"Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы" атағы туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2003 жылғы 12 ақпандағы N 182 шешімі. Ақтөбе облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 13 наурызда N 2040 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 319 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007.03.29 № 319 шешімімен

      "Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы" атағын беруді тәртіпке келтіру және осы атаққа ие болған тұлғалардың жеңілдіктермен пайдалануы мақсатында Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясы ШЕШIМ ЕТЕДI:
       1. "Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы" атағы туралы ережесі бекітілсін.
       2. Ақтөбе қалалық мәслихатының төмендегі шешімдері күші жойылды деп есептелсін: 08.02.1995 ж. N 46 "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы туралы" ережені бекіту туралы", 24.07.1998 ж. N 305 "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы туралы" ережені бекіту туралы", 27.04.1999 ж. N 357 "Ақтөбе қаласының құрметті азаматтары үшін жеңілдіктер туралы" ережені бекіту туралы", 30.03.2001 ж. N 86, 27 сессияның 27.04.1999 ж. "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы Ереже" N 357 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының
      кезектен тыс жиырма бірінші
      сессиясының төрағасы

      Ақтөбе қалалық
      мәслихатының хатшысы

Ақтөбе қалалық мәслихатының   
кезектен тыс жиырма бірінші   
сессиясының            
      2003 жылғы 12 ақпандағы     
      N 180 шешімімен бекітілген   

  "Ақтөбе қаласының құрметті азаматтары"
атағы туралы Ереже

      1. "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағы қала алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін қадірлеу белгісі ретінде тірі кезінде беріледі.

      2. "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағына және өзгелік белгісіне марапаттау үшін кандидатуралар қоғамдық бірлестіктермен, ынталы топтармен, еңбек ұжымдарымен ұсынуға болады.

      3. "Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім депутаттардың көпшілік дауысымен мәслихат сессиясында қала әкімі жанындағы марапаттау жөніндегі комиссиясының кепілдемесі және әкімнің ұсынысымен қабылданады, қосымшамен марапатталушының төмендегі құжаттары тапсырылады:
      1) қала әкімі жанындағы марапаттау комиссиясының шешімі
      2) марапатталушының қала дамуына қосқан үлесі жөнінде мінездемесі, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес басқа да сіңірген еңбектері.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006.03.31 N 224 шешімімен. 

      4. Атақ атқарушы заң биліктер жоғары институттарындағы дипломатикалық және мемлекеттік қызметінде көрсеткен, егемендік Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінің қалыптасуына үлкен үлес енгізген, Қазақстан Республикасы Президентінің наградалары мен "Халық Қаһарманы" айырықша белгімен белгіленген, өмірбаяндары Ақтөбе қаласымен байланысты және Ақтөбеде тұратын ерекше көрнекті мемлекеттік саяси қайраткер иеленеді.
      Ұлы Отан Соғысының батырлық пен ерлік көрсеткен, Кеңестер Одағы батырының наградалары мен Даңқ ордендерінің толық иегері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғаған азаматтарға, бейбітшілік уақытта мамандық парызы мен азаматтық міндетін атқаруда жеке ерлік көрсеткендерге беріледі.
      Қаланың экономикалық өсуі, әлеуметтік дамуына белсенді себеп болдырған инновациялық қызмет пен озат технология үшін, экономиканың қаржылық, өнеркәсіп және аграрлық секторының дамуына түпкілікті ықпал еткен кең масштабтық инвестицияларды таратқаны үшін беріледі.
      Ғылым және өнер саласында мемлекеттік сыйлығына ие болған, Республикалық және Халықаралық сайыстардың, фестивальдардың, көп ұлттық Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін насихаттайтын халық шығармашылық көріністерінің дипломанттарына;
      Адам өмірін сақтау және сауықтыру үшін тәжірибелік қолдануда әлемдік мойындалған медицина облысындағы жаңа технология зерттемелерде ерекшелік көрсеткендерге;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының жас буындарына патриоттық сезімін тәрбиелеу және қалыптастыру ісіне, сонымен қатар білім беру саласындағы жаңартуға ерекше кіріс енгізгені үшін;
      Отан спортын әлем ареналарында әйгілі қылып, олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында жеңімпаз бен жүлдегер болғандарға;

      5. "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған тұлғалар, "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" деген айырықша белгімен марапатталады.

      6. "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған тұлғалар келесі жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншіліктері бар:
      Ақтөбе қаласының аймағында тұратын жағдайда, коммуналдық қызмет үшін тілейтін пұлдың 50% төлеуге құқы бар;
      Қалалық автокөліктермен (троллейбус, автобус) ақысыз жүруге құқы бар;
      Қаланың барлық меншік түріндегі мекемелердің, ұйымдардың салтанатты жиналыстарында мерекелік шараларда құрметті қонақ ретінде қатысуына құқығы бар;
      Жылына бір рет Қазақстан Республикасындағы демалыс орындарына санаторлық-курорттық жолдамамен 50 айлық шегіндегі есеп көрсеткішімен қамтамасыз етіліп, демалуына құқығы бар.

      7. "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағы куәлікпен расталады.

      8. "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағы Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының шешімімен келесі жағдайларда айырылады:
      Құрметті атақтың иесі қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген соң;
      Марапаттау туралы ұсыныс берген органның ұсынысы бойынша атақ иегерімен күнә жасалып, үлкен қоғамдық резонанс көтерсе.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады