Аудандық жер комиссиясын құру туралы.

Күшін жойған

Мамлют ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қазандағы N 412 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 13 қарашада N 1055 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 166 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 166 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы«"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 Заңының 31-бабының 10-тармағына және 17-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-11 Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына, 44-бабының 2-тармағына және 45-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жер учаскесін жеке меншікке және (немесе) жер пайдалануды беру мүмкіндігі туралы қорытындыларды дайындау үшін аудандық жер комиссиясы құрылсын.
      2. Аудандық жер комиссиясы туралы ереже бекітілсін (қосымша).

      Аудан әкімі

Аудан әкімдігінің
"Аудандық жер комиссиясын құру
туралы" 2003 жылғы 22»қазандағы
N 412 қаулысымен бекітілді

Аудандық жер комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы аудандық жер комиссиясы (әрі қарай - комиссия) жер учаскесін жеке меншікке және (немесе) жер пайдалануды беру мүмкіндігі туралы қорытындылар дайындау мақсатында құрылған үнемі жұмыс істейтін орган болып табылады.
      2. Комиссия жергілікті атқарушы орган - әкімдік жанынан құрылады және өз қызметінде оның алдында жауапты.
      3. Аудандық комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Заңына және осы Ережеге сәйкес іске асырады.
      4. Осы ереже комиссияның міндеттерін, құзырын және қызметінің ережелерін белгілейді және заңдылық, адамгершілік, лауазымды тұлғалардың өз істері мен қабылдайтын шешімдері үшін жауапкершілігі принциптері негізделеді.
      5. Аудандық жер комиссиясының міндеттері, функциялары мен құқықтары:
      жер учаскесін беру мүмкіндігі немесе жер учаскесін беруден бас тарту қорытындысын дайындау.

2. Комиссиямен материалдарды қарастыру тәртібі

      6. Комиссия жеке және заңды тұлғалардың жер пайдалану құқығын беру мәселесі бойынша қолдаухаттарын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарастырады.
      Жер учаскесін беру туралы өтініште болу керек: жер учаскесін пайдаланудың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы). Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтінімге жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың көшірмесі қоса беріледі.
      Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезден бастап үш айға дейінгі мерзімде қаралады.
      7. Комиссия отырыстарын дайындау:
      Комиссияның қарауына түскен материалдарды уақытында және дұрыс қарастыру мақсатында материалдар комиссия төрағасымен, не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасарымен зерделенеді.
      8. Комиссия қарауына түскен өтініштерді алдын ала зерделеу процесі барысында айқындалады:
      осы материалдарды қарастыру оның құзырына кіретіндігін;
      комиссия отырысына шақырылатын немесе шақыртылуға тиісті тұлғалар шеңберін.
      9. Материалдарды алдын ала зерделеу қорытындылары бойынша комиссия:
      қарастыруға материалдарды тағайындайды және өтініш иесін немесе оның заңды өкілдерін, отырыста қатысуы міндетті басқа тұлғаларды отырысты өткізу орны мен күні туралы хабарландырады;
      материалдарды пысықтауға жібереді.

3. Аудандық жер комиссиясының қызметін ұйымдастыру

      10. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, жергілікті өкілді органның депутаттары санынан комиссияның 5-9 мүшесі, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар өкілдері, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеу басқармасының штаттық лауазымында орналасқан жауапты хатшы кіреді. Жергілікті атқарушы органның  байқауы бойынша комиссия құрамына басқа тұлғалар енгізілуі мүмкін. 
      11. Аудандық комиссия қызметін комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысты жоспарлайтын және комиссия қызметінің нәтижелеріне жауап тартатын төраға басқарады.
      12. Комиссия отырыстары қажеттігінше келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың қолдаухаттарына сәйкес өткізіледі және комиссия мүшелерінің жалпы санынан жартысынан кем емес мүшелері қатысса құқылы деп есептеледі.
      13. Комиссия шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп дауыс бойынша қабылданады, дауыс беру тең болғанда төрағаның дауысы шешуші болып есептеледі.
      14. Шешімдер хаттамамен ресімделеді және ұсыныс түрінде болады. Хаттамада көрсетіледі:
      комиссияның атауы және дербес құрамы;
      комиссия отырысының орны және күні;
      материалы қарастырылып жатқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      арызда баяндалған өтініш;
      комиссия қорытындысын қабылдауға негіз болған дәлелдер;
      комиссиямен қабылданған қорытынды.
      Хаттамаға төрағалық етушімен және жауапты хатшы қол қояды, комиссия отырысында оқылады және оны шағымдану үшін белгіленген мерзім өткен соң заңды күшіне енеді.
      Комиссия отырысы хаттамасынан көшірме өтініш берушіге ұсынылады.
      Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органның-әкімдіктің қаулысымен ресімделеді және дәлелденуі керек, ал көшірмесі өтініш берушіге қаулы қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде тапсырылады.
      15. Комиссия хаттамасын шағымдану.
      Қарастырылған материалдар бойынша комиссиямен қабылданған қорытынды шешім қатысты тұлғамен, оның заңды өкілімен, адвокатпен белгіленген мерзімде шағымдалуы мүмкін.
      Комиссия қорытындысын шағымдану мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленеді.
      3) алынып тасталды - Мамлют ауданы әкімдігінің 2004.06.07 N 106 Қаулысымен.
       16. Комиссияның ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін аудан әкімі аппараты іске асырады.

3. Комиссияның жұмысын тоқтату

      17. Комиссияның жұмысын тоқтатуға негіз болып табылады:
      комиссияға жүктелген міндеттерді орындау;
      комиссияға алдында жүктелген міндеттерді іске асыратын мемлекеттік органдарды немесе өзге консультативтік-кеңесші органын құру;
      комиссия міндетін орындай алмайтындай не оның орындалуын мақсатқа сай қылмайтын өзге жағдайлар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады