Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N а-2/49 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 ақпанда N 1570 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/11 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Заңының 27 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағының негізінде халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу үшін Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері бекітілсін.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру  бойынша қызмет көрсету туралы шарттың бір үлгідегі формасы бекітілсін.

      3. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды қаржыландыру жергілікті (аудандық, қалалық) бюджеттерден жүргізілсін.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы N А-2/68 қаулысымен

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін. <*>
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы N А-2/68 қаулысымен

      6. Қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік  тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
 

      7. Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланады.

      Облыс әкімі

БЕКІТІЛГЕН      
Ақмола облысы әкімдігінің
"Ақмола облысында әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру Ережелерін"
бекіту туралы" 11.02.2003 ж.
N а-2/49 қаулысымен <*>

Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
Ережелері

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша ""Жұмыспен қамту орталығы" Мемлекеттік мекемесі (ММ) (жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган)"»сөздері "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы N А-2/68 қаулысымен

      1. Осы Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері (бұдан былай - Ережелері) халықтың мақсатты тобының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін  әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын заңды тұлғалармен меншік түрінен тәуелсіз немесе жеке кәсіпкерлермен жасалатын негізгі шарттар мен есептесу жүйесін реттейді.
      2. Осы Ережелердің жұмыс істеуінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 23 қаңтарындағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы болып табылады.
      3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
      1) әлеуметтік жұмыс орны - халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің жазбаша келісімі арқылы ұсынылатын жұмыс орны.Бұл орынға қабылданған азаматтың еңбекақысын төлеу үшін жіберілген жұмыс берушінің шығынының белгілі бір бөлігі жергілікті бюджет  есебінен өтеледі;
      2) уәкілденген орган жергілікті атқару органдарының аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін және жұмыссыздықтан әлеуметтік жағынан қорғайтын құрылымдық бөлімшесі;
      3) мақсатты топтар - ҚР "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болатын және әлеуметтік қорғауды талап ететін азаматтар тобы.
      Ескерту. 3-тармақтің 2-тармақшасына өзгертулер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы N А-2/68 қаулысымен
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарына Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңдары таралады.
      5. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілденген органдар мақсатты топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына  орналастыруға жәрдемдеседі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және жұмысқа орналастыру тәртібі

      6. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаржылары есебінен, сондай-ақ олардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығындарының белгілі бір бөлігін жергілікті(қалалық,аудандық)бюджет өтей отырып, анықтайды немесе құрады.
      7. Уәкілетті орган жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және еңбекақы шығынының жартылай өтемақысын төлеу туралы келісім шарт жасайды.
      8. Жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша аудан (қала) әкімдіктері халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орны ұсынылатын немесе ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімін анықтайды.
      9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру келісім бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарымен жүргізіледі.
      10. Мақсатты топқа кіретін аз қамсыздандырылған жұмыссыздар  әлеуметтік жұмыс орнына орналасудың басым құқына ие.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
көздері мен шарттары

      11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақысын төлеу ай сайын жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жүргізіледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына, күрделілігіне байланысты болады.
      12. Жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу, әлеуметтік жұмыс орнына нақты орындалған жұмыс ауқымына төленеді.
      13. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтарға жергілікті (аудандық, қалалық) бюджет есебінен төленетін еңбек-ақыға заңда қарастырылған тәртіп бойынша салық салынады.
      14. Жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу үшін шыққан шығысы  жергілікті (аудандық, қалалық) бюджеттен алты айдан кем емес мерзімге еңбекақының ең аз мөлшерінің 50 пайызы мөлшерінде, бюджетте жұмыспен қамту бағдарламасына қарастырылған қаржы шегінде қайтарылады. Бюджеттік қаржы жұмыс берушінің жеке идентификациялық кодына аударылады.
      15. Жұмыс берушілер жергілікті (аудандық, қалалық) бюджеттен түскен ақшалай қаржыны әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығыстарын өтеу үшін  пайдаланады.
      16. Әлеуметтік жұмыс орындары 6 ай мерзімі өткеннен кейін (жұмыс берушінің бастамасы бойынша) сақталуы мүмкін. Бұл орындағы  жұмысшының еңбекақысын төлеу жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі  және бюджеттен өтелмейді.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру ережелерінің
орындалуына бақылау жасау

      17. Ережелердің сақталуына бақылауды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілденген орган жүргізеді.

БЕКІТІЛГЕН          
Ақмола облысы әкімдігінің
"Ақмола облысында әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру Ережелерін"
бекіту туралы" 11.02.2003 ж.
N а-2/49 қаулысымен   

Әлеуметтік жұмыс орнына жұмыссыздарды
орналастыру бойынша бір үлгідегі

N№_______ шарт

  ____________                                ____»_______2003 ж.
  (жасалған орны)

"Жұмыспен қамту орталығы"»мемлекеттік мекемесі атынан директор-
________________________________________________________________
              (аты-жөні)

бұдан әрі Тапсырушы деп аталып, Ереженің негізінде бірінші жағынан  әрекет етеді және екінші жағынан бұдан әрі Орындаушы деп
аталып,_____________
       (жарғы, ереже)
негізінде іс-әрекет жасайтын____________________________________
                                (орындаушының толық атауы)
атынан _________________________________________________________
                    (бастығының аты-жөні)

Ақмола облысы әкімдігінің ______2003ж. N№___ қаулысымен бекітілген Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін басшылыққа ала отырып осы  шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1.1. Тапсырушы халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға байланысты іс-шараларды  жоспарлайды және жүзеге асырады.
      1.2. Орындаушы халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынады немесе оларды ашады.

2. Жақтардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Тапсырушы:
      Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және  қаржыландыру Ережелерінің 14 тармағына сәйкес жұмыс берушіге  жергілікті(аудандық қалалық) бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылғандардың еңбекақысының шығынының бөлігін ҚР«"200_жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінің 50 пайызы есебінен (______ теңге) өтейді, бұл жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады. Тапсырушының шығындарды қаржыландыруы 258-30-00 бюджеттік бағдарламасы және 258-30-33 "Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бағдарламашасы бойынша жүргізіледі;
      әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылғандар туралы қажет мәліметтерді сұратуға құқықты;
      жұмыссыздарды қолайлы әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді.   Мақсатты топқа кіретін аз қамсыздандырылған жұмыссыздар жұмысқа орналасудың басым құқына ие;
      осы келісім шарттағы аудандық (қалалық) бюджетті жұмсау  бойынша міндеттерді қажетті түрде орындау мақсатында Орындаушыдан  әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген азаматтардың жұмысқа орналасқаны жөнінде деректерге қатысты мәлімет сұратуға, немесе Орындаушының қызметіне килікпестен оның шарттағы жағдайлардың орындауын тексеруге құқылы.
      2.2. Орындаушы:
      Келесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынады немесе ашады:
-------------------------------------------------------------------
Мамандығы бойынша Жұмысты Адамдар Жергілікті бюджет шығынының сомасы
әлеуметтік жұмыс  орындау саны     (теңге)
орны              мерзімі
-------------------------------------------------------------------
                           Бір жұмыссыз Барлығы,айына Барлық мерзім
                           үшін айына                 ішінде (теңге)
-------------------------------------------------------------------
    1               2      3    4            5             6
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
Барлығы: -------------------------------------------------------------------

      әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандармен ҚР "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес жеке еңбек шарттарын жасайды;
      қолданылып жүрген еңбек заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығын белгілейді;
      жұмысқа қабылданғандардың әрқайсымен техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізеді;
      ҚР "Еңбекті қорғау туралы" Заңына сәйкес жұмысшыларды еңбек етудің тиісті жағдайларымен қамтамасыз етеді;
      әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға ай сайын нақты атқарған жұмысы үшін еңбекақы төлейді. Еңбекақыны төлеу кәсіпорында осы мамандық бойынша қолданылып жүрген кесімді  еңбекақыға және заңға сәйкес жүргізіледі;
      жергілікті (аудандық қалалық) бюджеттен түскен қаржыны мақсатты қолданады;
      жұмыссызды жұмысқа орналастырғаны туралы аумақтық жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілденген органға үш күннің ішінде хабарлайды,Тапсырушының сұрауы бойынша толық ауқымда ақпарат ұсынады;
     2001 жылдың 12 маусымындағы N 209 Салық кодексіне сәйкес еңбекақыға байланысты барлық салықтарды төлейді;
      әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін азаматтарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты және денсаулығына келтірілген зақымның орнын толтыру бойынша әлеуметтік жәрдемақы төленеді;
      жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың үзіндісін ұсынып  отырады;
      әр айдың 30-на дейін жұмыс уақытын есептеу табелін, еңбекақыны төлеудің есеп-ведомостін,атқарылған жұмыстың актісін ұсынып отырады;
      келісім шарттың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынып отырады;
      осы шарттың 3.1. тармағында көрсетілген соманы толық пайдаланбаған уақытта,қорытынды төлеммен қоса қазыналық органда тіркеу үшін нақты пайдаланған сомаға қосымша келісім жасайды;
      келісім шарттың мерзімі өткеннен кейін Тапсырушыға  әлеуметтік жұмыс орнына қабылданғандардың еңбекақысын төлеу үшін нақты қолданылған қаржының,аударылған зейнетақылық салымның сомасы туралы мәлімет береді.
      Тапсырушыға (жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілденген органға) заңды тұлғаның банкілік шоты деректемелерінің өзгергені  туралы, сонымен қатар банк шоттарының жабылғаны немесе тиым салынғаны (тиымның алынғаны) жөнінде жедел хабарлайды.

3. Шарттың сомасы. Есептеу тәртібі және тәсілдері

      3.1. Шарттың жалпы сомасы- ________________________ теңгені құрайды.
      3.2. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған бір азаматтың еңбекақысын төлеу үшін аудандық (қалалық) бюджеттен төленетін қаржы бір айда __________________ теңгені құрайды.
      3.3. Осы шарт бойынша төлеуді Тапсырушы жүзеге асырады. Аудару аудандық (қалалық) қаржылық органның Тапсырушы қаржысын бөлуіне сәйкес Орындаушының жеке идентификацияланған кодына жіберіледі.
      3.4. Ақша аудару ай сайын орындалған жұмыс актісінің негізінде жүзеге асырылады.Орындалған жұмыс актісіне Жақтар қол қояды және бекітеді. Төлеуге нақты орындалған жұмыс ауқымы жатқызылады.

4. Жақтардың жауапкершілігі

      4.1. Жақтар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шарттың міндеттерінің орындалуы үшін жауапты.
      4.2. Міндеттемелерді орындамағаны үшін немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін Орындаушы орындалмаған не тиісті деңгейде орындалмаған міндеттеме сомасының 2% (екі) мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл тиісті бюджетке енгізіледі.

5. Даулардың қаралу тәртібі

      5.1. Осы шартты орындау барысында туындаған даулар мен  келіспеушіліктер екі жақтың келіссөз жүргізуі арқылы шешіледі.
      5.2. Егер даулар келіссөз арқылы шешілмеген болса, заңда қарастырылған тәртіпте шешіледі.

6. Шарттың қолдану мерзімі

      6.1. Осы шарт қазыналық органдарда тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және жақтар үшін міндетті болып табылады.
      6.2. Шарттың күші   ___________________200____ж.  дейін  сақталады.
      6.3. Осы шарт екі дана әзірленген және олардың әрқайсысы бірдей заң күшіне ие.

7. Ерекше жағдайлар

      7.1. Осы шарт, оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, жақтардың уәкілденген өкілдері қол қойған кезде ғана күшіне енеді.
      7.2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау орны ҚР АК 281 бабының талаптарына сәйкес анықталады: Орындаушы үшін оның орналасқан жері, Тапсырушы үшін осы шартты орындауда жеке идентификацияланған кодына ақша аудару арқылы Орындаушының орналасқан жері.
      7.3. Орындалу нәтижелерін Жақтар ай сайын орындалған жұмыс актісінің негізінде қабылдайды.
      7.4. Міндеттемелерді бөліп орындауға болмайтындығына қатысты мәселелер, міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі және талаптардың бір қалыпты орындалу талаптары қолданылып жүрген азаматтық заңдарға сәйкес реттеледі.

8. Жақтардың заңды мекен-жайлары

      Тапсырушы:                                Орындаушы:

"Жұмыспен қамту орталығы" ММ              ______________________
                                              (толық атауы)
мекен-жайы___________________            _______________________
_____________________________            _______________________
Е/Ш__________________________            Е/Ш____________________
СТН__________________________            СТН____________________
МФО__________________________            МФО____________________
_____________________________            _______________________
  (директордың аты-жөні )             (мекеме бастығының аты-жөні)
 
      Қазыналық органда тіркеуден өткен күні __________________2003 ж.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады