағында көзделген өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде, сондай-ақ нотариусты нотариаттық палатаның мүшелігінен шығарған соң әділет департаменті жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды.
      Осындай шешімді қабылдауға негіздеме көрсетілген іс-шаралардың өткізілгенін, сондай-ақ нотариаттық палата мүшелігінен шығарылғанын растайтын құжаттар болып табылады.

      15. Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы шешім әділет департаменті бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының бұйрығымен ресімделеді.

      16. Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы мәлімет Жекеше нотариустарды есептік тіркеу кітабына енгізіледі.

      17. Әділет департаменті нотариаттық палатамен бірлесіп есептік тіркеуден шығарылған нотариустың қызмет аумағында нотариаттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нотариустың өз қызметін тоқтатқаны туралы хабардар ету бойынша шаралар қабылдайды.

      18. Әділет департаменті он күнтізбелік күннің ішінде Әділет министрлігіне жекеше нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығарылғаны және оның есептік тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлайды.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.20 № 129 Бұйрығымен.

Жекеше нотариустарды   
есептік тіркеу туралы  
Ережеге 1 қосымша    

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.20 № 129 Бұйрығымен. 

___________________________  облысы 
әділет департаментінің бастығы      
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________

Өтініш

      ______________________________________________________________
                  (бос орын құралған нотариаттық округтің
____________________________________________________________________
             әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі)
жекеше нотариусы ретінде есептік тіркеу жүргізуіңізді сұраймын.
      Осы өтінішке:
      ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________ қоса ұсынамын.

_____________                           ____________________________
  (қолы)                                          (Т.А.Ә.)

"__" ______________ 200_ ж.

Жекеше нотариустарды 
есептік тіркеу туралы
Ережеге 2-қосымша  

Жекеше нотариустарды есептік тіркеу кітабы
_____________________________________ (қаласы) облысы

____________________________________________________________________
N | Жекеше  |  Жеке    |Мемлекеттік|Нотариаттық|Есептік | Жекеше
р/с|нотариус.|куәліктің |лицензияның| палатаға  |тіркеуге|нотариус.
   |тың тегі,|(төлқұжат)|нөмірі және|енген күні |алынған |  тың
   |  аты,   |  нөмірі  | берілген  |           |  күні  | қызмет
   |әкесінің |  және    |   күні    |           |        | аумағы
   |  аты    |бергілен  |           |           |        |
   |         |  күні    |           |           |        |
____________________________________________________________________
1 |    2    |    3     |     4     |     5     |    6   |    7
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
____________________________________________________________________
  Жекеше   |  Жекеше  |Нотариаттық| Есептік  |  Жазба   | Ескерту
нотариус  | нотариус |   палата  |тіркеуден | енгізген |
үй-жайының |  үйінің  |мүшелігінен|шығарылған|лауазымды |
орналасқан |мекен-жайы| шығарылған|   күні   | адамның  |
   жері    |          |   күні    |          |т.а.ә.аты.|
____________________________________________________________________
      8    |    9     |    10     |     11   |     12   |   13
____________________________________________________________________

Жекеше нотариустарды 
есептік тіркеу туралы
Ережеге 3 қосымша  

Жекеше нотариустың жеке анкетасы
Жалпы мәліметтер

1. Тегі ___________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
2. Туған күні ___________________________________ (күні, айы, жылы)
3. Туған жері _____________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Білімі _________________________________________________________
___________________________________________________________________
       (жоғарғы оқу орнының атауы және оны аяқтаған күні)
5. Диплом бойынша мамандығы _______________________________________
_______ ж. " ___" _______________________ N _____ диплом
6. Жалпы жұмыс стажы ______________________________________________
7. Заң мамандығы бойынша жұмыс стажы ______________________________
оның ішінде нотариус ______________________________________________
8. Нотариаттық палата мүшелігіне енген күні _______________________
басқа палаталарға мүшелігі ________________________________________
9. Есептік тіркеу күні ____________________________________________
10. Сақтандыру компаниясының атауы және жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы шарт жасасқан күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
11. Жеке куәлік (төлқұжат):
N _____________ кім берген ____________  берілген күні ____________
12. Үйінің мекен-жайы _____________________________________________
___________________________________________________________________
үй тел.  ________________________________
13. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мекен-жайы _____________________
___________________________________________________________________
жұмыс тел. ________________________________
Мемлекеттік лицензия нөмірі| жекеше нотариустың  |жекеше нотариус
және оның берілген күні    | жеке мөрінің үлгісі |қолының үлгісі

Об утверждении Положения об учетной регистрации частных нотариусов

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 13 декабря 2003 года № 264. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 декабря 2003 года № 2625. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 264

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 15.07.2011 № 264 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 32 Закона Республики Казахстан "О нотариате", приказываю:

      1. Утвердить прилагаемое Положение об учетной регистрации частных нотариусов.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 13 марта 1998 г. N 178 (зарегистрированный в Министерстве юстиции за N 653, опубликованный 30 ноября 1998 года в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан N 8).

      3. Начальникам департаментов юстиции обеспечить реализацию настоящего Положения.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 20.04.2010 № 129.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-Министра юстиции Баймаганбетова С.Н.

      5. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации.      

      Министр

       

Утверждена             
приказом Министра юстиции     
Республики Казахстан       
от 13 декабря 2003 года N 264  
"Об утверждении Положения об   
учетной регистрации частных   
нотариусов"            


Положение
об учетной регистрации частных нотариусов

      Сноска. По всему тексту слова "территориальном органе", "территориальный орган", "территориального органа", "территориальным органом", заменить словами "департаменте", "департамент", "департамента", "департаментом" в соответствии с приказом Министра юстиции РК от 20.04.2010 № 129.

      1. Настоящее Положение разработано на основании статьи 32 Закона Республики Казахстан "О нотариате" и определяет условия и порядок учетной регистрации частных нотариусов. 
      2. Учетная регистрация частных нотариусов (далее - учетная регистрация) носит явочный характер и заключается в постановке лица, прошедшего конкурсный отбор в установленном законодательством порядке и вступившего в члены нотариальной палаты, на учет в департаменте юстиции, с целью формирования банка данных о частных нотариусах соответствующего нотариального округа.
      3. Для прохождения учетной регистрации в департамент юстиции лицо, прошедшее конкурсный отбор и вступившее в члены нотариальной палаты (далее - заявитель), представляет заявление по установленной форме (приложение 1).
      К заявлению прилагаются следующие документы:
      1) личный листок по учету кадров с фотографией (с указанием адреса фактического места жительства и контактных телефонов);
      2) нотариально засвидетельствованная копия удостоверения личности либо паспорта гражданина Республики Казахстан;
      3) нотариально засвидетельствованная копия лицензии на право занятия нотариальной деятельностью;
      4) выписка из решения правления нотариальной палаты о вступлении в члены нотариальной палаты;
      5) копия приказа департамента юстиции о снятии с учетной регистрации в соответствующем нотариальном округе, в случае если заявитель ранее осуществлял нотариальную деятельность в другом нотариальном округе.
      Заявление о постановке на учетную регистрацию рассматривается  департаментом юстиции в течение пяти рабочих дней его поступления.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 20.04.2010 № 129.
      4. По результатам рассмотрения заявления департамент юстиции принимает решение о постановке заявителя на учетную регистрацию и совместно с нотариальной палатой определяет ему территорию деятельности, по которой была объявлена вакансия.
      5. Сведения о постановке заявителя на учетную регистрацию и определении ему территории деятельности заносятся в Книгу учетной регистрации частных нотариусов (далее - Книга)(приложение 2). 
      6. Книга ведется в департаменте юстиции.
      Листы в Книге должны быть прошнурованы, пронумерованы и скреплены печатью департамента юстиции.
      За полноту, достоверность и своевременность вносимых в нее сведений, а также за ее хранение ответственность несет работник департамента юстиции, определенный приказом первого руководителя  департамента юстиции или лица, исполняющего его обязанности.
      7. В постановке на учетную регистрацию может быть отказано в случае представления неполного пакета документов, предусмотренного в пункте 3 настоящего Положения.
      Отказ в постановке на учетную регистрацию может быть обжалован в судебном порядке.
      8. Лицо, прошедшее учетную регистрацию (далее - частный нотариус), в месячный срок представляет в департамент юстиции: 
      1) нотариально засвидетельствованную копию документа, подтверждающего наличие помещения на территории деятельности, определенной департаментом юстиции и нотариальной палатой (договор аренды, купли-продажи и т.п.);
      2) нотариально засвидетельствованную копию свидетельства о регистрации частного нотариуса в налоговом органе в качестве налогоплательщика;
      3) нотариально засвидетельствованную копию договора страхования гражданско-правовой ответственности частного нотариуса;
      4) заявление об изготовлении личной печати частного нотариуса.
      9. Департамент юстиции в течение месяца со дня поступления документов, указанных в пункте 8 настоящего Положения, осуществляет:
      1) проверку помещения частного нотариуса на его соответствие требованиям пункта 4 статьи 15 и пункта 4 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О нотариате";
      2) заказ на изготовление личной печати нотариуса и производит ее выдачу нотариусу в установленном законодательством порядке.
      10. После получения личной печати частным нотариусом департамент юстиции в течение десяти календарных дней направляет в Министерство юстиции Республики Казахстан личную анкету (приложение 3) частного нотариуса.
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 20.04.2010 № 129.
      11. В случае изменения фамилии, имени, отчества частного нотариуса либо места нахождения его помещения департамент юстиции представляет в Министерство юстиции Республики Казахстан сведения об этих изменениях в течение десяти календарных дней со дня поступления от частного нотариуса соответствующих сведений.
      При этом частный нотариус к своей информации об изменении своей фамилии, имени, отчества либо места нахождения его помещения представляет в департамент юстиции копии документов, подтверждающих имеющие место изменения.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 20.04.2010 № 129.
      12. При подаче заявления частного нотариуса о его выходе из членов нотариальной палаты нотариальная палата в течение трех рабочих дней извещает департамент юстиции.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 20.04.2010 № 129.
      13. После поступления извещения о подаче заявления частным нотариусом о его выходе из нотариальной палаты департамент юстиции совместно с нотариальной палатой осуществляет в месячный срок следующие мероприятия:
      1) проверку законности совершенных нотариальных действий и устранение частным нотариусом выявленных нарушений;
      2) прием-передачу нотариальных документов в частный нотариальный архив;
      3) изъятие и уничтожение личной печати частного нотариуса;
      4) изъятие и направление в Министерство юстиции Республики Казахстан лицензии частного нотариуса, в случаях, когда действие лицензии прекращается.
      В тех случаях, когда необходимо дополнительное время для проведения мероприятий, указанных в настоящем пункте, сроки могут быть продлены начальником департамента юстиции или лицом, исполняющим его обязанности, и председателем нотариальной палаты, но не более чем на один месяц.
      14. По результатам проведенных мероприятий, предусмотренных в пункте 13 настоящего Положения, а также после исключения нотариуса из членов нотариальной палаты департамент юстиции принимает решение о снятии частного нотариуса с учетной регистрации. 
      Основанием для принятия такого решения являются документы, подтверждающие проведение указанных мероприятий и исключение частного нотариуса из членов нотариальной палаты.
      15. Решение о снятии частного нотариуса с учетной регистрации оформляется приказом первого руководителя департамента юстиции или лица, исполняющего его обязанности.
      16. Сведения о снятии частного нотариуса с учетной регистрации вносятся в Книгу учетной регистрации частных нотариусов. 
      17. Департамент юстиции совместно с нотариальной палатой принимает меры по обеспечению нотариального обслуживания на территории деятельности нотариуса, снятого с учетной регистрации и оповещению населения через средства массовой информации о прекращении нотариусом своей деятельности.
      18. Департамент юстиции в течение десяти календарных дней извещает Министерство юстиции Республики Казахстан об исключении частного нотариуса из членов нотариальной палаты и снятии его с учетной регистрации.
      Сноска. Пункт 18 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 20.04.2010 № 129.

                                               Приложение 1
                                         к Положению об учетной 
                                      регистрации частных нотариусов 


                                   Начальнику департамента юстиции 
                                   ______________________области
                                   _____________________________
                                   от __________________________
                                   _____________________________

      Сноска. Приложение 1 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 20.04.2010 № 129.

                             Заявление

      Прошу произвести учетную регистрацию в качестве частного нотариуса_____________________________________________________
        (указывается административно-территориальная единица 
______________________________________________________________
      нотариального округа, в которой образовалась вакансия)

      К настоящему заявлению прилагаю:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________

____________                         ________________________
 (Подпись)                                    (ф.и.о.) 

"____"_______________ 200__ г.

                                               Приложение 2
                                         к Положению об учетной 
                                      регистрации частных нотариусов 


              Книга учетной регистрации частных нотариусов
             ______________________________(города) области

_________________________________________________________________________
N  |Фамилия, имя,|Номер и дата  |Номер и дата |Дата вступ- |Дата поста-  |
п/п|отчество     |выдачи удосто-|выдачи госу- |ления в чле-|новки на уче-| 
   |частного     |верения лично-|дарственной  |ны нотариа- |тную регист- |
   |нотариуса    |сти (паспорта)|лицензии     |льной палаты|рацию        |
___|_____________|______________|_____________|____________|_____________|
 1 |      2      |       3      |      4      |      5     |      6      |
___|_____________|______________|_____________|____________|_____________|
___|_____________|______________|_____________|____________|_____________|
 
Продолжение таблицы
_________________________________________________________________
Территория  |Место располо- |Домашний |Дата исключе-|Дата снятия |
деятельности|жения помещения|адрес    |ния из членов|с учетной   |
частного    |частного       |частного |нотариальной |регистрации |
нотариуса   |нотариуса      |нотариуса|палаты       |            |
____________|_______________|_________|_____________|____________|
     7      |       8       |    9    |      10     |     11     |
____________|_______________|_________|_____________|____________|
____________|_______________|_________|_____________|____________| 
Продолжение таблицы
_______________________________
Ф.И.О. должностного| Примечания|
лица, вносившего   |           |
запись             |           |
___________________|___________|
        12         |     13    | 
___________________|___________|
___________________|___________|

                                              Приложение 3
                                         к Положению об учетной 
                                      регистрации частных нотариусов 


             Личная анкета частного нотариуса
 
                       Общие сведения

1. Фамилия ______________________________________________________
      Имя _______________________________________________________
      Отчество __________________________________________________

2. Дата рождения ______________________________(число, месяц, год)
 
3. Место рождения _______________________________________________
_________________________________________________________________
 
4. Образование __________________________________________________
_________________________________________________________________ 
      (название и дата окончания высшего учебного заведения)

5. Специальность по диплому _____________________________________
Диплом N ______________ от "________" _________________ ____ г.
 
6. Общий стаж работы ____________________________________________ 
 
7. Стаж работы по юридической специальности _____________________
 
в том числе нотариусом __________________________________________
 
8. Дата вступления в члены нотариальной палаты __________________
членство в других палатах _______________________________________
 
9. Дата учетной регистрации______________________________________
 
10. Наименование страховой компании и дата заключения договора о 
гражданско-правовой ответственности частного нотариуса
_________________________________________________________________
________________________________________________________________.
 
11. Удостоверение личности (паспорта):
N __________________кем выдан___________ дата выдачи ____________
 
12. Домашний адрес ______________________________________________
_________________________________________________________________
 
дом. тел. _______________________________

13. Адрес совершения нотариальных действий ______________________
_________________________________________________________________
 
раб. тел. ____________________________ 
 

__________________________________________________________________
Номер государственной    |Образец личной печати|Образец подписи   |
лицензии и дата ее выдачи|частного нотариуса   |частного нотариуса|
_________________________|_____________________|__________________|