Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 2295 болып тіркелген "Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2693. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 23,  47, 48 ,  320-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар бойынша  Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сәйкес жіктемеге қатысты алдын ала шешім қабылдауды реттеу; кедендік құнды айқындау методологиясын қолдану; шығарылған елді айқындау методологиясын қолдану мақсатында Бұйырамын:

      1. "Алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда N 2295 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 "Ресми газетте" жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен нысанында (бұдан әрі - Тәртіп):

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:
      "5-1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері мен кедендерінің алдын ала шешім қабылдауы декларант мәлімдеген кедендік құнның мөлшері бойынша шектеледі:
      кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауардың 9 400 ең аз есептік көрсеткішке баламалы кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдайды;
      кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері тауардың 8 500 ең аз есептік көрсеткішке баламалы кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдайды;
      кедендер тауардың 1 700 ең аз есептік көрсеткішке баламалы кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдайды.
      Тауардың кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін кеден органы мынадай құжаттарды сұрауға құқылы:
      коммерциялық, банктік құжаттардың көшірмелері;
      шарттың (келісім-шарттың) көшірмесі мен оның қосымша келісімдері;
      егер шарттың (келісім-шарттың) шарттары бойынша кедендік құнды айқындау үшін тауарды жеткізу шартына қарай тауардың бағасына қосымша шығыстар енгізу жатқызылса, қосымша көліктік, сақтандыру құжаттарын, лицензиялық немесе авторлық шарттарды, қойма түбіртектерін, мәмілеге қатысы бар үшінші тұлғалармен жасалған келісім-шарттарды, сатушының пайдасына үшінші тұлғаларға жасалған төлемдердің шоттарын, бағаланатын тауарлармен жасалған мәмілеге қатысы бар комиссиялық, брокерлік қызметтер үшін шоттарды, не тауарды сатумен және межелі жеріне жеткізумен байланысты шығыстарды көрсететін басқа да құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет;
      егер мәміле жөніндегі төлемнің шарттар бойынша өтініш беру күнінде тауар үшін төлем толық немесе ішінара жүзеге асырылған жағдайда, тауардың құнын растайтын төлем құжаттарының көшірмесі ұсынылады.
      Кеден органдары алдын ала шешім қабылдауды:
      декларант ұсынған ақпараттағы құнның рыноктық бағалар жөніндегі анықтамалықтарда не Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ақпараттық анықтамалықтарда көрсетілген бірдей немесе біртектес тауарлардың құнына сәйкестігін;
      тауар шығарушы кеден органына ресми құжаттармен растайтын тауардың осы тауарды тікелей өндірушіден, не оның ресми дистрибьюторлық (дилерлік) желісі арқылы атап алынғандығы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Тауар бағасын төмендетулер болған жағдайда, мұндай төмендетулерді кеден органы декларант осы тауарды тікелей өндірушілердің, не оның ресми дистрибьюторларының (дилерлерінің) ресми құжаттарын кеден органына ұсынған жағдайда алдын ала шешім қабылдау кезінде ескереді"."

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Тауардың жіктемесіне, кедендік құн методологиясына, шығарылған елдің методологиясына қатысты алдын ала шешім нақты тауарға қатысты беріледі.
      Алдын ала шешім белгіленген нысандағы бланкіде (2, 4-қосымшалар) 2 данада ресімделеді және оған аталған шешімді тікелей орындаушы (орындаушылар) қол қояды, кеден органының бірінші басшысы немесе аталған бағытта жетекшілік ететін орынбасары қол қоятын 2 данадағы ілеспе хатпен бірге жүреді. Алдын ала шешімнің бірінші данасы ілеспе хатпен бірге  кейіннен жүк кедендік декларациямен бір мезгілде ұсыну үшін өтініш жасаушыға жолданады немесе беріледі, екінші данасы (ілеспе хатпен бірге) оны берген кеден органында сақталады. Кеден органы қабылдаған алдын ала шешімнің көшірмесі кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
      Егер мұндай шешім декларант берген толық емес немесе сенімсіз ақпараттың негізінде қабылданса, алдын ала шешімнің күшін жою жүргізіледі. Күшін жою жаңа алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Кеден органдарының алдын ала шешімі ол қабылданған сәттен бастап үш жыл бойы күшінде болады. Алдын ала шешімге өзгеріс енгізу оның қолданылу мерзімін ұзартпайды.
      Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тауарлардың кедендік құны бойынша қабылданған алдын ала шешімдердің негізінде тауардың кедендік құнына қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлеуі мүмкін";

      Тәртіптің 2-ші қосымшасы:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың жіктемесі бойынша алдын ала шешім";
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды және атауы";
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Тауар туралы мәліметтер, тауардың сипаттамасы";
      8-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ұсынылған тауарға ілеспе құжаттар, есептер және т.б.";
      9-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Қызметтік белгілер үшін (кеден органының шешіміне, СЭҚ ТН тиісті түсіндірмесіне сілтеме және т.б.)";
      "КБ (кеден) бастығы __________________ бағаны мынадай
                          Қолы       Т.А.Ә." 
      редакцияда жазылсын:
      "Орындаушы (орындаушылар)       __________________
      Т.А.Ә., лауазымы, бөлім (қызмет), басқарма   қолы";

      Тәртіп осы Бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау
      агенттігінің төрағасы

"Қазақстан Республикасының    
Әділет Министрлігінде N 2295   
болып тіркелген "Алдын ала    
шешімді қабылдау тәртібі     
мен нысанын бекіту туралы"    
Қазақстан Республикасының     
Кедендік бақылау агенттігі    
төрағасының 2003 жылғы      
15 мамырдағы N 210 бұйрығына  
өзгерістер мен толықтырулар  
енгізу туралы" Қазақстан    
Республикасының Кедендік     
бақылау агенттігі төрағасының 
бұйрығына қосымша       

Қазақстан Республикасының     
Кедендік бақылау агенттігі    
төрағасының          
2003 жылғы 15 мамырдағы     
N 210 бұйрығымен бекітілген  
Алдын ала шешімдер қабылдаудың 
тәртібі мен нысанына 4-қосымша 

_____________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
_____________________________________________________
(басшы лауазымды адамның немесе жеке адамның Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(заңды мекен-жайы, тұрғылықты жері)

Тауардың кеден құнын айқындау бойынша алдын ала шешім

      Сіздің "___" _____________ ж. N ___ өтінішіңізді және ұсынған
құжаттарыңызды қарай отырып, _____________________________________
                                  (кеден органының атауы)
______________________________________________________ жасасқан
         (шетелдік әріптес фирманың атауы)

      "___" _____________ ж. N ___ шарт (келісім-шарт) бойынша әкелінген/әкетілген мынадай тауарлардың кедендік құнын қабылдайды.
__________________________________________________________________
Р/б|Тауардың|Тауардың| Өлшеу |Бірліктердің|Бірліктің|Жалпы құны
N  | атауы  |СЭҚ ТН  |бірлігі|   саны     |  құны   |
   |        | бойынша|       |            |         |
   |        | коды   |       |            |         |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
   Жиынтығы
__________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 47 және 48-баптарына сәйкес осы алдын ала шешім тіркелген күннен бастап үш жыл бойы қолданыста болады және кеден органдары орындау үшін міндетті.

      Бастық _____________________________________ (Т.А.Ә.)
                         (қолы)

      орынд. ____________
      орынд. ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады