Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ерейментау аудандық мәслихатының 2003 жылғы 5 мамырдағы N С-28/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 22 мамырда N 1806 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 4С-12/6-08 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2008.12.19 № 4С-12/6-08 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Ерейментау аудандық Мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Азаматтарды»жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем жасау Ережесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Бұл шешiм Ақмола облысының Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Аудандық Мәслихат сессиясының төрайымы
      Аудандық Мәслихаттың хатшысы

      Келiсiлдi:

      Ерейментау ауданының әкiмi
      Аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi
      Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң меңгерушiсi

Аудандық Мәслихаттың 2003 жылдың
5 мамырындағы "Азаматтарды
жекелеген санаттарына әлеуметтiк
төлем жасау Ережесiн бекiту туралы"
N С-28/2 шешiмiне
қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтiк төлем жасау Ережелерi

1. Жалпы ережелер

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бергізуге арналған бұл Ереже (әрмен қарай - Ереже) 258 51 00 332  "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер»бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем ұйымдастыру тәртібін реттейді.
      2. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" (6 бабы) және "Бюджет жүйесі туралы" (12 бабы) Заңдары Ереже қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
      3. Ықпал жасаушы Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңымен реттелетін қарым - қатынасқа қолданылмайды.

2. Әлеуметтiк төлемге құқық бергiзу тәртiбi

      4. Күнкөріс шегінен төмен деңгейде табыс табатын аз қамтылған отбасылар және белгілі жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар, сондай ақ азаматтардың жекелеген санаттары мерекелік күндерге орай біржолғы әлеуметтік жәрдем алуға құқылы болады.
      Отбасы мүшелерінің бірінің қазасы, онкологиялық, туберкулез сырқаттарының ұзаққа созылған емі, операция жасау қажеттігі, Қазақстан Республикасының аумағында емханаға жатуға сапар шегу, комиссияның шешімімен анықталған басқадай көріністер өмірдің қиын жағдайы болып есептеледі.
      5. Есептен тыс жағдайда - өрт, денсаулықтың сыр беріп,  әлсіреуі, апат және өзге сипаттағы тосын оқиға кезінде -  орташажандық кірісі күнкөріс шегінен асатын отбасыларға төлем алуға құқық беріледі.
      Бұдан басқа материалдық көмек өтініш бойынша, комиссияның шешімімен келесідей жандарға бөлінуі мүмкін:
      1) қамқорлығында кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар зейнеткерлер мен мүгедектерге, жалғызілікті аналарға оқу жылы басталар алдында;
      2) аз қамтылған отбасыларға бірінші сұраныстағы құжатын (жеке куәлік, алименті туралы анықтама және басқалары) ресімдеуге.

3. Төлем бергiзу жұмысын ұйымдастыру

      6. Төлем бергізу жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық Мәслихаттың депутаттары, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің өкілдері, қаланың қоғамдық ұйымдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері енгізілген комиссия құрылады.
      Комиссияның сандық және дербес құрамы аудандық Мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Комиссияның мәжілісі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде кемінде айына бір рет өткізіліп тұрады.
      7. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішін қарауға;
      2) көмек өтінген отбасының (азаматтың) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен қамсыздандырылу деңгейін тексеруге;
      3) әлеуметтік көмек тағайындау немесе оны бергізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға арналған.

4. Көмек қаржының мөлшерi мен оны бергiзу тәртiбi

      8. Әлеуметтік төлем жылына бір рет отбасының бір мүшесіне (азаматқа) ақшалай беріледі.
      9. Әлеуметтік төлем алуға үміттенген адам аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш жазады, өтінішке келесідей құжаттар қоса ұсынылады:
      1) жеке куәлік немесе төлқұжат;
      2) отбасының құрамы туралы анықтама;
      3) өткен тоқсан ішіндегі кірісі туралы анықтама;
      4) әлеуметтік төлемге мұқтаждығын растайтын құжат.
      10. Төлем өтініш иесінің беттік шотына қаржы аудару тәртібімен жүргізіледі.
      11. Мерекелік күндерге арналған біржолғы материалдық көмек осы тармақта көрсетілген, өтініш бергізбей-ақ, беттік шотына аудару әдісімен беріледі. Көмек алушылар:
      1) "Алтын алқа", "Күміс алға" белгісімен, "Батыр ана", 1-2 дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналар - 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай;
      2) кәмелеттік жасқа толмаған балаларын өздері тәрбиелеп жатқан мүгедек әйелдер Мүгедектер күніне орай;
      3) ұзақ жасаған, 90 жастағы және бұдан үлкен жандарға -  Конституция күні мерекесіне орай;
      4) 9 Мамыр Жеңiс мейрамына орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, қайтыс болған, қаза тапқан жауынгер жесірлеріне, фашистік лагерьдің тұтқындарына, қоршаудағы Ленинградтың тұрғындарына, "1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне;
      5) балаларды қорғау күніне орай - 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      6) Конституция күніне орай - орта, арнаулы орта және жоғары оқу орнында білім алып жатқан тұлдыр жетім студенттерге, аз қамтылған отбасылардың дарынды балаларына;
      7) Мүгедектер күніне орай Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан мүгедектерге;
      8) Ауғанстандағы соғыс мүгедектеріне;
      9) Егде жастағылар күніне орай - мекемесі таратылған зейнеткерлерге;
      10) Мүгедектер күніне - ауданның мүгедектеріне;
      11) зейнеткерлерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне мерейлі 75, 80, 85, 90, 95 жасқа толғанда және бұдан да көп жасқа келгенде.
      12. Әрбір нақты жағдайда берілетін төлем мөлшерін комиссия белгілейді. Жәрдемақының жоғары мөлшері 5000 теңгеден аспайды.
      Осы Ереженің бесінші тармағымен сәйкестелген жағдайда төлемнің жоғары мөлшері көбейтілуі мүмкін, дегенмен 15000 теңгеден аспауға тиісті.

5. Төлемдi қаржыландыру тәртiбi

      13. Әлеуметтік төлемге жұмсалатын шығын ағымдағы жылға арналған аудандық бюджетте "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламасы аясында осы мақсатқа алдын-ала жоспарланған қаржы шеңберінде белгіленеді.

6. Бiржолғы материалдық көмектi төлеу тәртiбi

      14. Біржолғы көмек төлемі ақша қаражатын алушылардың пошта бөлімдеріндегі немесе екінші деңгейдегі банкілердегі беттік шотына аудару жолымен беріледі.
      15. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі Мемлекеттік зейнетақы төлем орталығының Ерейментаудағы филиалымен келісілген мәлімет негізінде ауданның ағымдағы жылға арналған бюджетінде осы мақсатқа алдын-ала жобаланған қаражат шеңберінде біржолғы материалдық төлем алатын азаматтардың тізімін құрастырып ұсынады, тізімнің дұрыстығына жауап береді.

7. Төлемнiң бергiзiлуiн бақылау

      16. Әлеуметтік төлемнің берілгенін бақылау, оның есебі Қазақстан Республикасының Республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау туралы" Заңымен сәйкестеліп жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады