Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Павлодар қалалық әкімиятының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 121/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 наурызда N 1694 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 563/10 қаулысымен.

       Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 563/10 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II Заңын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149-II Заңын iске асыру мақсатында Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы бекiтiлсiн (одан әрi - Қағида).
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн екi жұма iшiнде ресми жариялауды жүргiзiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкiмiнiң орынбасары Қ.Т.Сатабаевқа жүктелсін.

      Павлодар
      қаласының әкiмi

Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 26 ақпандағы 
N 121/7 қаулысымен   
БЕКIТIЛГЕН       
"Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру мен қаржыландыру
туралы"          

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды белгiлейдi, әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн ұйымдармен (меншiк түрiнен есеп айырысу, негiзгi шарттары мен жүйесiн реттейдi.
      2. Осы қағидаларда пайдаланылған негiзгi түсiнiктер:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны жұмыссыз азаматтарға еңбекпен қамтудың уәкiлеттi органдарында тiркелген жұмыс беретiн адамдар, еңбекақысын жергiлiктi бюджет есебiнен жартылай өтеу арқылы жұмыс орны саналады.
      2) мақсаттық топтар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты еңбекпен қамту туралы" N 149-II Заңымен белгiленген адамдар тобы.
      3. Әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған азаматтарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру заңнама актiлерi таратылады.
      4. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жолдаманы Павлодар қаласының жұмыспен қамту басқармасы жүзеге асырады.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыссыздарды оған жұмысқа орналастыру тәртiбi

      5. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыссыздар үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты және жұмыс берушi қаражаты есебiнен ортақ қаржыландыру бойынша кәсiпорындар мен ұйымдар арқылы берiледi және құрылады.
      6. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жіберiлген жұмыссыз азаматтардың еңбек жағдайлары ұжым мен ұйымдар басшыларымен жасалған жеке еңбек шартында бекітiледi.
      7. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмыссыздарды жiберу олардың келiсiмiмен жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен жүргiзiледi.
      8. әлеуметтiк жұмыс орындарына көбiнесе нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыз азаматтар жiберiледi.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың шарты мен көзi

      9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзi: жұмыс берушiлердiң және жергiлiктi бюджеттiң қаражаты.
      10. Әлеуметтiк жұмыс орындары қаржыландыру еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша жергiлiктi бюджет қаржысынан жүзеге асырылады.
      11. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз азаматтардың еңбек ақылары, заңнама бойынша бекiтiлген пайызда әлеуметтiк салық салуы, демалыстың пайдаланбаған күндерi өтемi жергiлiктi бюджет қаражатынан төленедi. Жергiлiктi бюджет қаражатынан төленетiн еңбекақы бекiтiлген ақының 50 пайызын құрады, бiрақ Қазақстан Республикасында бекiтiлген ең аз еңбекақыдан аспайды. Бюджет қаражаты жұмыс берушiлердiң есеп айырысу шотына жiберiледi.
      12. Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысына өтемақы бөлiп төлеуге қызмет көрсету бойынша шартты жұмыс берушiлермен жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жасайды.

4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртiбiн бақылау

      13. Осы Қағиданың сақталуын бақылау белгiленген заңнамалық тәртiпте мемлекеттiк органмен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады