Талас ауданының әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құру туралы

Күшін жойған

Талас аудандық әкімиятының 2003 жылғы 3 ақпандағы N 11 Қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 17 наурызда N 869 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 26 қаңтардағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 26.02.2019 № 59 қаулысымен. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 683 "Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесті құру туралы" қаулысын, Жамбыл облысы Әкімінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі N 614 "Облыс Әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің құрамын және Кеңес туралы Ережені бекіту туралы" шешімін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талас ауданының әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құрылсын.

      2. Талас ауданының әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қоса беріліп отырған).

      3. Талас ауданының әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің дербес құрамы Талас аудандық мәслихатына бекітуге ұсынылсын:

      1) Қуаныш Асқар Алшынбекұлы - Аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы

      2) Сейдуанов Тынысбек Сейдуанұлы - Аудан әкімінің аппарат басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары

      3) Абдукеримов Бексұлтан Қалмақанұлы - Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы

      Комиссия мүшелері:

      4) Бадаев Бекежан Махамбеткерімұлы - Аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі

      5) Байзатов Шыңғыс Әбілсейітұлы - Қаратау қаласы әкімінің орынбасары

      6) Жанұзақов Болат Асқарұлы - Аудандық ҰҚКД-і бөлімшесінің бастығы (келісімі бойынша)

      7) Молдақұлов Дүйсен Ермашұлы - Аудандық "Талас тынысы" газетінің бас редакторы

      8) Оманов Болат Исақұлұлы - Ауданның әскери комиссары

      9) Орынбеков Мадиярбек Серікбекұлы - Аудандық жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы

      10) Сарузенов Ерлан Калидуллаұлы - Аудан прокуроры (келісімі бойынша)

      11) Серімов Мұхит Керімбайұлы - Аудандық денсаулық сақтау басқармасының бастығы

      12) Тауасар Мақұлбек Ниязұлы - Аудандық бас сәулетші

      13) Тұрманов Қалдыбай Тұрманұлы - АІІБ-нің бастығы

      14) Усманов Нұрлан Жұманұлы - Талас ауданының бас имамы (келісімі бойынша)

      15) Чоляриди Петр Петрович - Православие шіркеуінің иерейі (келісімі бойынша)

      16) Шәріпов Жапар Шәріпұлы - Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы (келісімі бойынша)

      17) Шымырұлы Әбдіразақ - Аудандық білім басқармасының бастығы

      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан Әкімінің орынбасары Асқар Алшынбекұлы Қуанышқа жүктелсін.

      Аудан Әкімі

  2003 жылғы 03 ақпандағы N№11
Талас ауданы әкімиятының
"Талас ауданы әкімиятының жанындағы
діни бірлестіктермен байланыстар
жөніндегі Кеңес құру туралы" қаулысымен
бекітілген

Талас ауданы әкімиятының жанындағы діни бірлестіктермен
байланыстар жөніндегі Кеңестің
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережесі

      1. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес (бұдан әрі "Кеңес") аудан әкімияты жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент және Үкімет, облыс Әкімінің актілерін, басқа да құқықтық нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сонымен бірге қызметтері Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін халықаралық және басқа да ұйымдармен бірлесе отырып жүргізеді.

      4. Кеңес шешімі ұсыныс мәнінде болады.

2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері
және қызметі

      5. Кеңестің мақсаты мемлекеттік саясат мәселесі саласында азаматтардың діни наным бостандығы құқығын қамтамасыз етуде ұсыныстар мен ұсынымдар жасау және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, конфессияаралық қатынас үйлесімін, қоғамдағы рухани келісімді нығайту.

      6. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) ауданымыздағы діни ахуалды жан-жақты және дұрыс зерттеу, жинақтау және талдау, даму жолдарын анықтау;

      2) азаматтардың діни наным бостандығы құқығын мемлекеттік саясат саласында басым бағыттарды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды жасау;

      3) діни мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жобаларын талдау және сараптау;

      4) ауданымыздағы діни ахуал барысы және діни наным бостандығы туралы заңдылықтардың сақталуы жөнінде облыстық мемлекеттік органдарды құлағдар ету;

      5) діни сараптаулар жүргізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес діни бірлестіктер арасында өзара түсіністік пен ымырашылдықты нығайту және оларға консультативтік көмек көрсету.

      7. Кеңес өзіне заңдылықтар негізіне жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі қызметтерді атқарады:

      1) мемлекеттік саясат саласында азаматтардың діни наным құқығын қамтамасыз етуде және діни бірлестіктермен қарым-қатынас барысында негізгі бағыттарды қалыптастыруға қатысады;

      2) аудан көлемінде құрылған діни бірлестіктермен шет елдік миссионерлердің қызметін талдауды жүзеге асырады және оларға қатысты мәліметтерін толықтырады;

      3) ақпараттық-насихаттық шараларды жүзеге асырады;

      4) азаматтардың діни наным құқығын қамтамасыз етуді реттеу мәселелерін, заңдылықтарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды;

      5) діни сараптау жүргізуді қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда оған тиісті мамандарды тартады;

      6) мемлекеттік саясат саласында азаматтардың діни наным құқығын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде консультативтік жұмыстар атқарады;

      7) ауданымыздағы тиісті басқа да Кеңестермен байланыстар орнатады;

      8) Қазақстан Республикасының заңдылықтары негізінде жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
және жұмыс тәртібі

      8. Кеңеске аудан Әкімі орынбасарларының бірі басшылық жасайды.

      9. Кеңес мәжілісі кемінде үш айда бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі төрағаның жеке ұсынысы бойынша немесе Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің ұсынысы бойынша шақырылады.

      10. Кеңес мәжілісі оның жұмысына Кеңес мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда ғана құқылы болып табылады. Кеңес шешімі мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс бірдей болған жағдайда төраға дауысы шешуші болып табылады.

      11. Мәселелерді жасау, мәжілістерді дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргізу барысында Кеңес Кеңестің бір мүшесі басшылық жасайтын жұмысшы топтарын, комиссияларды құра алады.

      12. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында заңдылықтарда көрсетілген тәртіп бойынша төмендегідей құқықтары бар:

      1) Кеңес өз құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, меншік түріне және тәуелділігіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардан, діни бірлестіктер мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұратуға;

      2) аудан әкімі аппаратының, жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық мәліметтерін пайдалануға;

      3) жұмысқа ғылыми ұйымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға;

      4) азаматтардың діни наным құқығын қамтамасыз ету саласында заңдылықтарды бұзушы діни бірлестіктер мен шетел миссионерлерінің қызметіне тыйым салу жөнінде тиісті органдарға ұсыныс енгізуге;

      5) Кеңестің құзырына енетін мәселелер жөнінде нормативтік актілердің жобасын жасауға қатысуға;

      6) Кеңестің құзырына енетін мәселелер жөнінде ресми түсініктер беруге;

      7) заңдылықтарға сәйкес басқа да өкілеттілікті атқаруға.

4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету

      13. Кеңестің хатшысы мен бас маманын аудан Әкімі қызметке тағайындайды және босатады.

      14. Төраға болмай қалған жағдайда оның міндетін Кеңес төрағасының орынбасары атқарады.

      15. Кеңес хатшысы Кеңестің ағымдағы қызметіне басшылық жасайды.

      16. Кеңес жетекші конфессия басшыларынан, дін танушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдары және қоғамдық бірлестіктер қызметкерлерінен құрылады. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.

      17. Кеңестің бас маманы:

      1) Кеңес қызметінде ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдау, әдістемелік және басқа да міндеттерді атқарады;

      2) жұмыс жоспары жөнінде Кеңестің қарауына ұсыныстар енгізеді, ол Кеңестің мәжілісінде қабылданады және оның төрағасымен бекітіледі;

      3) Кеңес мәжілісінің күн тәртібін жасайды;

      4) Кеңестің қызметі жөнінде есепті дайындайды;

      5) Кеңес мәжілісінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің өзара қарым-қатынасын дайындайды, іс қағаздарын жүргізеді;

      6) басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады